жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Құттықтаулар

Назад
26 Тамыз 2018

Кеншілер күнімен!

Құрметті қарағандылықтар!

Бүгін барша Қазақ елі Кеншілер күнін атап өтіп отыр. Әр уақытта қайнаған еңбек ортасында жүретін осы сала мамандарын ізгі ниетпен кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Көмір өндірісі Қарағанды өңірі үшін ерекше сала, дәл осы сала өкілдері кеңестік кезеңде де, Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері өнімді еңбектің, қажымас қайраттың үлгісіне айналды. Шынында да, бұл сала әр уақытта да үлкен жауапкершілік пен еңбекқорлықты, мамандыққа шынайы берілуді, өз ісінің маманы болуға үндейді.
Облысымыздың елтаңбасында бүркіт, шаңырақпен қатар террикондардың бейнеленуі де көп жайттан хабар білдірсе керек. Алтайдан Каспийге дейін созылып жатқан ұлан-ғайыр қазақ жерінің қойнауы байлыққа толы болса, еліміздің дамуына қажетті осынау ұшан – теңіз байлықты жер бетіне шығарып, халық игіліне жарауына өз үлестерін қосатын ардақты мамандық иелері – кеншілер!
Облысымыздың кен өндіру саласында 20 мыңға жуық адам қызмет етіп, елімізде өндірілетін көмірдің үштен бірінен астамы біздің аймағымызға тиесілі екенін айтпай кетуге болмас. Дана халқымыз «Еңбегімен ер сыйлы, Өнбегімен жер сыйлы» дейді, шынында да кеншілер қауымының еңбегі әруақытта да табанды, шынайы еңбектің үлгісі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Кеншілер еңбегі қашан да құрметті болып табылады. Бұл еңбек қашан да қауіппен де байланысты. Бұл біздің жеріміздегі ең қаһармандық еңбек» деп кеншілер еңбегіне өзінің жоғары бағасын берген болатын. Соңғы жылдары елімізде жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы жарияланып, еңбек адамдарының қызметі қоғамда барынша насихатталып жүр. Н.Ә.Назарбаев «Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз» деп атап өткен еді. Қазақ халқы «Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады» деп жастарға үлкен үміт артқан. Қадірменді жастар, елдің ертеңгі болашағы Сіздердің қолдарыңызда, ендеше әр күндеріңізді ізденіс пен жаңа білім игеруге жұмсап еңбектене біліңіздер! «Ер туған жерінде» дегендей Отанымыздың ертеңгі болашағына әрқайсымыз жауаптымыз, ал оны көркейту үлкен еңбекпен келетінін ұмытпағанымыз абзал. Сонда ғана еліміздің ертеңгі болашағы жарқын болмақшы! Бұл ретте әрбір қазақстандық азамат кеншілер қауымынан үлгі ала отырып, өз өмірін үлкен табыстар мен еңбекке арнауы қажет!
Құрметті қарағандылықтар! Сіздерді Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Қарағанды облысының әкімі
Ерлан Қошанов
Облыстық мәслихаттың хатшысы
Серік Өтешов 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы