жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Құттықтаулар

Назад
18 Тамыз 2018

Қарағанды облысында Бұқар жыраудың 350 жылдығы тойлануда

Бұқар жыраудың 350 жылдығын тойлау Ботақара кентінде ұлы ойшылдың кесенесінінде Құран оқып, ескерткіші алдына гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Ботақара кентінен 55 шақырым жерде арнайы мерейтойға арналып киіз үйлер ауылы құрылды. Ол жерде «Баба рухына тағзым» атты мерекелік шаралар өтті.
Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, Парламент депутаты Қуаныш Сұлтанов, Кереку жəне Маңғыстау облысының өкілдері, белгілі мемлекеттік жəне қоғам қайраткерлері, аймақ тұрғындары қатысты.
Шара шымылдығы С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры әртістерінің қатысуымен Бұқар жыраудың өмірі туралы «Күміс көмей əулие" театрландырылған қойылымымен ашылды.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқыды. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов əйгілі Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы тек өңір тұрғындарының ғана емес, еліміздің тойы екенін атап өтті.
- Біздің мерекемізге Кереку мен Маңғыстау жерінің өкілдері, құрметті, белгілі қонақтар келді. Аймақ тұрғындары атынан тойға ортақтасқандарыңызға алғыс айтқым келеді. Біздің кемеңгер жырауымыздың тойы – бұл тек қарағандылықтардың ғана емес, павлодарлық ағайынның, жалпы еліміздің тойы. Бұқар жыраудың сөзі Сарыарқадан Алатауға, Атырауға тарады. Жырау: «Егер халық игілігі үшін барлығын жасаса, халық арасында да ауызбіршілік болады" деген. Бұқар бабамыз елдің тәуелсіздігін, бірлігін армандады. Оның арманы орындалды. Біз егемен елде тұрамыз. Бұқар жыраудың 350 жылдығын тойлау бүгін аяқталмайды. Күзде ауқымды ғылыми-практикалық конференция өтеді жəне бірінші кезекте жастарды Отанын сүюге, патриоттық сезімдерін оятуға бағытталған бірқатар мерейтойлық шаралар жоспарланған, - деді өз құттықтау сөзінде Ерлан Қошанов.
Мерекелік шара облыстың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасты. Сонымен қатар онда қазақстандық жəне шетел эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті. Көрермендер Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Жорабаева, Жамиля Баспакова, Тәжікстанның «Хайрулло Дадобоев" фольклорлық ансамблі, Тəттімбет атындағы қазақ ұлттық аспаптарының академиялық оркестрі, сондай-ақ Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншілері мен Қарағанды облысының барлық аудандарынан келген әртістердің өнерін тамашалады.
Түстен кейін ұлттық ойын мен спорт түрлерінен сайыстар басталды: қазақша күрес, аударыспақ, асық ату, аламан бәйге, топ бәйге жəне көкпар.
Мұндай кең ауқымды шара ҚР Н.Назарбаевтің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Бұл рухани құндылықтарды, ұлттық салт-дәстүрді, қазақ халқының тарихын Бұқар жырау шығармашылығы арқылы сақтап, дамытатыны сөзсіз.  



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы