жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -19°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Теміртау- тұңғыш президенттің қаласы

Назад

Теміртау-Қарағандының солтүстік батысында 35 шақырымдай Нұра өзенінің сол жағында орналасқан Қарағандының серіктес қаласы.
Қала 1945 жылы 1 қазанда бұрынғы Самарқанд поселкасы базасының орнына Теміртау қаласы болып құрылған, оның орысша аудармасы «Железная гора», мұнда Қазақстан магниткасы деп атайтын Қазақ металлургия зауыты өмірге жолдама алған.
Қаланың және оның өнеркәсіп обьектілерінің құрылысы Қарағанды көмір бассейнінің игеру мерзімімен байланысты.
Қиын қыстау соғыс жылдары КСРО-ның көптеген өнеркәсіп аудандары жаудың қолында қалғанда, Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қарағанды қаласының жанынан металлургия зауытының құрылысы туралы шешім қабылдады.
1944 жылы 31 желтоқсанда Қазақ металлургия зауыты іске қосылды.
Қазіргі кезде қала аумағы 29610 га құрайды, онда 175267 адам тұрады.
Өзінің экономикалық ерекшелігі бойынша Теміртау қаласы дамыған инфрақұрылымдарымен ірі индустриалдық орталық болып табылады, қалада 1201 кәсіпорын жұмыс істейді.
Теміртау қаласының өнеркәсіптік өндірісінің құрылымы төмендегі салаларды ұсынады: металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу, химия өнеркәсібі, тамақ және ұн тарту өнеркәсібі, электрэнергетикасы, басқа да металл емес минаралды өнімдердің өндірісі.
Теміртау Қазақстанда және одан тысқары жерлерде оның еңбек қызметінің едәуір бөлігі өткен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаласы. Қарағанды облысына келген кезде Мемлекет басшысы әрдайым Теміртау қаласына барып, Қазақстан Магниткасының еңбек ардагерлерімен және жұмысшы жастарымен, Қарағанды металлургия институтының оқытушыларымен және студенттерімен кездеседі.
Теміртау-Республикадан тыс жерлерге танымал керемет шығармашылық ұжымдардың және мәдениеті жоғары дамыған қала.
Мәдени мекемелер күн сайын теміртаулықтарға жан-жақты демалыс сәттерін ұсынады. Ол – балалар мен жасөспірімдер театры; тарихи-өлкетану мұражайы, Қалалық мәдениет сарайы; мәдени және демалыс бағы; Нашар еститіндердің Мәдениет үйі, «Ақтау» мәдени бос уақыттарын өткізу орталығы; екі кинотеатр.
Теміртау қаласының аумағында қалаға ерекше көрік беретін мәдени ескерткіштер орнатылған, бұл Балалар мен жасөспірімдер театры; Мәдениет үйінің ғимараты; Ұлы Отан соғысында қайтыс болған теміртаулық жауынгерлерге арналған ескерткіш.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы