жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 29°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Автомобиль жолдары

Назад

Қарағанды облысыныңжалпы мақсаттағы қолданылатын автомобиль жолдарының жүйесі 12 116 км құрайды, оның ішінде:
- 2773 км – республикалық маңыздағы;
- 3549 км – облыстық маңыздағы;
- 4079 км – аудандық маңыздағы;
- 1715 км – қалалық маңыздағы.
Үстіміздегі жылы жалпы мақсаттағы 591 км автомобиль жолдарына жөндеу жүргізіледі.
- республикалық маңыздағы жолдар бойынша – 196 км;
- облыстық маңыздағы жолдар бойынша – 199,6 км;
- аудандық маңыздағы жолдар бойынша – 51,1 км;
- қалалық маңыздағы жолдар бойынша – 144,3 км.
2013 жылғы республикалық маңыздағы Астана-Теміртау жолының құрылысы басталды. Бұл Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды роль атқарады, себебі бұл жол ел астанасын өндірістік қаламен жалғастырады. Жол ең соңғы технология бойынша салынатын болады. Астана-Теміртау тас жолының алғашқы 80 шақырымы 2016 жылы аяқталады деп күтілуде. Жаңа жолдың жалпы қашықтығы 178 шақырымды құрайды. Ол «Орталық-Оңтүстік» бағытындағы авто жолдарды дамыту шеңберінде жүргізіледі.
2013 жылы жолды жөндеуге және ағымда ұстауға 3 916,9 млн. теңге бөлінді:

  • 2 370,4 млн.теңге трансферт республикалық бюджеттен:
  • реконструкция 10 км – 820,42 млн.теңге;

- а/ж «Қарағанды-Шахтинск-Есенгелді-Щербаковское-Киевка» км 195-210 (5 км) Нұра ауданы, мердігер «АБК-Автодор НС» ЖШС;
- а/ж «Қарағанды-Шахтинск-Есенгелді-Щербаковское-Киевка» км 210-225 (5 км) Нұра ауданы, мердігер «СейСер» ЖШС;

  • күрделі жөндеу 23 км – 1 550,0 млн. теңге;

- а/ж «Просторное-Жарық-Ақсу-Аюлы-Ақтогай-Балқаш» км 315-335 (6 км) Ақтоғай ауданы, мердігер «Тастемир» ЖШС;
- а/ж «Қарағанды-Шахтинск-Есенгелді-Щербаковское-Киевка» км 145-165 (5 км) Нұра ауданы, мердігер «ПрогрессKZ» ЖШС;
- а/ж «Қарағанды - Саран-Шахтинск» км 16-35 (4 км) Бұқар жырау ауданы, мердігер «Акжол Қарағанды» ЖШС;
- а/ж «Қарқаралы-Нұркен-Жамбыл» км 38-66 (8км) Қарқаралы ауданы, мердігер «Қарағанды жолдары» ЖШС;

  • 1 546,5 млн. теңге облыстық бюджеттен.
  • Орташа жөндеу (166,5 км) – 958,1 млн.теңге.
  • Ағымдағы жөндеу мен қалпында ұстау (3432 км)– 588,4 млн.теңге.

Қала және аудандарға облыс бюджетінен қарастырылған трансферт - 2793,262 млн.теңгені құрайды:
Қарағанды қаласы бойынша трансферт – 2737,983 млн.теңгені құрайды, оның ішінде:
- 34 км қашықтықтағы орташа жөндеу– 2402,884 млн.теңге.
- Газалиев көшесіндегі, Ержанов көшесінен Кривогуз көшесіне дейінгі қашықтықтағы 0,8 км - 335,099 млн. теңге (жұмыс маусым айына жоспарланған)
Жезқазған қаласы бойынша трансферт- 55, 279 млн.теңге оның ішінде:
- Жезқазған қаласындағы Ғарышкерлер бульварының ара қашықтығы 19 826 м2. ағымдағы жөндеу
Республикалық бюджеттен қарастырылғаны:
2020 жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту үшін 4 бағытта -182, 261 млн.теңгеге, ұзындығы 38,6 км Бұқар жырау, Қарқаралы, Осакаров, Шет аудандарында 4 елді мекендегі 6 объект бойынша 140 жұмыс орыны құрыла отырып.

  • Шет ауданындағы Ағадыр кентінде кент ішіндегі жолдарды орташа жөндеуге бөлінген қаражаттын 11,250 млн.теңгесі игерілді;
  • Қарқаралы ауданындағы Қарабұлақ кіре беріс жолын орташа жөндеу ге қаржыландыру жоспарына сәйкес 11,0 млн.теңге.
  • Бұқар жырау ауданының Қушоқы кентінде, Самарқанд селосында және Самарқанд селосының кіре беріс жолында кент ішіндегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстарына қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражаттың 21,683 млн.теңгесі игерілді;
  • Осакаров ауданындағы Қызылорда - Павлодар - Дальнее авто жолына орташа жөндеу жүргізуге бөлінген қаражаттың 10,0 млн.теңгесі игерілді.

«2013-2015 жылдары моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша
Аталған бағдарлама шеңберінде 2013 жылғы маусым айына 2 161 461 млн. теңге қарастырылған.
- «Даму үшін аудан бюджеттеріне мақсатты трансферттер (облыстық маңыздағы қалалар) 2013-2015 жылдары моноқалаларды дамыту бағдарламасы инвестициялық жобасының шеңберінде» – 1 989, 442 млн.теңге (қала ішіндегі жолдарды қайта төсеу) келесі қалаларда: Абай, Балқаш, Жезқазған, Саран, Сатпаев, Теміртау.
- «Аудан бюджеттері бойынша ағымдағы мақсатты трансферттер (облыстық маңыздағы қалалар) моноқалаларды орналастыру сұрақтары бойынша (7,7 км қашықтықтағы орташа жөндеу) – 172,019 млн.теңге Теміртау, Қаражал қалалары бойынша.

Дата cоздания: 16 Қазан 2014 11:41
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 16 Қазан 2014 11:58
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы