жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 9°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жүзеге асыру туралы ақпарат

Назад

1. 2010 жылғы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамтамасыз етудің «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша (одан әрі - «Балапан» бағдарламасы)
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыста 4 балалар бақшасы салынды, 69 мектепке дейінгі шағын орталық құрылды, 2 жеке меншік балабақша ашылды.
Бұдан басқа, бұрын жекешелендірілген мектепке дейінгі ұйымдарды қайтарып алу, тұрғын үйлердің 1қабаттарында бала бақшалар ашу, жалға берілген, коммуналдық меншіктегі жеке тұрған ғимараттарды босату, басқа да ғимараттар мен үйлерді бала бақшаға беру есебінен 3 балабақша және 2 балабақшаның бөлігі ашылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 28 мамырындағы №488 қаулысына сәйкес 2010-2014 жылдары «Балапан» бағдарламасын қаржыландыру үшін 4,557 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 4,171 млрд. теңге, жергілікті – 0,418 млрд. теңге. 2010 жылы бөлінген 0,488 млрд. теңге толық игерілді.
Жүргізілген шаралар нәтижесінде 2011 жылдың басынан 462 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, оның ішінде – 177 балабақша және 285 мектепке дейінгі шағын орталық. Балабақшалар мен шағын орталықтар 44,037 мың балаға қызмет көрсетеді.

2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарында мектепке дейінгі ұйымдарды дамыту туралы
1991 жылы 802 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеді. Ойластырылмай жасалған оңтайландыру нәтижесінде балабақшалар желісі 2000 жылға дейін 126 бірлікке қысқарды.
Қарағанды облысының мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 30.09.2000жылғы №448 Жарлығымен бекітілген «2000-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік «Білім беру» бағдарламасы» қабылдағаннан кейін қайта жандана бастады. Өткен жылдан бері мектепке дейінгі ұйымдар желісін белсенді түрде дамыту «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру есебінен қамтамасыз етіліп келеді.
Қорыта келе, 2000 жылдан бастап облыста 336 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 51 балабақша ( 34 балабақша- құрылысын салу пен қайта құру есебінен ашылған) және 285 мектепке дейінгі шағын орталық. Осыған байланысты 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 2011 жылдың басында 86,4 пайызды құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылы- 69 %, 2000 жылы – 27% болған еді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы