жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 2°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қазақстан Республикасының азаматтығы

Назад

Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңымен және осыларға сәйкес басқада ҚР заңнамаларымен реттеледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болады:

  1. Туғанынан
  2. Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау арқылы
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттер арасындағы келісімдермен белгіленген тәртібі немесе негізі арқылы
  4. Осы Заңмен белгіленген басқа негіздер арқылы.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 16 б. сәйкес ҚР азаматтығына қабылдана алады:
- Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде бес жылдан кем емес тұрған немесе Казақстан Республикасының азаматымен 3 жылдан кем емес некеде тұрған адамдар;
- Қазақстан Республикасында тұру мерзіміне қарамастан Қазақстан Республикасы азаматтары арасынан жақын туыстарынан біреуі бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары: -балалары (оның ішінде асырап алған балалары), жұбайы (зайыбы), ата–анасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындастары, аға-інісі, атасы немесе әжесі.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жеңілдетілген (тіркелу) тәртібі халықаралық келісімдер арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта, бұндай келісім келесі елдермен бекітілген:
- Ресей Федерациясымен
- Беларусь Республикасымен
- Қырғызстан Республикасымен.
Жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін тұрақты тұратын (тіркелген) аумақ бойынша көші-қон полициясы бөлімшесіне Қарағанды облысы ІІД бастығының атына жазылған өтінішті ұсыну қажет. Өтінішке қоса келесі құжаттар тапсырылады:
- сауалнама-өтініш
- бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды расталған арыздың көшірмесі;
- лауазымын көрсетумен жұмыс орнынан анықтама, оқушыларға- оқитын жерінен анықтама;
- жеке басын куәландыратын және Келісімге қатысушы-елдердің біреуінің азаматтығына қатыстылығын растайтын паспорттын немесе басқа құжаттың көшірмесі;
- туу туралы және неке туралы куәліктерінің нотариалды расталған көшірмесі;
- 3,5х4,5 см көлемді ек фотосурет;
- мемлекеттік баж төлегендігі жөнінде немесе төлеуден босатылғаны туралы құжат. Мемлекеттік баж 1 АЕК көлемінде төленеді 080900 есеп шотына, коды 108107.
Азаматтықа жеңілдетілген тәртіппен қабылдауға қажетті қандай болсада шарттың біреуін растайтын қажеттілік болған жағдайда қосымша құжат ұсынылады.
Назарларыңызды аударамыз, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініш берген кезде 14 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың міндетті түрде нотариус арқылы расталған жазбаша келісімі қажет.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі № 478 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – 22.07.2011 жылғы № 478 ҚР Заңы) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «Жеңілдетілген (тіркелген) тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарты деген жаңа 16-1-бап енгізілді, оған сәйкес:
Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына тұратын мерзіміне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын:
1) тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген ұлты қазақ адамдар;
2) өз еркінен тыс азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары қабылдануы мүмкін.
2011 жылдың 16 тамызынан кейін (22.07.2011 жылғы № 478 ҚР Заңы күшіне енгеннен кейін) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау бойынша ниет білдірген оралмандардың өтінімі жеңілдетілген тәртіппен қабылданады, келген елінің уәкілетті органымен берілген бұрынғы азаматтықтың аяқталуы немесе азаматтықтан шығу туралы анықтама ұлты қазақ адамдардан талап етілмейді (27.04.2012 жылдан бастап).
Оралмандарға (Қазақстан Республикасына тарихи отанына тұрақты тұру мақсатпен келген ұлты қазақтарға) жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтығын алу үшін тұрақты тұратын (тіркелген) аумақ бойынша көші-қон полициясы бөлімшесіне Қарағанды облысы ІІД бастығының атына өтініш ұсыну қажет. Өтінішке қосымша келесі құжаттар тапсыру қажет:

  • сауалнама-өтініш;
  • - жеке басын куәландыратын, бір мемлекеттің азаматтығына қатыстылығын растайтын паспорттын немесе басқа құжаттың көшірмесі;
  • - туу туралы және неке туралы куәліктердің нотариалды расталған көшірмесі;
  • - 3,5 х 4,5 см көлемді екі фотосурет;
  • - оралман куәлігінің көшірмесі;
  • - оралман мәртебесін алмаған немесе тоқтатлыған жағдайда (оралман мәртебесі бір жылдық мерзімнен кейін тоқтатылады) мемлекеттік баж төлегені тұралы құжат ұсыну қажет. Мемлекеттік баж 1 АЕК көлемінде 080900 есеп шотына төленеді, коды 108107.

Назарларыңызды аударамыз, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға өтініш берген кезде 14 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың міндетті түрде нотариус арқылы расталған жазбаша келісімі қажет.
Жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алуға туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту негіздері

Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш білдірген адам:

  1. адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса;
  2. Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
  3. мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асырса;
  4. ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлектеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса;
  5. террористік және экстремистік ұйымдарға кірген немесе террористік әрекеті үшін сотталған болса;
  6. халықаралық іздеуде болса, соттың күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе не сот оның әрекетін ерекше қауіпті баукеспелік деп таныса;
  7. басқа мемлекеттің азаматы болса;
  8. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдірген кезде өзі туралы жалған мәліметтер хабарласа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен тапсырмаса;
  9. Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тыс жерлерде қасақана қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен солай деп танылған, соттылығы алынбаған немесе өтелмеген болса;
  10. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдіргенге дейінгі бес жыл ішінде халықтың көші-қоны саласында Қазақстан Республикасының экономикасы және (немесе) заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасаса;
  11. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдіргенге дейінгі бес жыл ішінде осы Заңның 21-бабы 1),2) және 5) тармақшаларының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, оның өтініші қабылданбайды.

Осы баптың бірінші бөлігі 7) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар қолданылатын, сондай-ақ осы Заңның 16-бабы бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші бөлігінде аталған және ішкі істер орагндарына шетелдік азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырған жазбаша өтінішпен өздері азаматы болып табылатын мемлекеттің азаматтық мәселелері жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адамына өтініш білідрген адамдарға қолданылмайды. Өтініш білдірген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған жағдайда мұндай өтініш білдіру фактісі туралы ақпарат, олардың шетелдік паспорттары шет мемлекетке жіберіледі.

Қазақстан Республикасының азаматы болуын айқындау

Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтауға мына адамдар:

  1. 1974 жылғы үлгідегі КСРО-ның паспорттарымен немесе оларды жоғалтқандар, 1992 жылғы 1 наурызында Қазақстан Республикасында тұрақты тіркеуде тұрмағандар немесе Қазақстан Республикасында тіркеу есебінен шығып тоғыз ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жаңа орны бойынша тіркеу есебіне тұрмағандар;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылып шыққандар;
  3. мекенжай-анықтамалық бюросының мәліметтері бойынша тіркеуде жоқ және пәтер бойынша немесе шаруашылық кітаптар бойынша тұрақты тіркеуде тұратынын растай алмайтын Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алмаған 18 жастан асқандар;
  4. бұрын азаматтығы болмағандар немесе азаматтығы тоқтатылғаны туралы анықтамалары бар, Қазақстан Республикасының аумағында туған және шетелдік паспорттың жарамды мерзімі өтуіне байланысты бұрын азаматтығы жоқ тұлға ретінде танылғандар;
  5. Қазақстан Республикасының аумағында туғандар және шетел мемлекетінің азаматтығында болмағандар.

Облыстардың ІІД бастықтарының атына Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау туралы адамдар өтініш жазады және оны тұрақты тұратын жері бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөліністеріне тапсырады.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Нұсқаулықтың 29 – тармағында көрсетілген, шарттардың біреуінің барын растайтын құжат;
2) толық өз өмірбаяны;
3) өлшемі 3,5х4,5 см. төрт фотосурет;
4) іске қатысты басқа да құжаттар (туу туралы куәлік, еңбек кітапшасы, әскери билет, орта немесе толық орта емес білімі туралы аттестат, диплом, шаруашылық бойынша кітаптан үзінді көшірме, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында тұратын фактісін растайтын кемінде үш куәгердің өтініштері).
Өтініштерді қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

Дата cоздания: 15 Қазан 2014 09:43
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 15 Қазан 2014 10:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы