жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қазақстан Республикасы азаматтырының тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу тәртібі мен шарттары

Назад

1. Әр азамат Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығуға құқылы. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасына бөгетсіз оралуға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу халықтың көші-қон мәселелері бойынша уәкілетті органмен шығу құжаттары рәсімделгеннен кейін жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға шығу туралы арыз халықтың көші-қон мәселелері бойынша уәкілетті аумақтық органдарына ұсынылады:
1) әрекетті азаматтармен – жеке;
2) балалар және сотпен әрекетсіз деп таңылған азаматтар атынан – олардың заңды өкілдерімен.
4. Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға шығу туралы өтініш білдірген азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығуға бас тарту негізі жоқ жөнінде халықтың көші-қон мәселелір бойынша уәкілетті органның аумақтық бөліністерімен тексеру жүргізіледі.
Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға шығу туралы азаматтардың өтініштері бойынша халықтың көші-қон мәселелір бойынша уәкілетті органдардың саулнамалары мүдделі мемлекеттік органдармен онкүндік мерзімде қаралады.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу бойынша құжаттарды рәсімдеу туралы шешім Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен белгіленген тәртіппен арызданушы барлық құжаттарды ұсынған күннен бастап бір айдан кеш емес мерзімде қабылданады.
5. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тысқары тұрақты тұруға шығумен байланысты шығындардың қаржыландыруы өзінің меншікті қаражаты арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы аумағынан тұрақты тұруға шығу туралы арыздармен 18-ге толған, ал некеде тұрғандар – 16 жастан өтініш бере алады. Сот шешімімен қабілеті жоқ деп табылған азаматтар және балалар үшін құжаттар олардың заңды өкілдерімен ұсынылады (ата-аналырымен, қамқоршыларымен). Сонымен қатар, 14 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балалардың шығуы тек қана олардың келісімі арқылы жүзеге асырылады. 10-жастан бастап 14-жасқа дейінгі балалардың шығуында, баланың пікірі міндетті түрде есепке алыну қажет, тек қана оның мүддесіне қайшылық келтіретін жағдайлардан басқа.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығуға рұқсат алу туралы анкета-арыздар (1 қосымша) тек қана барлық құжаттар ұсынылғаннан кейін қарауға қабылданады.
Делдалдық етуші заңды және жеке тұлғалардан құжаттарды қабылдауға тыйым салынады. Азаматтардан басқа құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

Өтініш нұсқасын көшіріп алу

Қазақстан Республикасы азаматтырының тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығуына рұқсат беруден бас тартудың негіздері

Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығуына уақытша келесі жағдайларда бас тартылады, егер ол:

  1. мемлекеттік және басқа да заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерге ие болса және өзінің Қазақстан Республикасынан шығуы факты туралы тиісті уәкілетті органдарды ескертпесе – осы жағдайлардың әрекеті тоқтағанға дейін;
  2. қылмыс жасады деп күдікті ретінде ұсталса немесе айыпкер ретінде тартылса – іс бойынша шешім шыққанға дейін немесе соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін;
  3. қылмыс жасағаны үшін сотталса – жазасын өтегенге немесе жазадан босатылғанға дейін;
  4. оған сотпен жүктелген міндеттемені орындаудан бас тартса – сол міндеттер аяқталғанға дейін;
  5. жедел әскери қызмет атқарып жүрсе – сол қызметті аяқтағанға немесе «Әскери қызмет және әскери міндеттер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес одан босатылғанға дейін;
  6. Қазақстан Республикасынан шығу үшін құжаттар рәсімдеу барысында өзі туралы жалған мәліметтер хабарласа – бас тартуға негіз болған себептерді жойғанға және анық мәліметтерді ұсынғанға дейін;
  7. азамттық сот ісінде жауапкер болса – сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін.

Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығуына рұқсат берілмейді егер онда салық борышы болса.
Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға шығуға руқсат беруден бас тартылады егер онда салық борышы бар жағдайда.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу құқығына кедергі бар барлық жағдайларда көші-қон мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының азаматына хабарландыру қағазы беріледі, онда кедрегінің мерзімі мен негізі және осы шешімге шағым беру тәртібі көрсетілумен.

Дата cоздания: 15 Қазан 2014 09:36
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 15 Қазан 2014 10:19
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы