жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Құттықтаулар

Назад
30 Қаңтар 2019

Жаңа жылдарыңызбен!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Жаңа жылмен құттықтаймыз!

Жаңа жыл – барлығымыздың тағатсыздана күтетін ең жылы, отбасылық мереке. Аяз атаны тек балалар ғана күтіп қоймай, ересектер де бұл күні ғажайыптың болатынына сеніп, өз тілектерін тілейді. Барлығымызда бір ортақ арман бар – ол еліміздегі бейбітшілік, ынтымақтастық, әр үйде бақыт пен ырыстың мол болуы.
2018-ші жыл бойы біз Елбасының тапсырмалары мен міндеттемелерін орындай отырып, осы армандарға қадам басып, оны жақындата түстік.
Еліміз үшін бұл жыл нәтижелі және жақсы оқиғаларға толы болды. Оның ішінде Қарағанды облысы үшін де. Келе жатқан 2019 жыл одан да жақсы болсын. Әрбіріңізге осы жыл жаңа жеңістер, жаңа жетістіктер сыйласын.
Біз барлықтарыңызға осы жаңа жылдық мерекелерде отбасылық жылулықты сезініп, жақындарыңызбен бірге болып, ата-аналарыңызға қонаққа барып, достарыңызбен кездесіп, жаңа қуатпен жаңа жылға қадам басуларыңызды тілейміз.
Бақыт, денсаулық және табыс тілейміз! Жаңа жылдарыңызбен!

Қарағанды облысының әкімі
Е. Қошанов
Облыстық мәслихат хатшысы
С. Өтешов 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы