жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 33°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Ассамблея туралы

Назад

Қарағанды облысы – 100-ден астам этнос өкілдері тұратын Қазақстандағы көп этносты аймақтың бірі.
Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың наурыз айында құрылған болатын. Оның негізгі мақсаты – этномәдени ұйымдарға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың тілдерін дамытудағы түрлі мәселелерді шешу, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтап қалуға, жастар арасында біздің бай тарихымызға сый-құрметті сіңіру.
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы – облыс әкімі Қошанов Ерлан Жақанұлы.
Республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына 21 қарағандылық кіреді, олардың қатарында облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, дінбасылары мен облыстың бетке ұстар азаматтары бар. Облыс бойынша 74 этномәдени бірлестік қызмет етеді, оның 22-сі облыстық, 52-сі қалалар мен аудандарда еңбек етуде. Облыстық және республикалық көлемдегі іс-шараларға белсенді атсалысып жүрген этномәдени бірлестіктер жанынан 100-ге жуық шығармашылық ұжым жұмыс істейді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыста ҚХА қызметін қамтамасыз ететін облыс әкімі аппаратының жанынан «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ақпараттық-насихаттау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісін дәріптеу мақсатында республикалық, облыстық баспа және электронды БАҚ-та ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері қарқынды қызмет атқаруда.
Облыстық ҚХА қызметі 2020 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту концепциясы бойынша жүзеге асады. Аталмыш концепция этностардың мәдениетін, тілдерін, әдет-ғұрыптарын дамытуға, бірлігі жарасқан этносаралық қарым-қатынасты құруға, этномәдени бірлестіктердің азаматтық қоғам институттары мен жергілікті атқарушы органдармен байланысын нығайтуға бағытталған.
Ұлтаралық келісімнің нығаюына және көпұлтты мәдениеттің дамуына үлес қосқандары үшін этномәдени орталықтар басшыларына облыс әкімінің мақтау қағаздары, алғыс хаттар мен сыйақылар табыс етіледі. Ұлттық мәдениет фестивальдерін, дөңгелек үстелдерді, ғылыми-практикалық конференцияларды, ұжымдардың республикалық фестивальдерде өнер көрсетуіне қаржылық көмек облыстық бюджеттен қарастырылған.
Облыстық Ассамблея мен этномәдени бірлестіктерге ақпараттық қолдау көрсетуге басты назар аударылып келеді. Жыл бойында мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын электрондық БАҚ-та облыстық ҚХА қызметіне арналған видеоматериалдар көрсетіліп тұрады.

Ақпараттың соңғы өзгерісі: 24 Қаңтар 2018 18:20
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы