жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -1°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Құттықтаулар

Назад
09 Мамыр 2019

Жеңіс күні құтты болсын!

Құрметті жерлестер, ардақты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

9 мамыр біздің тарихымыздың ең жарқын, ұлы және салтанатты беттері болып саналады.
Ұлы Отан соғысының шайқастары мен дүркіреген қақтығыстары осыдан жетпіс төрт жыл бұрын аяқталды. Алайда соған қарамастан жыл өткен сайын халқымыздың сол сұрапыл соғыста көрсете білген ерлігі мен жанкештілігін мақтан тұтуымыз, жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында немесе шайқас алаңында көз жұмған ата-бабаларымызды қайғыра еске алуымыз біздің барлығымызды біріктіреді.
Сіздер қиын-қыстау жылдары бүкіл әлемге Отанға деген сүйіспеншілік ең қатыгез деген жау алдында да әлсіремейтінін дәлелдедіңіздер.
Бейбітшілік, бостандық пен тәуелсіздік үшін өз өмірін қиғандарға, ерекше батырлық пен қайсарлық танытқандарға алғысымыз шексіз. Соғыс жылдары ажал аузынан аман қалып, тылда талмастан еңбек еткендерге, жарқын Жеңіс күнін жақындатуға үлесін қосып, соғыстан кейінгі қиындықтарды жеңе білгендерге бас иеміз.
Арамыздағы сол сұрапыл соғыстың куәгерлері жыл сайын азайып барады. Сондықтан біз балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз және болашақ ұрпақтарымыз осы естелікті қастерлеп жадыларында сақтап қалулары үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасауымыз керек.
Бұл жарқын мереке күні барлық ардагерлерімізге денсаулық, ұзақ ғұмыр мен тыныш өмір тілейміз. Қайғы-қасірет пен қиындықтар сіздерден аулақ болсын, бұрыннан қалған жан жараларыңыз тезірек жазылып кетсін, сіздерді қоршаған жақындарыңыздың қамқорлығы мен жылуы қалған өмірлеріңізде сіздерді жылытып, қуантып өтсін!
Мерекелеріңізбен, құрметті қарағандылықтар! Сіздерге ашық аспан, әр отбасына өзара сыйластық пен бақыт, Сарыарқамызға тұрақтылық пен гүлденуін тілейміз!

Қарағанды облысының әкімі
Е. Қошанов

Облыстық мәслихат хатшысы
С. Өтешов 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы