жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 16°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Көлік

Назад

Облыста 241 автобус маршруты бойынша жолаушылар және жүк тасымалданады, соның шінде 115 қала ішіндегі, 54 қала маңында, 72 халықаралық облыс ішіндегі қатынастар, олар 233 елді мекенді қамтиды. Тасымалдаушының шығындарын өтеу үшін жергілікті бюджеттен 2013 жылы 405 млн. 130 мың. теңге бөлінді.
Қарағанды қаласында транспорттық қызметті 57 қалалық және 11 қала маңындағы қатынас бойынша 10 тасымалдаушы жүзеге асырады, үлкен, орташа және кіші сыйымдылықтағы автобустардың саны 732 бірлікті құрайды.
Облыста 13 әлеуметтік маңызды маршрутты теміржол тасымалдауымен қамтамасыз ету ұйымдастырылған, ол 44 елді мекенді қамтиды. 2012 жылы Балқаш-Саяқ және Қарағанды-Сарышаған бағытындағы қосымша тіркеме вагондары іске қосылды.
Қозғалатын құрам үнемі жаңартылып отырады, өткен жылы Қарағанды-Астана бағытындағы 3 маршрут жаңа электрлендірілген поездармен қамтамасыз етілді, 2013 жылға арналған «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ-даму бағдарламасына сәйкес 10 вагон жаңартылатын болады.
«Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» бағытындағы екі темір жолдың құрылысы басталды.
Аталған жобаның басым бағыты Қазақстанның орталық аймағы мен Достық бекетінен шыққан жүкті Қазақстанның батыс аймақтарына, одан әрі Европаға жіберуде 1200 шақырым қашықтыққа дейінгі жолды қысқарту. Сонымен қатар Шұбаркөл кен өндіру орнына транспорттық қызмет көрсете отырып, ол жерден шыққан кенді батыс бағытына тасымалдауда 700 шақырымға дейінгі жолды қысқарту.
Темір жол Қарағанды облысының Ұлытау, Нұра аудандарының, Қызылорда облысының Арал ауданының, Ақтөбе облысының Шалқар және Байғанин аудандарының, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданының және Арқалық қаласының территориясымен өтеді.
Темір жол құрылысы жобасын жүзеге асырудың басымдылықтары:
- темір жол өтетін аймақтағы тұрғын халықтар жұмыспен қамтамасыз етіледі;
- жалдамалы жұмыскерлердің қаржылай кірістері 1,2 тен 65,9%-ке дейін, тұрғылықты халықтың табысы- 4,3 тен 31,9% дейін көтеріледі;
- аудандардың өзге де әлеуметтік-экономикалық жағдайы көтеріледі: банк және сақтандыру мекемелері ашылады, ауылдық аудандардың жекелеген секторларын несиелендіру, мектеп, мектепке дейінгі мекемелер, сауда жүйесі мен қосалқы қызметтер ашылады.

Авиатасымалдау. 2012 жылы «Қарағанды-Жезқазған-Қарағанды» және «Қарағанды-Балқаш-Қарағанды» бағытындағы екі әлеуметтік маңызды бағыттың жұмысы жандандырылды, олардың шығындары облыстық бюджеттен субсидияланады. 2013 жылы субсидия сомасы 263 млн. 522 мың. теңгені құрады.
Облыста авияцияны дамытуда көптеген жаралар жүзеге асуда. Бүгінгі күні Балқаш, Жезқазған, Алматы, Өскемен, Қызылорда, Москва бағытындағы авиарейстер бар. Алматы қаласы бағытындағы тасымалдауға жиілік қосылды. Сонымен қатар кіші авияцияны дамыту жұмыстары жүргізілуде.
Автомобиль және темір жол транспортымен тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыруға 2014 жылы – 1, 351 млн. теңге, 2015 жылы – 1 445 млн. теңге қарастырылған.

Дата cоздания: 16 Қазан 2014 11:44
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 15 Қараша 2018 09:43
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы