жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы ақпарат

Назад
18 Қыркүйек 2018

Әдеп жөніндегі уәкілдің 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы Қарағанды облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес отырысындығы есебі

Әдеп жөніндегі уәкілдің 2018 жылдың
1-ші жартыжылдығында атқарған қызметі
туралы Қарағанды облысы бойынша
Әдеп жөніндегі кеңес отырысындығы есебі

Құрметті Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері!

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында әдеп жөніндегі уәкілдер өз қызметтерін жүзеге асыруда.
Бұл орайда, қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында тұрақты негізде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
2018 жылдың бірінші жартыжылдығында қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша 41 шара өткізілді.
Қарағанды, Шахтинск, Саран қалаларының, Бұқар-жырау ауданының әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен кездесулер, семинарлар ұйымдастырылды. Ауылдық елді мекендерде 2 көшпелі семинарлар өткізілді.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен бірге Балқаш, Приозерск қалаларының мемлекеттік қызметшілері үшін көшпелі семинар өткізілді.
Облыстық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында 8 мақала жарияланды республикалық және облыстық телеканалдарда, әлеуметтік желілерде 13 бейнесюжет орналастырылды.
Облыс әкімдігінің ресми парақшасында әдеп жөніндегі уәкілдің контенті құрылып, онда әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, жеке қабылдаудың кестесі, қала және аудандардың әдеп жөніндегі уәкілдерінің байланыс телефондары жарияланды.
Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында әкімдіктің ресми парақшасында облыстың әдеп жөніндегі уәкілдерінің ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы және 1 жартыжылдығындағы атқарған қызметі жайлы ақпараттар орналастырылды.
«Facebook» әлеуметтік желісінде «Қарағанды облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі» парақшасы ашылып, онда өткізілген шаралар туралы ақпараттар, суреттер, бейнесюжеттер жарияланды.
Жұмыс бабында жедел әрекет ету мақсатында «wattsApp» мобильдік қосымшасы пайдаланылады, қосымшаның байланыс координаттары облыс әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің жеке кеңеске жүгіну фактілері көбейді.
Жыл басынан бастап 130 мемлекеттік қызметшіге және 12 жеке тұлғаға консультативтік көмек көрсетілді.
Есепті кезеңде 16 жеке қабылдау өткізілді, оның ішінде 6 көшпелі түрде өткізілген жеке қабылдау.
Ағымдағы жылдың 29 мамырында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.
Заңды және жеке тұлғалардың 61 өтініші қаралып, заң шеңберінде жауап берілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу туралы 30 өтініш келіп түсті.
Өтініштерді қарау нәтижесінде 4 өтініш иесінің құқықтары мен заңды мүдделері қайта қалпына келтірілді. 4 өтініш бойынша құжаттар құқықтық органдарға қарауға жіберілді.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалдың жай-күйін зерттеу мақсатында облыстық басқармаларда жасырын сауалнама жүргізілд.
Жалпы, облыс бойынша, жасырын сауалнамамен 2902 мемлекеттік қызметшілер қамтылды.
Жасырын сауалнаманың нәтижесі жергілікті атқарушы органдар ұжымдарында моральдік-психологиялық жағдай тұрақты екенін көрсетті.
Мемлекеттік қызметшілер, әріптестерінің арасында қарым-қатынас әдепті және сыпайы екендігін, тікелей басшылардың әділдігін, басшылардың ұжымда өзара іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыруға ұмтылуын, тікелей басшыларына сенім артатындарын атап көрсетті.
Жасырын сауалнама нәтижесіне талдау жасалып, облыстық басқармалар, қала және аудан әкімдіктерінің атына ұсыныстар жіберілді.
Сонымен қатар а.ж. екінші тоқсанында тәртіптік тәжірибені, қызметтік тексерулерді, мемлекеттік қызметшілерге түскен шағымдарды зерттеу арқылы құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептерге талдау жасалды.
Облыстық басқармалар мен қала және аудан әкімдіктерінің а.ж. 5 айындағы тәртіптік тәжірибесі зерттелді.
Құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептерге талдау нәтижесі негізінен мемлекеттік қызметшілер өз лауазымдық міндеттерін тиісті атқармағаны үшін тәртіптік жазаға тартылғандарын көрсетті. Оның ішінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытында қарамау, мемлекеттік сатып алудағы, мемлекеттік қызмет көрсетудегі, жер қатынастары саласындағы бұзушылықтар, мемлекеттік символика стандарттарының сақталуын қадағаламау және т.б. заң бұзушылықтар орын алған.
Талдау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызмет, мемлекеттік сатып алу саласында, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша, еңбек заңнамасы бойынша жүйелі негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ұсыныстар берілді.
Аймақтардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне ауылдық елді мекендерге шығып құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
Облыстың мемлекеттік органдары заң қызметтерінің үйлестіру кеңесінің отырысында жергілікті атқарушы органдардағы құқықтық жалпы оқу бойынша шараларды іске асыру сұрағын қарау туралы ұсыныс енгізілді.
Сонымен қатар, облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша мониторинг жүргізілді. Негізінен анықталған құқықбұзушылықтар жол ережесін бұзуға қатысты. Бұл орайда, мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметте әдеп деңгейін көтеру бойынша Кешенді жоспарды іске асыру мақсатында қала және аудандардың әдеп жөніндегі уәкілдерімен жыл басынан бастап 373 түрлі түсіндіру шаралары өткізілді.
Мыңнан аса мемлекеттік қызметшілерге жеке кеңестік көмек көрсетілді.
Азаматтарды жеке қабылдау бойынша 136 қабылдау, оның ішінде 39 көшпелі қабылдау өткізілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдердің ұсыныстары бойынша мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін 30 мемлекеттік қызметші құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен әдеп жөніндегі уәкілге заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауға, және мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат сұратуға қатысты құжаттарға қол қою құқығы берілді.
Қала және аудан әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері арасында 3000-нан аса қалталы кітапшалар (pocketbook) таратылды.
Аймақтардың әдеп жөніндегі уәкілдерін жұмыс бағыттары бойынша оқыту жүргізілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет істері бойынша Департаментпен бірігіп негізгі функцияларын жүзеге асыру бойынша әдеп жөніндегі уәкілдерді оқыту ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған семинар-тренинг өткізілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру мақсатында, облыс әкімінің аппарат басшысының қатысуымен, әдеп жөніндегі уәкілдердің а.ж. 5 айында атқарған қызметтерінің нәтижесі талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша қала және аудан әкімдерінің атына әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы ақпарат жіберілді.
Жұмыс жалғасуда.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы