жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 7°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Автомобиль жолдары

Назад

Қарағанды облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6071,3 шақырымды құрайды (3549 шақырым және 2522,3 шақырым), оның ішінде асфальтбетонды жамылғымен – 723 шақырым, қара тасты жамылғымен – 2292 шақырым және ақ тас (қиыршық тас) – 2934,3 шақырым, қара жерлі жолдар – 122 шақырым.
Автомобиль жолдарында 125 көпір (6 972,1 п/метр), 3440 су құбыры (51525 п/метр) бар.
Көліктің негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүк айналымының көрсеткіштері 2017 жылмен салыстырғанда 4,2% және 0,1% тиісінше артты.
Бүгінгі таңда облыстың маршруттық желісі 250-ден астам елді мекендерді тұрақты қатынастармен қамтитын 247 маршруттан тұрады, соның ішінде 110 қалаішілік, 36 қала маңындағы, 13 ауданаралық, 56 қалааралық ішкі қатынастар. Бұдан басқа, облыстың елді мекендердің Ресей Федерациясының қалаларымен - Новосибирск, Екатеринбург, Барнаул, Омбы, Томск, Түмен, Кемеров, сондай-ақ Моңғолияның - Баян Улгей қаласымен байланысын қамтамасыз ететін 24 өңіраралық және 8 халықаралық байланыстар бойынша тасымалдау ұйымдастырылған.
Резервті ескере отырып, қолданыстағы маршруттарға сыйымдылығы және модификациясы әртүрлі 1 600-дан астам автобус бекітілген.
Осы бағыттарда 61 заңды тұлға және жеке кәсіпкерлер жолаушылар мен багажды тасымалдайды.
Облыстың аумағында 31 жұмыс істейтін теміржол вокзалдары бар. 50-ден астам елді мекендерді қамтитын 8 әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық) және қала маңындағы теміржол жолаушылар көлігі қатынастары бойынша қозғалыс ұйымдастырылды.
2018 жылдың сәуірінде Қарағанды-Жезқазған облысішілік әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыты күн сайын жұп сандар бойынша қатынасу мерзімділігімен қайта жаңғыртылды. Бағыттың қайта қалпына келуіне байланысты Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының тұрғындары үшін облыс орталығымен қауіпсіз, ыңғайлы және тұрақты жолаушылар қатынасы құрылған. Жолды іске қосқаннан бері 50 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Болашақта, жолаушылар қозғалысының көлеміне байланысты, поездың жиілігін күнделікті пойызға ауыстыру мәселесі қарастырылады.
Бұдан басқа, халықтың көптеген өтініштеріне және Балқаш көлінің туристік аймағына келушілердің көбеюіне байланысты, 2019 жылдың қаңтарынан бастап Қарағанды-Балқаш пойызы бір қосымша екінші класты тасымалдаумен ұлғайтылды.
Бұл қосымша жылына шамамен 38 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Пойыз құрамының өсуі Балқаш қаласының тұрғындарының теміржол қозғалысы үшін қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді, туристік кластерді дамыту үшін қосымша жағдайлар жасайды.
Теміржол көлігі саласында 2018 жылдың тамыз айында Қарағанды теміржол станциясының құрылысы басталды 2019 жылдың соңында аяқтауымен.
Жөндеу жұмыстары ғимараттың тарихи көрінісін және ішкі көрінісін барынша сақтау арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, станцияның инфрақұрылымы заманауи көліктегі қауіпсіздік талаптарына, жолаушылардың нақты қажеттіліктеріне және қозғалысы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарына сәйкес келеді.
Жалпы алғанда, қайта жаңарту жұмыстары станцияның тәулігіне 4000-нан 8000-ға дейін жолаушылардың өткізу қабілетің, станцияның сыйымдылығы 800-ден 2,3 мың адамға дейін, орын саны - 250-ден 670 адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Облыстың көліктік инфрақұрылымының ірі және стратегиялық маңызы бар объектілерінің бірі «Сары-Арқа» халықаралық әуежайы болып табылады. Қарағанды әуежайы күшті әлеуетке ие және халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келеді. Әуежай класы ИКАО-ның бірінші санатындағы ұшақтардың барлық түрлеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Әуежайдан Мәскеу, Новосибирск, Алматы, Өскемен, Қызылорда қалаларына дейін рейстер бар.
Сондай-ақ Қарағанды-Жезқазған бағытында субсидияланған рейс бойынша жолаушыларды тасымалдау ұйымдастырылды.
Азаматтық авиация саласында 2018 жылдың маусым айында Балқаш әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу басталды. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 8,9 млрд.теңге бөлінді. Жұмыстарды 2019 жылы аяқтау жоспарлануда.
Күрделі жөндеуден кейін аэродромға 1 сыныпты ауыр жүк ұшақтарын алуға болады, ең үлкен салмағы кем дегенде 210 тонна шектеусіз, бұл туризм мен әуе көлігін одан әрі дамытуға оң әсерін тигізеді.
Аймақ үшін, атап айтқанда, Жезқазған аймағы үшін маңызы аз емес, Жезқазған қаласының әуежайы - жолаушыларды тасымалдау аптасына 2 рейспен Жезқазған-Алматы және Жезқазған-Астана әуежайлары арқылы ұйымдастырылады.
Қарағанды облысының басымды бағыты қатты жабынды автомобиль жолдары желісін ұлғайту болып табылады, бұл аудандар мен облыс орталығы арасындағы сенімді байланысты қамтамасыз етеді. Жол жөндеу жұмыстарына 2018 жылы 45,2 млрд.теңге бөлінді және 1215 шақырым жол жөнделді. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 76% құрады.
2019 жылы жол жөндеу жұмыстарына 47 млрд.теңгеге 1065 км жолды жөндеу жоспарлануда, соның есесіне облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 77%-ға дейін жеткізу болып табылады.

Дата cоздания: 16 Қазан 2014 11:41
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қаңтар 2020 17:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы