жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 17°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Заңсыз иммигранттарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілуі

Назад

1. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес заңсыз иммигранттар Қазақстан Республикасының шегінен өзіңің туылған мемлекетіне (шетелдіктің азаматтық немесе азматтығы жоқ адманың тұрақты тұратын еліне) әкімшілік жолмен шығарылып жіберілуіге тиісті.
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығару туралы шешім сотпен қабылданады.
Заңсыз иммигранттарды ұстау және оларды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстау Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығаруға қажетті мерзімге дейін ұстауға болады.
2. Қазақстан Республикасының шегінен шығару бойынша шығындарды төлеу заңсыз иммигранттарға, заңсыз иммигрантты Қазақстан Республикасына шақырған жеке немесе заңды тұлғаларға жүктеледі. Егер көрсетілген адамдарда шығындарды төлеуге қаражаты жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда тиісті іс-шараларды төлеу бюджеттен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасымен ратификацияландырылған халықаралық шарттарға сәйкес құқықсыз келген адамдардың Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылуына жауапты сол адамдарды жеткізген транспорттық ұйым.
Сонымен қатар, шетелдіктерді Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберуді заң шығарушы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу заңнамасында қарастырған. Солай, ҚР АІЖК-нің 317-12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған үшін шетелдікті немесе азаматтығы жоқ тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінен шығару туралы арыз көші-қон мәселелері бойынша уәкілетті органмен шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрып жатқан және (немесе) тіркелген мекен-жай бойынша сотқа беріледі. Қазақстан Республикасының ІІМ Көші-қон полиция комитетінің келісуімен көші-қон мәселелері бойынша Қарағанды облысында уәкілетті орган болып Қарағанды облысының ІІД табылады.

Шетел азаматтарын жұмысқа орналастыру
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында жұмысқа тұруы «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2011 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «2011 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасын Үкіметінің № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №322 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат уәкілетті органмен (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен) келесі категориялы мамандарға беріледі:

  1. бірінші категория – ұйымның басшы құрамын тартуға;
  2. екінші категория – белгіленген тәртіппен растайтын құжаттарымен жоғары және орта кәсіптік білімді мамандарды тартуға;
  3. үшінші категория – маманданған жұмыскерлерді тартуға;
  4. төртінші категория – еңбек көші-қон және еңбек-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласында ынтымақтастық келісімдерге сәйкес мерзімдік ауыл шаруашылық жұмыстарында істейтін жұмыскерлерді тартуға.

Уәкілетті орган ((Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) рұқсат берген кезде келесе ерекше шарттардың қайсысын болсада орындау жөнінде жұмыс берушімен келісім арқылы жұмыс берушіге жүктейді:

  1. қазақстандық жұмыскерлерді дайындау, қайта даярлау және мамандығын жоғарлату;
  2. шетелдік жұмыс күштерні әрі қарай ауыстыру үшін қазақстандық жұмыскерлерді дайындау, қайта даярлау және мамандықтарын жоғарлату;
  3. бар жұмыс орындары сақтап қалу;
  4. қазақстандық азаматтарға қосымша жұмыс орындарын ашу үшін.
Дата cоздания: 15 Қазан 2014 09:47
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 15 Қазан 2014 10:22
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы