жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы ақпарат

Назад
09 Сәуір 2018

Қарағанды облысының әдеп жөніндегі уәкілдерінің 2018 жылғы 1 тоқсандағы атқарған қызметі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормалар мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру шаралары» Жарлығына сәйкес Қарағанды облысы әкімінің аппаратында 2017 жылы әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы енгізілді.
Қарағанды облысының әдеп жөніндегі уәкілдері мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Этикалық кодекс саласында бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізуде.
Қарағанды облысы әкімі аппараты әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментімен келісілген 2018 жылға жұмыс жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ақпарат облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.
Қызметтік этика ережесін бұзушылықтың жолын кесу шараларына азаматтық қоғам өкілдерін кеңінен тарту мақсатында "Facebook" әлеуметтік желісінде "Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі" парақшасы ашылды, құқық бұзушылық фактілері туралы ақпарат жіберу үшін "WhatsApp" қосымша мобильді желі жұмыс жасайды.
Мемлекеттік қызметте этикалық деңгейді арттыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдер түсіндіру және алдын-алу іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Қарағанды облысында 179 әр түрлі іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 132 семинарлар, БАҚ-та 43 мақала жарияланып, 19 бейнесюжет орналастырылды, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің интернет-ресурстарында 11 жарияланымдар орналастырылды.
Тұрақты негізде жеке қабылдау жүргізіледі. Есепті кезеңде 89 жеке қабылдаулар, оның ішінде 30 көшпелі қабылдау жүргізілді.
Жеке консультативтік көмек алу үшін әдеп жөніндегі уәкілдерге жүгінушілер санының артуы байқалады. Есепті кезеңде консультативтік кеңес алу үшін 565 азамат, оның ішінде 513 мемлекеттік қызметшілер әдеп жөніндегі уәкілге жүгінді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженінің 10 тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығында ұжымдарда моральдық-психологиялық ахуалды талдау және мониторинг жасау үшін мемлекеттік қызметшілер арасында жасырын сауалнамасы жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жасырын сауалнамамен 552 мемлекеттік қызметшілер қамтылды.
Әдеп жөніндегі уәкілдердің негізгі функцияларының бірі болып мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру болып табылады.
Есепті кезеңде әдеп жөніндегі уәкілдермен қызметтік этика бұзу фактілері бойынша 21 өтініш қаралды, онын ішінде 2 өтініштегі фактілер дәлелін тапты. Аталған фактілер бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осылайша, 2 өтініш берушінің құқықтары қалпына келтірілді.
Қызметтік этиканы, шектеулер мен тыйымдарды сақталуын бақылау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде күн сайын мониторинг жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтарына мониторинг жүргізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің жеке парақшаларында шетелдік демалыстағы, корпоративте түскен 6 фотосурет орналастырылғаны анықталды. Мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қорытындысы бойынша, фотосуреттер алынып тасталды.
Әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы бекіткен мемлекеттік қызметте этикалық деңгейді арттыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
Кешенді жоспарды жүзеге асыру шеңберінде Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкіліне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап жауап беру бойынша, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұрауға қатысты бөлігінде қол қою құқығы берілді. Жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілер арасында 2386 қалта кітапшаларын (pocketbook) тарату жұмысы жүргізілді.

Қарағанды облысы әкімі
аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
С.Асылбекова



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы