жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 28°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қарағанды облысы денсаулық басқармасының ақпараттық жүйелері

Назад

Емделушінің жеке кабинеті

Адамда созылмалы аурулар болғанда емдеуші дәрігер денсаулықтың кейбір көрсеткіштерін байқау қажет екендігін сөзсіз белгілейді - артериялық қысым деңгейі, тамырдың жиі соғуы, қандағы қант дегейі, дене қызуы, салмағы, тұтынған калорий және нан бірліктер саны және тағы басқалар. Осы деректер емдеуші дәрігерге кейіннен қолжетімді түрде болу үшін оларды нақты түрде жүргізу керек. Осы барлық проблемаларды шешу үшін Қарағанды облысында «Медициналық күнделік» атты электронды сервис әзірленді. Осы сервис көмегімен қажетті құжаттың электрондық көшірмесін Жеке кабинетте сақтауға болады, мысалы, оны әдеттегі мобильді телефон немесе сканер арқылы сүретке түсіріп алу. Сонымен, өзіндік медициналық мұрағат жасалады. Барлық құжаттар іріктеліп, болжалды күнін немесе медициналық көмегіне жүгінген себебін еске алып, қажетті ақпаратты тез арада табуға болады. Денсаулықтың көрсеткіштерін байқау үшін «Медициналық күнделік» емделушіге өзінің бақылау күнделігін жүргізуге көмектеседі, онда осы мәліметті сақтап, дұрыс қолдануға болады, ал егер пациент дәрігердің қабылдауына барар болса – мониторинг нәтижесін қағаз жүзіне шығарып, немесе оларды өз мобильді телефон арнасынан тікелей көрсетуге болады.
«Медициналық күнделік» - «Даму» ақпараттық технологиялар орталығының компаниясымен әзірленген және емделушіге медициналық қызметімен байланысты бірқатар қызмет кешенін ұсынатын электронды сервис. Осы сервис тек өз медициналық мұрағаты мен бақылау күнделігі емес, ол медициналық орталықтарын және дәрігерлерді іздестіру сервисі, сонымен бірге Интернетке қосылған кезкелген құралдан дәрігердің қабылдауына онлайн жазылу мүмкіндігі.
«Медициналық күнделік» сервисі емделушілер үшін мүлде ақысыз және Интернет желін кезкелген пайдаланушыға https://lkp-krg.dmed.kz/ адресі бойынша қолжетімді.


Ахуалдық орталығы


Ахуалдық орталығы 2016 жылы 1 наурызында ашылды. Осы құру мақсаты тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру, медицина ұйымдардың қызметіне жедел мониторингі мен бақылауы, сонымен қатар Қарағанды облысында КМАЖ сапасының мониторингі мен енгізу деңгейі болып табылады.
Ахуалдық орталығыныың мақсатын атқару үшін мына міндеттер қойылды:
1. МҰ, ОДО және әрбір дәрігер кескінінде толық, анық және жедел ақпаратты алу;
2. Көрсеткіш жүйе негізінде әрбір құрылымдық бөлімшенің жұмыс тиімділігін бағалау;
3. МҰ, мамандандырылған қызметтердің жұмыс көрсеткіштерін жедел мониторингілеу және олардың қызметіне бақылау жүргізу;
4. МҰ жұмысының мықты және әлсіз жақтарын анықтау;
5. Штаттан тыс жағдайлардың дамуын болжау;
6. Штаттық және штаттан тыс жағдайларды жедел шешу;
7. Қабылданған шешімдердің атқарылуын бақылау.

Ахуалдық орталығының қызмет ету нәтижелері:
1. Проблеманы шешу үшін іске қосылған қызметтер мен жауапты тұлғалар арасындағы тиімді коммуникацияларды ұйымдастыру есебінен қалыптасқан жағдай бойынша шешім қабылдау және жедел әрекет жасауға уақытты азайту.
2. КМАЖ деректері негізінде ахуалды дамыту нұсқаларын пысықтау, оған әрекет етудің әртүрлі тәсілдерін үлгілеу («Егер де?» қағидасы бойынша) есебінен қабылданған шешімдердің тиімділігін көбейту.
Ахуалдық орталық жүйені жетілдіру және функционалын кеңейту үшін құрылған КМАЖ жөніндегі Жұмыс тобымен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Атап айтқанда, өткен мерзім ішінде Жұмыс тобы Ахуалдық орталығымен бірлесіп 23 кездесу өткізді, онда жүзеге асыру үшін әзірлеушілер жағынан 148 міндет ұсынылды, оның ішінен 102 атқарылып, қызметке енгізілді.

Ұқсастығына қарай онкология, туберкулез және инсульт сияқты бағыттар бойынша ахуалдық орталықтардың 2017 жылы ашылуы жоспарлауда.

Дата cоздания: 01 Шілде 2017 13:46
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 01 Шілде 2017 15:46
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы