жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Орындау туралы ақпарат

Назад

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету жөніндегі стратегиясын іске асыру бойынша Қарағанды облысында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының тармақтарын 2015 жылғы кезеңде орындау бойынша келесі жұмыс жүргізілді.

Облыста Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс істейді.

2016 жылы Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссия (әрі қарай – Комиссия) облыс әкімінің төрағалығымен 4 отырыс өткізді, отырыстар 31 наурызда, 30 маусымда, 22 қыкүйекте, 20 желтоқсанда өткізілді. Комиссияның отырыстары Қарағанды облысының әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның 2016 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. 2017 жылға Комиссияның жұмыс жоспары бекітілді.

Облыстық басқармалардың басшыларында аппараттық кеңестерде тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мәселелер: тауарлар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы ұдайы қарастырылып тұрады.

Қалалар мен аудандар әкімдіктері, сол сияқты облыстық басқармалар қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды, «Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі» мен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жазалар қолдану қағидасын» зерделеу бойынша тоқсан сайын семинар-сабақтар өткізеді.

Мониторинг жүргізу мақсатында Қарағанды облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне тәртіптік комиссиялардың жұмысы, жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік органдардың әкімшілік жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалары туралы мәліметтер тоқсан сайын ұсынылып тұрады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі ұлттық бюросының департаментіне (бұрын – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі жөніндегі Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің істерін қарастыру бойынша Тәртіптік комиссияның жұмысы туралы мәліметтер ай сайын ұсынылады.

Бұған қоса, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігі мен облыстың мемлекеттік органдарының ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсетулердің тиісті нормативтік-құқықтық актілері (стандарттар, регламенттер), мемлекеттік қызмет көрсетулердің паспорты, оларды көрсету мен оларға арызданудың тәртібі туралы ақпараттар, сол сияқты бекітілген ережелерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қарағанды облысы әкімдігі мен қалалар мен аудандар әкімдіктерінің есептері орналастырылған.

Облыстың мемлекеттік органдарының басшылары жыл сайын салық органдарына табыстарын, жылжитын және жылжымайтын мүліктерін жариялау туралы ақпарат ұсынады. Сол сияқты өңірлер мен облыстың және облыстық басқармалардың ресми интернет-ресурстарында бірінші басшылар мен олардың орынбасарларының табыстары мен мүліктері туралы мәліметтер орналастырылған.

Қалалар мен аудандар әкімдері, сол сияқты облыстық басқармалар басшылары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шекту қабылдады. Шектеу формасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі ұлттық бюросының департаментіне (бұрын – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі жөніндегі Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті) қызметкерлері ұсынды.

«Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету және оның шығыстарының орнын толтыру бойынша қызмет көрсетушіні жеткізушіні таңдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығының 70 тармағына сәйкес 2016 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша қызмет көрсетушілердің тізімін Қарағанды облысы аумағында таралатын мерзімді басылымдарда және Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының интернет-ресурсында орналастырылған МККК нәтижелерін шығару жарияланғаннан кейін он күнпарақтық күн ішінде Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы жариялайды.

2016 жылғы 14 қаңтарда жеткізушілердің тізімі басылымдарда және Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының www.zdravkrg.kz/ru интернет-ресурсында жарияланды.

Облыстық әкімдікте кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, сол сияқты жеке кәсіпкерлік өкілдерін шақырумен кеңестер өткізіледі, онда басқа мәселелермен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мәселелері де қарастырылады. Сонымен қатар, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылады.

Кәсіпкерлік басқармасы Кәсіпкерлер палатасымен және кәсіпкерлік саласында аккредиттелген ұйымдармен (Кәсіпкерлер мен сервистік қызмет көрсетулердің қазақстандық ассоциациясы, Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің ассоциациясы) бірлесе отырып, қаулылар мен шешімдердің түсуіне қарай кәсіпкерлік мүдделеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілер бойынша сараптамалық кеңес өткізеді, 2015 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңінде 245 НҚА жобалары қарастырылды.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарының мемлекеттік органдарында ақпараттық стенділер, бірінші басшылар мен олардың орынбасарларының қабылдау кестелері орналастырылған, «сенім телефондары» жұмыс істейді, олар жергілікті ақпарат құралдары мен қалалар мен аудандар әкімдіктерінің сайтында жарияланады. Сол сияқты, мемлекеттік мекемелерде жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары үшін пошта жәшіктері орнатылған. «Сенім телефондарымен» түскен арыз-шағымдар бойынша тиісті журналдар жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін қалалар мен аудандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету профилактикасының «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» жобасы іске асырылуда.

Жоба Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі ұлттық бюросының департаментіне (бұрын – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі жөніндегі Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті) ұсынымдарын ескерумен әзірленген.

Мемлекеттік қызметшілер мен орта және жоғары оқу орындарынң студенттері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбы бойынша сабақтар мен семинарлар жүргізу үшін ақпараттық-насихат тобы құрылған.

АНТ құрамына ЖОО профессорлары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі ұлттық бюросының департаментінің, «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» КМҚК өкілдері мен ішкі істер органдарының қызметкерлері кіреді.

Осы жобаның аясында 2015 жылы орта және жоғары оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбына 20-дан аса сабақ өткізілді.

Облыстың мемлекеттік органдарында барлық мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізіледі.

Мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында мемлекеттік сатып алулар электронды тәсілмен өткізіледі, бұл әлеуетті жеткізуші мен тапсырыс берушінің арасында байланыс орнатуға және мемлекеттік сатып алуды өткізу үдерісі барысында алдын ала келісіп алу түрінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасауға мүмкіндік бермейді.

Сол сияқты, мемлекеттік сатып алуды электронды тәсілмен өткізу әлеуетті жеткізушілерге мемлекеттік сатып алудың барлық үдерісін тиісті уақытында қадағалауға мүмкіндік береді.

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің бағалары ұсынылған прайс-парақшалар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді, жобалау-сметалық құжаттама әзірлеген жағдайда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің нақты бағасын бекітетін мемлекеттік сараптама жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық қатерлерін азайту мақсатында нысандардың құрылысы үшін жер телімдерін ұсыну саудаларды (аукциондарды) жүргізу жолымен өткізіледі.

Аукцион арқылы жер телімдерін сату жер телімдерін ұсынудың барынша ашық рәсімдеуі болып табылады. Бұл аукциондар барлығына, соның ішінде инвесторларға да оңтайлы баға белгілей отырып, жер телімдерін алуға және мемлекет бюджетін толтыруға мүмкіндік тудырады.

Шенеуніктің азаматпен тікелей байланысының болмауы және мемлекеттік сатып алудың ашық рәсімі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуді қамтамасыз етеді.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтардың кезегін инвентаризациялау тұрақты негізде жүргізіледі, кезектегілердің тізімдері ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда жарияланған.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарының мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық ұғымын, оған тап болған жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібін, сол сияқты осындай деректерге жәрдем жасағаны үшін жауапкершілік туралы түсіндіретін жаднамалар дайындалып, тұрғындардың әртүрлі бөліктері арасында таратылды.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарының мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағандар туралы ақпарат жарияланатын стенділер орнатылды.

Сонымен қатар, облыстың барлық қалалары мен аудандарының мемлекеттік органдарында «Құрмет тақтасы» ақпараттық стенділері орнатылды, оларда мемлекеттік қызметшілердің жұмысын тоқсан сайын ішкі бақылауға сәйкес үздік нәтиже көрсеткен мемлекеттік қызметшілер туралы ақпарат орналастырылады.

Оқу жылының басында жыл сайын қалалық және аудандық оқу бөлімдері ата-аналар мен оқушылардан мектеп қажеттілігіне ақша жинауға жол бермеу туралы бұйрық шығарады, білім беру ұйымдарында мектептердің әкімшіліктері тарапынан әртүрлі шығыстарға ақша жинау деректері туралы ата-аналар арасында сауалнама жүргізіледі.

Сауалнама қорытындылары бойынша білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық деректері жоқ, ата-аналар бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты жүйелі түрде алып тұрады (ақпараттық стенді мен мектептердің сайттарында респонденттердің басым көпшілігі ата-аналардың демеушілік көмек ретінде қаржыны өздері жинайтындарын атап көрсетеді), ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлық бойынша ағарту жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі.

Облыстық білім басқармасы жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізу кезінде қоғамдық бірлестіктердің, ақпарат құралдарының, әлеуметтік-экономикалық зерттеу орталығының өкілдерін, облыстық білім басқармасының жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерін тәуелсіз сарапшылар мен бақылаушылар ретінде тартады.

Жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары мектеп түлектеріне Бірыңғай ұлттық тестілеусіз жоғары оқу орындарына бюджеттік негізде түсу құқығын береді.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында барлық арнаулы оқу ұйымдарында 2015-2016 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді, стенд орнатылып, онда «Сенім телефоны» туралы ақпарат көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері ерекше білім беру қажеттіліктерін керек ететін балаларға арналған мектеп-интернаттардың тәрбие жұмысы жөніндегі жоспарларына енгізілді.

Сол сияқты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін жағдайларға жол бермеу туралы бұйрық шығарылды.

Ата-аналарға арналған ақпараттық стендіде Қарағанды облысының білім басқармасының «Сенім телефоны» көрсетілген.

Оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін балалардың қабылдауына бейімделген диспуттар, сынып сағаттары өткізіледі.

Қарағанды облысының білім беруді дамыту жөніндегі оқу-әдістемелік орталығы білім беру саласының педагогикалық қызметкерлері үшін семинарлар мен дөңгелек столдар өткізеді, олардың аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бағытындағы сабақтар жүйелі түрде жүргізіледі. Бұл сабақтарды Қарағанды облысының білім басқармасының қызметкерлері облыс педагогтарына көмек ретінде өткізіп тұрады.

Қалалар мен аудандардың білім беру бөлімдерінде мемлекеттік қызметшілерді, білім беру мекемелерінің директорларын шақырумен тоқсан сайын кеңейтілген кеңестер өткізіледі. Осындай кеңестердің негізінде мемлекеттік органдардың өкілдері біліктіліктерін арттырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастру осы кеңестердің басты тақырыбының бірі болып табылады.

Облыстың мемлекеттік мекемелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмысын ұғынықты тілмен түсіндіретін әдістемелік ұсынымдар мен көрнекі оқу құралдарын дайындау бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жұмыс аяқталған соң аталған әдістемелік ұсынымдар қоғамның әртүрлі бөліктерінің арасында таратылатын болады.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету жөніндегі стратегиясын іске асыру бойынша Қарағанды облысында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындауды ұйымдастыру мен жұмыс нәтижелері тұрақты бақылауға алынған.

Дата cоздания: 23 Қыркүйек 2014 16:46
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Желтоқсан 2016 17:40
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы