жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қазақстан Республикасына шетелдіктердің келуі, тіркелуі және тұрғылықты тұруға рұқсат алуы

Назад

Қазақстан Республикасына шетелдіктердің келуі, тіркелуі және тұрғылықты тұруға рұқсат алуы Қазақстан Республикасына шетелдіктердің келу және болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шығу туралы Ережесімен реттеледі.
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Конституциясына, «Халықтың көші-қоны туралы», «Ұлттық қауіпсіздік», «Қазақстан Республикасы халқының деңсаулығын сақтау туралы», «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңнамаларына, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.01.200 жылғы № 136 Қаулысымен бекітілген «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келу, онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету Ережелеріне» сәйкес өнделген.
Шетелдіктерді жеке істері бойынша шақыру үшін жеке тұлғалар орналасқан мекенжайы бойынша ішкі істер органдарына келесі құжаттарды ұсынады:

  • 2 дана белгіленген нысанды сауалнама-өтініш;
  • мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек.

Шақырылатын және шақырушы адамдар Ережелер талаптарын сақтау және қамтамасыз ету жөнінде бар есептер бойынша тексеріледі.
Шет елдерінен туыстарын, таныстарын шақыру туралы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің өтініштері ішкі істер органдарына қарау үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде қаралады.
Жеке тұлғалар өтініштері қаралмайды, егер бұрын бірнеше рет олар шақырған шетелдіктеріне шетелдіктердің құқықтық ережесін сақтауын қамтамасыз еткізбеген болса.
Өтініштер оң шешілген кезде өтініш берушіге:
- жеке істер бойынша шақыру кезінде - белгіленген үлгідегі шақырулар беріледі. Бұл ретте шетелдік азамат Қазақстан Республикасына шақырылатын мерзімі 90 тәуліктен аспауы тиіс. Шақырудың өзі берілген сәттен бастап бір жыл ішінде қүшінде болып саналады.
Қазақстан Республикасына келу шетел азаматына мына жағдайларда тыйм салынады:

  1. ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті және халықтың денсаулығын сақтау мүддесінде;
  2. егер оның іс қимылдары конституциялық құрылысты күш арқылы өзгертуге көзделсе;
  3. егер ол Қазақстан Республикасының егемендігіне қарсы шықса, оның аумағының тұтастығы мен бірлігін бұзуға шақыратын болса;
  4. егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және діни алауыздык туғызатын болса;
  5. егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса.
  6. егер Қазақстан Республикасында бұрын болған кезде оның шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болуының құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, кеден, валюта немесе Республиканың өзге де заңнамаларын бұзу фактілері анықталған болса;
  7. егер ол кіру туралы өтініш қозғаған кезде өзі туралы жалған мәліметтер хабарлаған болса немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген мерзімде қажетті құжаттар ұсынбаған болса;
  8. егер ол Қазақстан Республикасына келуге қарсы болып табылатын ауру болса.

Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасына кіру 5 (бес) жыл бойы тыйым салынады соттын шығару туралы шешімі шыққан күннен.

Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктердің паспорттарын тіркеу
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктердің паспорттарын тіркеуді өз құзыреттеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, оның өкілдіктері, ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Тіркеуді рәсімдеу және оны ұзарту құжаттарды тапсырған күні жүзеге асырылады.
Діни, дінуағыздаушылық, қайырымдылық қызметпен айналысатын шетелдіктер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмеген болса, жергілікті атқарушы органдарында әрі қарай есепке қою арқылы ішкі істер органдарында жалпы негізде тіркеледі.
Шетелдікдітердің паспорттары тұрғылықты немесе уақытша тұру орны бойынша бес күнтізбелік күн ішінде тіркелуге жатады.
Қазақстан Республикасының визасы шетелдіктердің паспорттарын тіркеу үшін негіз болып табылады, ал Қазақстан Республикасы визасыз кіру және болу тәртібі туралы келісім жасасқан елдердің азаматтары үшін - қабылдаушы заңды, жеке тұлғалардың немесе шетел азаматы өзінің арызы негіз болып табылады.
Шетелдіктер қабылдаушы заңды немесе жеке тұлғаларға өз паспорттарын тапсырады, олар ішкі істер органында тіркегеннен кейін иелеріне қайтарады.
Шетелдік Қазақстан Республикасындағы уақытша тұру орнын ауыстырған кезде қабылдаушы заңды немесе жеке тұлға ол туралы ішкі істер органына жазбаша хабарлауға міндетті.
Шетелдіктердің Қазақстан республикасында болуына рұқсат етілген мерзімінің соңғы күні, ал визасыз тәртіппен келгендерге - тіркелуінің күшінде болуының соңғы күні тоқтатылады.

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін ұзарту
Шетелдіктерге болу мерзімдерін ұзарту визалар беру және шетелдік азаматтардың паспорттарын ұзарту арқылы жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің негізінде шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін ұзарту туралы шешім шетелдіктерді тіркеу орны бойынша қабылданады.
Бұл ретте шетелдіктердің болу мерзімі:
- оқуға келгендерге - жыл сайын барлық оқу жылына;
- емделуге келгендерге - медициналық мекеменің басшысы берген медициналық қорытындының негізінде емделу кезеңіне;
- жұмысқа келгендерге-өкілетті органдар берген рұқсаттын күшінде болу мерзіміне;
- тұрғылықты тұруға қалдыру туралы өтініш білдірген адамдарға-өтінішті қарау үшін қажетті мерзімге ұзартылады.
Турист ретінде келген шетелдіктерге болу мерзімі ерекше жағдайларда (шетелдіктің немесе оның жақын туыстарының ауыр науқастығына, күтпеген жағдайларға байланысты) растайтын құжаттардың негізінде қажетті мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Ішкі істер органдарымен шетелдіктердің визаларының күшінде болу және паспорттарын тіркеу мерзімдерін ұзартуы рәсімделеді:

  • Қазақстан Республикасына қабылдаушы ұйымдардың саласы бойынша келген, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тұарқты шетелдік өкілдіктер қызметкерлерінің шақыруы бойынша-осы ұйымдар мен өкілдіктердің жазбаша өтініштерінің негізінде;

- Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келгендерге - қабылдаушы жеке тұлғалардың немесе шетел азаматтары өздерінің негізделген өтініштерінің негізінде.
Көрсетілген өтініштер мен арыздардан басқа, ішкі істер органдарына паспорт және виза бергені үшін мемлекеттік баж салығын төлегені туралы құжаттар тапсырылады.

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруы
Шетелдіктер Қазақстан Республикасының шетелдіктер келіп-кайтуы үшін ашық аумақтарында жүріп-тұра алады.
Республикамыздың басқа аумақтарына 10 күннен асатын мерзімге бару туралы шетелдіктерді қабылдаушы заңды және жеке тұлғалар бұрынғы және жаңа болатын жердегі шығу пунктін мерзімін және осы пунктте болатын мекен-жайларды көрсете отырып, ішкі істер органына хабарлайды.

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуі
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы баратын елге әуе, темір жол, автомобиль және теңіз көлігімен транзиттік өтуі оларда Қазақстан Республикасының транзиттік визалары, сондай-ақ үшінші елге кіру үшін қажетті құжаттардың және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан айлақ, станция, аэровокзал,автовокзалға келген сәтінен бастап санағанда 72 сағатқа дейін Қазақстан Республикасының аумағында көлік ауыстыру пунктінен кету күні көрсетілген тиісті жол құжаттары (билеттері) бар болса ғана рұқсат етіледі, егер басқа халықаралық келісіммен белгіленбесе.
Шетелдік жүру бағытын өзгерту туралы өтінсе, ол облыс КҚПБ-на қазақстандық транзиттік визасы бар паспортын және осындай қажеттілік туғызған себепті, сондай-ақ жоспарланып отырған бағыты мен шығар жолындағы тексеру-өткізу пунктін көрсете отырып, жазбаша арыз ұсынады.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарымен өтетін шетелдіктер, оның ішінде автомобильмен халықаралық жүктерді тасымалдайтындар халықаралық автомобиль қатынастары үшін ашық жолдармен ғана жүреді.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы пойызбен өтетін шетелдіктер пойыздардың станцияларында тоқтап тұратын уақыттарында сыртқа шығуларына болады. Оларға станциядан тыс жерге (перроннан және темір жол вокзалынан) кетуге рұқсат етілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағынан транзитпен өтіп, осында 72 сағаттан астам уақыт аялдауға мәжбүр болған шетелдік тоқтаған сәттінен бастап бір тәулік ішінде Қазақстан Республикасында болуы үшін ішкі істер органдарында рұқсат ресімдеулері қажет. Қазақстан Республикасының аумағында аялдауға мәжбүрлік болған шетелдіктердің рәсімделуі келесі жағдайларда мүмкін:
- пойыздың, автокөлік құралдарының, кеме немесе ұшақтың қозғалысына кедергі болатын табиғи апаттарда немесе өзгеде себептерде;
- қайсыбір бөлшектері сынған автоқөлік құралдарының аққауларын жөндеу немесе жол-көлік оқиғалары болғанда;
- одан әрі жүру оның денсаулығына қауіп төндіретін науқастығы бар деп дәрігер қорытынды жасаған жағдайда. Мұндай жағдайда науқастың жанында оның отбасы мүшелері немсе онымен келе жатқан алып жүруші адамдар болуы мүмкін;
- тораптық пункттерде бір көліктен екінші көлікке отырғызу кешіккенде.
Аялдауға мәжбүр болған жағдайлар шетелдік азаматтарға тек қала немесе өзге елді мекен шегінде аялдау мәжбүрлігін туғызған себептерді жою уақытында ғана болуына құқық береді.
Әуе немесе темір жол көліктерінің қызметін пайдаланушы, аялдауға мәжбүр болған шетелдіктерді тіркеуді көліктегі ішкі істер органдары немесе аумақтық ішкі істер органдары жүргізеді.
Шетелдік аялдауына мәжбүрлікті тіркеу үшін ішкі істер органдарында аялдауға рұқсат ресімдеу туралы жеке жазбаша арыз береді. Тіркеу мерзімінің уақыты аялдауға мәжбүр еткен себептерді жою үшін қажетті уақытпен белгіленеді.
Ауруханадағы шетелдіктердін паспорттарын тіркеу олар шыққаннан кейін рәсімделеді. Олардың отбасы мүшелерінің немесе оларды алып жүруші адамдардың паспорттары тіркеу аялдауға мәжбүр болған сәттен бастап бір тәулік ішінде шетелдік азаматты емдеуге қажет медициналық мекеменың анықтамасында көрсетілген мерзімге рәсімделеді.
Қазақстан Республикасының аумағында 72 сағатқа дейін аялдауға мәжбүр болған шетелдік ішкі істер органдарында транзиттік визасын ұзартпай-ақ Қазақстан Республикасынан кетулеріне болады.

Шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын беретін құжаттарды беру
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрады деп оған рұқсат алған, сондай-ақ ішкі істер органдарынан қоныстану ықтиярхатын алған шетелдік саналады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыруға рұқсат алудың міндетті шарты, рұқсат алушы тұлғаның өзінің төлеуге шамасы келетіндігін растау (1320 айлық есеп көрсеткіші, 1320х1512 теңге = 1 995840-00 теңге), Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгілеген тәртіп пен мөлшерде.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыруға рұқсат алу кезінде шамасы келетіндігін растауды қажет етпейді:
- оралмандарға, яғни қазақ ұлтты шетелдіктерге немесе азаматығы жоқ тұлғаларға, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде (16 желтоқсан 1991 жыл) оның аумағынан тыс тұрған және Қазақстанға тұрақты тұруға келген мақсатпен;
- Қазақстан Республикасының немесе Казақ ССР-і аумағында туған тұлғаларға, туған кезде әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес, Қазақстан Республикасының немесе Казақ ССР-і азаматтығында болған болмағандығына қарамастан;
- бұрын Қазақстан Республикасында немесе Казақ ССР-да тұрған, олар осы азаматықтан шыққанына немесе азаматтығынан басқа жағдайлармен айырылғанына қарамастан;
- оралмандар және Қазақстан Республикасының немесе Казақ ССР-і туған, немесе бұрын азаматтығында болған тұлғалардың отбасыларының мүшелері, оларға кіретіндер: балары (сонымен қатар асырап алынған балалар), ері (зайыбы), ата-аналары (асырап алғандар), туған апалары,ағалары, аталары,әжелері, немерелері, олар бірге немесе бөлек келгеніне тәуелсіз.
Қазақ ССР-і немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттар болып табылатын: адрес бюросының анықтамасы, тұрғындарды тіркейтін кітап (шаруашылық кітабі) еңбек кітапшасы (басқада құжат, еңбек қызметін растайтын), әскери билет, 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортының ксерокөшірмесі немесе Қазақстан азаматының құжаттары, білім немесе оқығандығы жөнінде құжаттар; неке қыю немесе ажырау, балалардың Қазақстанның аумағында туған куәліктері.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық беретін құжаттар:
шетелдіктер үшін - шетелдікке Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамдар үшін - тұрақты тұруға қалдыру жөніндегі мәселе оң шешілгенде ішкі істер органдары беретін азаматтығы жоқ адамдар куәлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы арызды Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтар келген жеріндегі ішкі істер органдарына тікелей береді.
Шетелдік азаматтарды, азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы материалдардар оларды толық көлемде бергеннен кейін ғана қаралады.
Шетелдік азамат тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін келген жеріндегі қалалық, аудандық ішкі істер органдарына және облыстың ІІД КҚПБ-на:

  1. арыз–сауалнама
  2. ол азаматы болған мемелкеттін жазбаша келісімін; ТМД елдерінің азаматтарына онын орнына кету парақшасы не болмаса шетелге тұрғылықты тұру үшін кетуге рұқсатты растайтын басқа құжат жүреді;
  3. өмірбаянын;
  4. қолданыстағы паспортын немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын;
  5. Шетелдік азаматтын медициналық куәландырылғаны туралы ресми анықтаманы;
  6. Қазақстан Республикасына келген кезенде белгіленген үлгідегі төлеу мүмкіндігін растайтын құжатты;
  7. Мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртекті;
  8. Көлемі 35х45 мм екі фотосуреті ұсынады

Шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат бермеу немесе бұрын берілген рұқсаттын күші жойылады:

  1. заңсыз келген иммигранттарға, сондай-ақ өздері иммигрант болып табылатын елдін заңнамасы бойынша қылмыс жасағаны үшін қудаланушы иммигранттарға;
  2. жазасын өтеу орындарынан босатылған, қылмыс жасағанға дейінгі тұрақты тұрғылықты жері Қазақстан Республикасынан тысқары болған адамдарға;
  3. адамзатқа қарсы қылмыс жасаған адамдарға;
  4. Қазақстан Республикасында болатын кезенде өзінің өтеу мүмкіндігін растайтын құжаттын ұсынбаған оралмандардан, бұрынғы отандарстардан, Қазақ ССР немесе Қазақстан Республикасында туылған немесе бұрын азаматтығында болған, сондай-ақ жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтығын алуға құқығы бар адамдардан өзге адамдарға;

5. Шетелдіктердің құқытық жағдайы туралы Қазақстан Республикасы заңнамаларын бұзғандарға;
6. Еларалық, ұлтаралық және діни араздыққа от салатын тұлғаларға;
7. Конституциялық құрылысты күш арқылы өзгертуге күш арқылы өзгертуге көздейтін адамдарға;
8. Қазақстан Республикасының егемендігіне тәуелсіздігіне қарсы шығатын, оның аумағының бірлктігне және бүтіндігіне қарсы шығуға шақыратын адамдарға;
9. Ауыр, аса ауыр қылмыстарды, террористік әрекет жасағаны үшін сотты болған адамдарға;
10. Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруға өтінген кезде өзі туралы жалған мәліметтер берген немесе себепсіз керекті құжаттарды Республиканың заңнамаларыменен белгіленген уақытта бермеген адамдар;
11. Бұрын Қазақстан Рспубликасы аумағынан тыс шығарылған адамдарға;
12. Қазақстан Республикасының азаматтарының және басқада адамдардың құқығын және заңдық ынтасын қорғау үшін қажеттілігі болса.
13. Қазақстан Республикасынан уақытша кетіп көрсетілген алты ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасына оралмағандарға;
14. Қоныстану ыхтиярхатын алу үшін негіз болып табылғаны Қазақстан Республикасы азаматымен некелескендерге, егер сол неке қию заңды күшіне енген сот шешімімен заңсыз деп табылған жағдайда;
15. Қазақстан Республикасына келуге жарамсыз болып табылған ауруы бар адамдарға.
Қоныстану ыхтиярхатын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін беруден бас тарту Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалары тәртібінде шағым беру арқылы қаралады.

Дата cоздания: 15 Қазан 2014 09:40
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 15 Қазан 2014 10:19
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы