жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Құттықтаулар

Назад
07 Мамыр 2019

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

ҚҰРМЕТТІ ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАР!
Сіздерді Мемлекеттік мереке - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

Бұл ержүректік, ерлік және патриотизм мерекесі. Мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін, өз өмірін қиын әскери қызметке арнаған батырлар күні.
Осымен 27 жыл бойы біздің бейбіт аспанымызды күзетуде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ерлігі мен қайсарлығын танытуда. Бүгінде біздің армиямыз жоғары дайындық деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери оқу орындарының желісімен және қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді.
Бұл күні біз Ұлы Отан соғысы және жергілікті әскери іс-қимыл ардагерлеріне құрметімізді білдіріп, алғысымызды айтамыз, олар шынайы патриотизмнің, Отанға адалдық пен шексіз қызмет етудің үлгісі болып табылады. Іс жүзінде әрбір үйде, әрбір қарағандылық отбасында аталары мен әкелерінің жасаған ерліктерінің естеліктері қастерленіп сақталған.
Бүгін бұрынғы майдан батырларының немерелері мен шөберелері елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қоса отырып, олардың ісін лайықты жалғастырып келеді. Қарулы күштердегі қызмет бүгінгі күні әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне, аға ұрпақтың батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген ерліктің мектебіне айналды. Жыл сайын біздің облыста жедел әскери қызмет атқару үшін мыңнан астам жас балалар сарбаздар қатарына шақырылады.
Барлық Отан қорғаушыларына зор денсаулық, амандық және табыс тілейміз! Ержүрек және қайсар азаматтардың бұл мерекесі әрдайым бейбіт аспан астында тойланып, қуанышқа толы болсын!


Қарағанды облысының әкімі
Ерлан ҚОШАНОВ

Облыстық мәслихат хатшысы
Серік ӨТЕШОВ  



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы