жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 9°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

2012-2014 жылдарға арналған Қарағанды облыстық үшжақты комиссия отырысының жоспары

Назад

2012 жылғы 16 наурыздан № 1 хаттама әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссия отырысында бекітілді. 2012-2014 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облысының үшжақты комиссия отырысының жоспары 2012 жыл 1 тоқсан 1. Қарағанды облысы әкімінің, облыстық кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктерінің, облыстық жұмыс берушілер және кәсіпкерлер қауымдастығының арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған Келісім жоспарын талқылау және бекіту. 2. Қарағанды облысы әкімінің, облыстық кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктерінің, облыстық жұмыс берушілер және кәсіпкерлер қауымдастығының арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын талқылау және бекіту. 3. 2012-2014 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысының Іс-қимыл жоспарын талқылау және бекіту. 2 тоқсан 1. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының басты бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмыстар туралы (2012-2014 жылдарға арналған Келісімнің 2.1 тармағы). Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, қалалардың және аудандардың жұмыспен қамту орталықтары, Қарағанды, Теміртау қалаларының жұмыспен қамту орталықтары ақпараты 2. Себепсіз тарифтерді өсіруді болдырмау жөніндегі тиісті уәкілетті органдар қабылдаған шаралар, табиғи монополия тарифтерін реттеу механизмін жақсарту жұмыстары туралы (2012-2014 жылдарға арналған Келісімнің 1.4 тармағы) Қарағанды облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттік департаментінің ақпараты. 3. Қазақстан бекіткен Халықаралық Еңбекті ұйымдастыру № 87 «Ұйымдардың құқығын қорғау және қауымдастықтардың еркіндігі туралы», №135 «Кәсіпорындарда еңбек етіп жатқандардың құқығын қорғау және оларға берілген мүмкіндіктер туралы» (2012-2014 жылдарға арналған Келісімнің 6.4 тармағы) Конвенциясына сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне еркін қызмет ұсыну үшін қажетті жағдайларды жасау туралы жұмыстар жағдайлары туралы. Облыстық кәсіподақтар федерациясының, облыстық кәсіподақтар конфедерациясының ақпараты. 4. «Қорғау» шахтерлер және «Жақтау» кеншілер кәсіподақтары бастаған «АрселорМитталТеміртау» АҚ-ның кәсіпорындарында еңбекақыны арттыру туралы «АрселорМитталТеміртау» АҚ-ның, Облыстық кәсіподақтар федерациясының ақпараттары 4 тоқсан 1. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерінде еңбек заңнамаларын сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру туралы. Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің ақпараты. 2. Ұжымдық шарт және келісім жасау туралы және әлеуметтік-еңбек және осыған байланысты экономикалық мәселелерді шешу жөніндегі жүргізілген жұмыстар туралы әлеуметтік әріптестік және комиссия өкілдері бойынша Қарағанды қаласының комиссия басшысының есебі. Әлеуметік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның ақпараты. 2013 жыл 1 тоқсан 1. Медициналық көмекті тегін мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етуе (2012-2014 жылдарға арналған Келісімнің 1.2 тармағы) бағытталған шаралар туралы. Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты. 2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбек міндеттемелерін орындау кезінде жұмыс берушілердің қызметкерлерге әкелген зиянын уақтылы және толық өтеу бойынша жұмыс жағдайлары туралы. Облыстық кәсіподақтар федерациясының, Облыстық еркін кәсіподақтар конфедерациясының, Жұмыс берушілер кеңесінің, Облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының, Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының, Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметік қорғау департаментінің ақпараты. 2 тоқсан 1. Ұжымдық шарт және келісім жасау туралы және әлеуметтік-еңбек және осыған байланысты экономикалық мәселелерді шешу жөніндегі жүргізілген жұмыстар туралы әлеуметтік әріптестік және комиссия өкілдері бойынша Саран қаласының комиссия басшысының есебі. Саран қаласының әлеуметтік әріптестік бойынша үшжақты комиссия өкілдерінің ақпараты. 2. Еңбекақыны уақтылы және толық төлеу, оның индексациясы және зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстармен, ауыр жұмыстармен қамтылған қызметкерлер үшін жоғары салалық коэффициенттерді қолдану, шетел және отандық қызметкерлердің арасында еңбегін төлеуде дискриминацияны болдырмау жөіндегі әлеуметтік әріптестіктердің бірлескен жұмыстары туралы. Облыстық кәсіподақтар федерациясының, Облыстық еркін кәсіподақтар конфедерациясының, Жұмыс берушілер кеңесінің, Облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының, Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының, Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметік қорғау департаментінің ақпараты. 4 тоқсан 1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 120 тармағында қарастырылған еңбекақыны төлеу саласында мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз ету бойынша тексеріс нәтижелері туралы. Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің ақпараты. 2. Себепсіз тарифтердің өсуін болдырмау және тиісті уәкілетті органдардың қабылдаған шарлары туралы, табиғи монополиялар тарифтерін реттеу механизмдерін жетілдіру (2012-2014 жылдарға арналған Келісімнің 1.2 тармағы) бойынша жұмыстар туралы. Қарағанды облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттік департаентінің ақпараты. 3. Қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру арқылы (шәкірақы, білім демалысын төлеу, тренинг және өзге де білім алатын шараларды ұйымдастыру) еңбек өніділігін арттыруға әсер ететін жағдайларды қамтамасыз ету туралы. Жұмыс берушілер кеңесінің, Облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының, Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының, Облыстық кәсіподақтар федерациясының, Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметік қорғау департаментінің ақпараты. 2014 жыл 1 тоқсан 1. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін ұйымдар қызметкерлерінің, азаматтық қызметкерлердің еңбекақсын төлеу және олардың еңбегін төлеу деңгейінарттыру туралы. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, Облыстық кәсіподақтар федерациясының, Еркін кәсіподақтар конфедерациясының ақпараты. 2. Қазақстан Республикасының нормативтк және құқықтық актілерінде тиісті кезеңде анықталған инфляция деңгейінен шыға отырып жұмыс берушілердің актілерінде немесе ұжымдық шарттарда, келісімдерде бекітілген ретте еңбекақыны төлеудің (тариф, еңбекақы мөлшері) тұрақты бөлігін индексациялау жөніндегі облыстық жұмыс берушілердің жүргізген жұмыстары туралы. Жұмыс берушілер кеңесінің, Облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының, Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының ақпараты. 2 тоқсан 1. Қазақстан Республикасының (2012-2014 жылдарға арналған Келісімнің 1.2 тармағы) индустарлды-инновациялық жеделдетуін дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы туралы. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ақпараты. 2. Қауіпсіз және дені сау еңбек жағдайларын құру жөніндегі еңбек заңнамасын сақтауда қоғамдық бақылауды жүзеге асыру туралы. Облыстық кәсіпкерлер федерациясының ақпараты. 4 тоқсан 1. 2011-2020 жлдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығын жаңарту бағдарламасын (2012-2014 жылдарға арналған Келісімнің 1.2 тармағы) іске асыру барысы туралы. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпараты 2. Себепсіз тарифтерді өсіруді болдырмау жөніндегі тиісті уәкілетті органдар қабылдаған шаралар, табиғи монополия тарифтерін реттеу механизмін жақсарту жұмыстары туралы (2012-2014 жылдарға арналған Келісімнің 1.4 тармағы) Қарағанды облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттік департаментінің ақпараты. 3. Денсаулық сақтау және білім, еңбек саласындағы жастардың құқығын қорғау жөніндегі әлеуметтік әріптестік жақтарының қатысуы туралы. Облыстық кәсіподақтар федерациясының, Облыстық еркін кәсіподақтар конфедерациясының, Жұмыс берушілер кеңесінің, Облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының, Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының, Білім басқармасының, Денсаулық сақтау басқармасының, Ішкі саясат басқармасының ақпараты. Ескерту: Облыстық үшжақты комиссия отырысының күн тәртібінде қажеттілік жағдайында мәлелердің өзгеруі мүмкін. Келісілді: Облыстық атқарушы органдар өкілдері Облыстық кәсіподақтар бірлестіктерінің өкілдері Облыстық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер қауымдастығының өкілдері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы