жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Құттықтаулар

Назад
16 Желтоқсан 2018

Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Құрметті қарағандылықтар!

Сіздерді 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы аңсаған арманы, мұраты! Сонау 1465 жылы қазақтың ұлы хандары Керей мен Жәнібектің артынан ерген қалың ел Шу мен Қозыбасы жерінде Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Содан бері елдің елдігі, ұлттың арманы, ғасырлар бойғы күресі бір ғана Тәуелсіздік ұғымына келіп тоғысты. «Ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп, жазыда көп-ақ жортқан екенбіз», «Толғамалы ақ балта, толғап ұстар күн қайда?», «Туған айдай нұрланып, дулыға кидім өкінбен» деп ел шетіне кірген жаудың бетін қайтарған бабаларымыз Алтайдан Каспийге дейінгі мына ұлан-ғайыр даланы қорғап өткен. Тәуелсіз Қазақ елі дегенде көз алдымызға «құс ұшса қанаты, тұлпар шапса тұяғы талатын» кең – байтақ жер елестері сөзсіз. Cебебі, әр қазақ үшін Тәуелсіздік ұғымы туған жерден бастау алады. Қазақтың болмысында, таным-түсінігінде туған жерді қорғаудан, оның болашағын құруға атсалысудан асқан бақыт жоқ! Бабаларымыздың қанымен суарылған бұл жердің кейінгі ұрпаққа жетуі бүгінгі күні тікелей бізге байланысты. Дана халқымыз ұлттық ар-ожданымыздың кодексі болған мақалдарымызда «Болар елдің баласы, бірін – бірі батыр дейді» деп болашағы бар елдің өрелі ұлдарының белгісін айта келе, «Батырлар руға бөлінбейді» деп барша қазақ ұлдарына үлкен міндет жүктеген. Шынында да, ұлттық тарихымызға назар салатын болсақ, халқымыздың біртуар перзенттері барша қазақтың болашағын ойлап өткен. Бұл жайт бізге үлгі болуы тиіс! Біздің қазіргідей заманда Тәуелсіз ел болып отыруымыздың өзі бірлігіміздің, тұтастығымыздың көрінісі. Ұлттық тарихымызға барша қазақтың Тәуелсіздігі жолында күрескен бес жүзден аса батырдың, екі жүзден аса қоғам қайраткерінің есімі белгілі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде «Тәуелсіздіктің қайта оралғаны - біз¬дің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабалары-мыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.»,- деп атап өткен болатын. Шынында да, бабалар жолын жалғастыру, оны ұмытпай кейінгі ұрпаққа табыстау барлығымызға аманат! Тәуелсіздік - барша қазақ үшін қастерлі де, қымбат ұғым. Ендеше бұл жолда аянып қалмай, елдің іргеленуіне бір кісідей атсалысайық қадірменді отандастар!
Қадірменді қарағандылықтар! Тәуелсіздік күні мерекесі әр шаңыраққа бақыт пен береке, қуаныш пен жылылық алып келсін! Қазақтың қара домалақтары көбейіп, өресі биік ту ұстар азаматтары мен жақсы-жайсаңдарының қатары көп болсын!
Мерекелеріңізбен қадірменді отандастар!

Қарағанды облысының әкімі
Ерлан Қошанов

Облыстық мәслихаттың хатшысы
Серік Өтешов

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы