жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 2°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Азаматтарды құжаттандыру және тіркеу мәселелері (ХҚКО)

Назад

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң «Ақпараттық-өндiрiстiк орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» № 736 қаулысына сәйкес халықты құжаттандыру және тіркеу функциясы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің құзырына берілді.
Қарағанды облысының ІІД Көші-қон полициясы басқармасы халықты құжаттандыру және тіркеу бөліністерінің қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 шілдедігі № 1063 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлгінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру мен тіркеудің кейбір мәселелрі туралы» № 352 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулықпен реттеледі.
Қарағанды облысының ІІО бөліністерінде облыстың тұрғындарына Қазақстан Республикасының паспорттары мен жеке куәліктерін беру (бұдан әрі мемлекеттік қызмет көрсету) Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады. Облыс аумағында 36 халыққа қызмет көрсету орталықтары бар, оның 18-інде Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселесі бойынша қабылдауды көші-қон полициясының қызметкерлері жүзеге асырады.
Қарағанды қаласында көші-қон полициясы қызметкерлері азаматтарды қабылдауды келесі мекенжайларда орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырады:

  • Қазыбек би атындағы аудан - Ержанов көшесі, 47/3 мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығында;
  • Қазыбек би атындағы аудан (Оңтүстік-шығыс аумағы) - Мұқанов көшесі, 5 мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығында;
  • Октябрь ауданы - Архитектор көшесі, 8 мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығында;
  • Октябрь ауданы (Пришахтинск) - 21 шағынаудан, 6/7 үй мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығында.

Облыстың басқа қалалары мен аудандарының тұрғындары құжатандыру және тіркеу мәселесі жөнінде тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтініш білдірулері қажет.

Халықты құжаттандыру саласында құжаттарды қабылдауды көші-қон полициясы қызметкерлері азаматтарды халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00 сағатқа дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күндері сағат 09.00-ден 13.00 сағатқа дейін қабылдайды.

Дата cоздания: 15 Қазан 2014 09:45
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 15 Қазан 2014 10:21
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы