жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 33°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының тұрақты түрде әрекет жасайтын жұмыс тобының ережесі

Назад

2009 жылғы 26 маусымдағы №2 Хаттама облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының шешімімен БЕКІТІЛДІ ОҮК шешіміне сәйкес, өзгерістермен (2014 жылғы 24 сәуірдегі №1 хаттама) Қарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның тұрақты әрекеттегi жұмыс тобы туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты әрекеттегі үшжақты комиссия жұмыс тобының (бұдан әpi мәтін бойынша жұмыс тобы) әрекеті Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізінде жүзеге асырылып, тараптар өкілдерінің отырысы түрінде өткiзiлeдi. Жұмыс тобы өз қызметінде Қазақстан Республикасының заң шығаратын және басқа да актілерін және Қарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты әрекеттегі үшжақты комиссиясы (бұдан әpi мәтін бойынша Комиссия) жұмыс тобының Ережесін басшылыққа алады. 2. Жұмыс тобы Комиссия шешімімен Комиссияның облыстық келісім жобалары мен шешімдерін реттеу, оның отырыстарына енгізілетін сұрақтарды әзірлеу, әpi олардың орындалуының бақылауын жүзеге асыру үшін құрылады. Облыстық үшжақты комиссиясының тараптарына қатысушылар Жұмыс тобының әрекетіне қатысу үшін өз шешімімен тұрақты өкілдерді, сарапшыларды жібереді. Жұмыс тобы құрамындағы өкілдердің бекітілуі мен алмастырылуы тараптар мен олардың бірлестіктерінің шешімдеріне сәйкес жүргізіледі. Жұмыс тобы құрамына жіберілетіндер: облыстың атқарушы билік органдарынан, жұмыскерлер бірлестіктерінен, кәсіпкерлер ассоциацияларынан, облыстың жұмыс берушілер Кеңеснен 1-2 өкіл, әрі облыс әкімдігінің мемлекеттік-құкықтық бөлімінің өкілі. 3. Жұмыс тобының ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіруші мен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қамтамасыз етеді. 4. Жұмыс тобы өз әрекеін Комиссияның бектілген жұмыс жоспары мен оның қабылдаған қаулыларына сәйкес жүзеге асырады. 5. Жұмыс тобы мүшелерінің қарауына Комиссияның шешімдері, келісім жобалары, даулы мәселелердің, қайшылыктар хаттамаларын талқылау шығарылады, туындаған қайшылыктарды жою әрекеттерін жасау жүзеге асырылады. 6. Еңбек қатынастары саласындағы саясатты өткізу қызметтері жүктелген «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ бастығының орынбасары тұрақты Жұмыс тобының жетекшісі болып табылады 7. Тұрақты жұмыс тобының жетекшісін тағайындау «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ бастығының бұйрығымен іске асырылады. 8. Жұмыс тобының отырыстары Жұмыс тобының жетекшісі мен үйлестірушісінің қолы қойылған хаттамалармен рәсімделеді. 9. Жұмыс тобы: 9.1. Комиссияның қарауына шығарылатын жоспарланған және қосымша мәселелерді алдын-ала қарастыруға; 9.2. тараптар өкілдері және Комиссия келісімдері мен шешімдерінің орындалуына жауаптылардан олардың орындалуы туралы ақпаратты сұрауға, оларды негізге алып жинақ есептер мен талдамалық жазба әзірлеуге; 9.3. жұмыс берушілерден, жұмыскерлер мен атқарушы билік органдарының өкілдерінен қарауға жоспарланған мәселелер жөніндегі материалдарды сұрауға; 9.4. Жұмыс тобының отырыстарына жұмыс берушілерді, жұмыскерлер мен атқарушы билік органдарының өкілдерінен және тәуелсіз сарапшыларды шақыруға; 9.5. комиссияның үйлестірушісі мен тараптардың өкілдерімен бірге Комиссия шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; 9.6. комиссияның үйлестірушісі мен тараптардың өкілдерімен бірге Комиссия шешімдерінің орындалу барысы туралы ақпаратты әзірлеп, Комиссия мүшелерінің назарына жарты жылда бip рет ұсынуға құқылы. 3. Жұмыс тобының отырыстарын өткізу тәртібі 10. Жұмыс тобының мүшелерімен комиссия жұмысы жоспарының, Комиссияның бұрын қабылдаған қаулылары, тараптардың ұсыныстары мен белгіленген тәртіпте ұсынылатын сәйкес материалдар негізінде болатын отырыс пен кезекті комиссия отырысының күн тәртіптері жинақталады. Комиссияның кезектен тыс отырысына материалдарды жинақтау үшін тараптар өкілдері Комиссияның кезектен тыс отырысын әзірлеу ic-шаралары белгілейтін мерзімде жұмыс тобына түсіндірме хатын, шешу жобасын (ұсыныстар), отырысқа шақырылған адамдар тізімін ұсынады. Комиссия отырысына қосымша мәселені шығаруға бастама жасағандар Жұмыс тобының отырысына дейін 10 күннің ішінде мәселені Комиссия отырысында қарауға мақсатқа сәйкес дәлелі мен барлык қажетті материалдарды (анықтама, шешу жобасы) ұсынады. Жұмыс тобына материалдар құжаттар пакетін жинақтау келіп түскен күн тәртібіне сәйкес Жұмыс тобының жетекші Жұмыс тобының отырысын өткізетін мерзімін отырысқа дейін 5 күннен кешіктірмей белгілейді. 11. Отырысқа 5 күн қалғанда Жұмыс тобының мүшелері мен шақырылғандарды отырыстың өтетін күні, уақыты және орны туралы ақпарат береді және отырысқа дейін 2 күннен кешіктірмей олардың мекен-жайларына қажетті материалдар жолдайды. Жұмыс тобының отырысына Комиссия құрамына кірмейтін жұмыс берушілер, жұмыскерлер мен атқарушы билік органдарының өкілдері, сонымен қатар мамандар мен басқа ұйымдар өкілдері шақырылуы мүмкін. Жұмыс тобының отырыстары Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынатын үймереттерде өткізеді. 12. Отырыс барлық Тараптар өкілдері болғанда заңды деп танылады. 13. Отырысты Жұмыс тобының жетекшісі, ол болмаса, тараптардың бip өкілі өткізеді. Хабарландыруға, ақпаратқа, сөз сөйлеуге берілетін уакыт отырыстың қабылданған регламентіне сәйкес белгіленеді. Жұмыс тобының мүшелері мен шақырылғандар Жұмыс тобының отырысында төраға сөз бергенде сөйлейді. 14. Жұмыс тобының қатысушылары Жұмыс тобына қатысуға жіберілген тараптар өкілдеріне талқылау нәтижесі туралы ақпарат бepiп, тараптар мен олардың мүддесін қорғайтын уәкілетті органдарының алдында тікелей жеке жауапты.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы