жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 2°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қарағанды облысының тұрақты түрде әрекет жасайтын үшжақты комиссиясының ережесі

Назад

2009 жылғы 26 маусымдағы №2 Хаттама облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының шешімімен БЕКІТІЛДІ ОҮК шешіміне сәйкес, өзгерістермен (2014 жылғы 24 сәуірдегі №1 хаттама) Қарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жешндеп теракты әрекеттеп үшжақты комисснясы гуралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1.1. Қарағанды әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты әрекеттегі үшжақты комиссиясы жұмыс тобының (бұдан әpi мәтін бойынша Комиссия) қызметі 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республиқасы Еңбек кодексі негізінде атқарушы билік органдары өкілдерінің, облыс жұмыскерлері мен жұмыс берушілерінің, Комиссия жұмыс топтарының отырыстары, консультациялары, ұжымдық келіссөздері, еңбек және басқа да оған қатысты қатынастарды реттеудің негізгі бағыттары бойынша тараптар ұстанымдарын келістіру түрінде жүзеге асырылады. Комиссия сәйкес келісімдер мен шешімдермен рәсімделетін консультациялар мен келіссөздер өткізу жолымен әлеуметтік әріптестік тараптары мүдделерінің келісімдерімен қамтамасыз ететін тұрақты әрекеттегі орган болып табылады. 1.2. Облыстың атқарушы органдарының өкілдері белгіленген тәртіпте уәкілетті жұмыскерлер мен жұмыс бepyшiлepдiң өкілдері ретінде облыстық үшжақты комиссияның қатысушылары болып табылады . 1.3. Белгіленген тәртіпте тіркелген жұмыскерлер мен жұмыс беруші бірлестігінің әрқайсы өз өкілдерін Комиссияның сәйкес тарабының құрамына жіберуге құқылы. 1.4. Комиссия үйлестірушісі облыс әкімінің аппаратының қызметкерінен тараптардың бірлескен шешімі бойынша тағайындалады. Комиссия үйлестірушісі тараптардың қызметіне қатыспайды. 1.5. Комиссия тараптарының персоналды құрамын әрбір әлеуметтік әріптеспен (әлеуметтік әріптестік тарабының қатысушысы) өз бетімен қалыптастырады. Әр тараптан Комиссия мүшелерінің саны сол тараптың қатысушылардың келісуімен белгіленеді, бірақ адам саны 12 адамнан аспау керек. Комиссия құрамында жұмыскерлер мен жұмыс беруші өкілдерін бекіту және ауыстыру әлеуметтік әріптестіктің сәйкес тарабына сай жүргізіледі. Облыстың атқарушы органдарының өкілдерін бекіту және ауыстыру облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес жүргізіледі. Жұмыскерлердің Комиссияда өкілеттілігіне қатысты даулы мәселелер жұмыскерлер өкілдерінің бірлескен мәжілісінде шешіледі. Жұмыс берушілердің Комиссияда өкілеттігіне қатысты даулы мәселелер жұмыс берушілер өкілдерінің бірлескен мәжілісінде шешіледі. 1.6. Комиссия өз қызметін облыстық келісімдегі тараптар қарастырған міндеттемелерді есепке ала отырып қалыптастырылатын және олардың қосымша ұсыныстары негізінде өзі бекіткен жұмыс жобасына сәйкес жүзеге асырады. 1.7. Отырыстар жылына кемінде екі рет өткізіледі. 2. Комиссия құқықтары 2.1. Комиссия: 1) өз отырыстарында әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы келісілген саясатты өткізу проблемасын қарастыруға; 2) келісім жобасын әзірлеуде, осы келісімді іске асыруда, Комиссия шешімдерін орындауда жұмыс берушілер мен жұмыскерлер бірлестіктері өкілдерінің, кәсіпкерлер ассоциацияларының, облыстың атқарушы органдар өкілдерінің мүдделерін келістіруге; 3) облыстың атқарушы органдар өкілдерінен, кәсіпкерлер ассоциацияларынан, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер бірлестіктері өкілдерінен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін жасалып жатқан және жасалған келісімдер туралы ақпарат сұрауға; 4) қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға, орындалмаған жағдайда жауапты адамдарынан әлеуметтік әріптестік тарапына анықталған бұзушылықтарды жою және тапсырмалар мен қабылданған міндеттемелерді орандалмағанына кінәлі адамдарға тиісті шаралар колдану туралы ұсыныспен ақпарат жіберуге; 5) атқарушы органдардан ұжымдық келіссөз жүрізуге және келісім, шешім жобаларын әзірлеуге, белгіленген келісім, шешімнің орындалуына бақылау ұйымдастыруға қажетті әлеуметтік жағдай туралы ақпаратгы сұрауға және алуға; 6) уәкілетті мемлекеттік органдарының қарастыруына әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында нормативтік құкықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге; 7) ғалымдар мен мамандарды тартып жұмыс топтарын құруға; 8) облыс атқарушы органдарының, коғамдық бірлестіктердің жұмыскерлері және тәуелсіз сарапшыларды облыстық Комиссия отырыстарына шақыруға; 9) Комиссия белгілеген мерзімде, атқарушы билік органдары, кәсіпкерлер ассоциацияларының өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер бірлестіктерінің қарауына және орындауына міндетті бірлескен келісімдер мен шешімдерді қабылдауға; 10) аталған ic-шаралардың ұйымдастырушыларымен келіскен тәртіпте әлеуметтік және еңбек қатынастары мен әлеуметтік әpiптecтік мәселелері жөнінде халықаралық, республиқалық, аймақаралық мәжілістерді, конференцияларды, конгресстерді, семинарларды өткізуге қатысуға құкылы. 3. Комиссияның жұмыс топтары 3.1. Комиссия шешімімен Комиссияның облыстық келісімдері мен шешімдерінің әзірлеп орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін, отырыстарға шығарылатын сұрактарды әзірлеу үшін Комиссияның тұрақты әрекеттегі және уақытша үшжақты жұмыс топтары (бұдан әpi мәтін бойынша Жұмыс тобы) құрылады. Тараптар қатысушылары Жұмыс топтарының құрамына өз өкілдерін жібереді. Жұмыс топтары мен Комиссияның ұйымдастырушылық жұмыстарын үйлестіруші мен «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегібасқармасы» ММ қамтамасыз етеді. 3.2. Жұмыс топтарының отырыстары Жұмыс топтарының жетекшісі мен үйлестірушінің қолы қойылатын хаттамалармен рәсімделеді. 3.3. Еңбек қатынастары саласындағы саясатты өткізу қызметтері жүктелген «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ бастығының орынбасары тұрақты Жұмыс тобының жетекшісі болып табылады. 4. Комиссия отырысын әзірлеу 4.1. Комиссия отырысының жобасы Жұмыс тобының мүшелерімен комиссия жұмысы жоспарының, Комиссияның бұрын қабылдаған қаулылары, тараптардың ұсыныстары мен белгіленген тәртіпте ұсынылатын сәйкес материалдар негізінде құрастырылады. Комиссияның қүн тәртібін құрастыру кезінде әр тарап жұмыс жоспарына кірмейтін Комиссия отырысының күн тәртібіне кірмейтін мәселелерді күн тәртібіне енгізуді ұсынуға құкылы. Комиссия отырысына косымша мәселені шығаруға бастама жасағандар Жұмыс тобының отырысына дейінгі 10 күннің ішінде мәселенің Комиссия отырысында қарауға мақсатқа сәйкес дәлелі мен барлық қажеті материалдарды (анықтама, шешу жобасын) ұсынады. 4.2. Әдеттегідей Комиссия отырысының қарауына Жұмыс тобы қарастырған мәселелер шығарылады. 4.3. Әр тарап материалдары мен өткізу қажеттігінің жазбаша негіздеуімен Комиссияның кезектен тыс отырысын өткізу туралы ұсыныс жасауға құкылы. Басқа тараптан келіссөзді бастауға ұсыныс алған тараптар 10 күннің ішінде оларды талқылап келіссөзге кipicyгe міндетті. 4.4. Ұсынылған Комиссия отырысы күн тәртібі мәселелері жөнінде үйлестіруге: жүргізу тәртібі; анықтама хат; Комиссия қаулыларының жобалары (ұсыныстары); отырысқа шақырылатын адамдар тізімі беріледі. 4.5. Жұмыс тобында талқыланғаннан кейін күн тәртібіндегі әзірленген материалдар отырысқа дейінгі 7 күннен кешіктірілмей тараптармен келісу бойынша Комиссия отырысын өткізу күнін белгілейтін үйлестірушіге жіберіледі. 4.6 Отырысқа 5 күн қалғанда Комиссия мүшелері мен шақырылғандарды отырыстың өтетін күні, уақыты және орны туралы ақпарат береді және отырысқа дейінгі 2 күннен кешіктірмей олардың мекен-жайларына қажетті материалдар жолдайды. Комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілген жағдайда материалдар тікелей Комиссия отырысының алдында берілуі тиіс. 4.7. Комиссия отырысына Комиссия құрамына кірмейтін жұмыс берушілер, жұмыскерлер мен атқарушы билік органдарының; өкілдері, сонымен қатар мамандар мен басқа ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Комиссия отырысына қатысуға өтінімдері отырысқа дейінгі 5 күннен кешіктірмей сәйкес тараптар үйлестірушіге береді. 4.8. Комиссия отырысына дейін отырысқа қатысушылардың тіркеуі өткізіледі. 4.9. Комиссия отырысына көпшілік ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады. Пресс-релизді тараптардың ұсыныстарын ескере отырып жұмыс тобы әзірлейді. 4.10. Комиссия отырыстары облыс әкімдігі ұсынатын үймереттерде өткізіледі. 5. Комиссия отырысын өткізу тәртібі 5.1. Отырыс тараптар өкілдерінің үштен екісі болғанда заңды деп танылады. 5.2. Отырысты облыстың атқарушы органдары тарапының төрағасы өткізеді. 5.3. Облыстың атқарушы органдары тарапының төрағасы: 1) Комиссияның бекітуіне отырыс күн тәртібі мен оның жұмыс регламенті жайындағы ұсыныстарды енгізеді; 2) отырыстың осы ережеге сәйкес өткізілуін қамтамасыз етеді. 3) ұсыныстардың қабылданған ретімен, ал қажет болған жағдайда себебін жариялап өзгертілген ретпен сөз береді; 4) Комнссиямен бекітілген отырыс регламенті бұзылған жағдайда сөз сөйлеушіге ескерту жасауға немесе сөз бермеуге құқылы. 5.4. Баяндауға, хабарландыруға, ақпаратқа, сөз сөйлеуге берілетін уакыт Комиссия қабылдаған отырыс регламентіне сәйкес белгіленеді. Комиссия мүшелері мен шақырылғандар Комиссия отырысында төраға сөз бергенде сөйлейді. Комиссия мүшесі: 1) Комиссия мен Жұмыс топтарының отырыстарында талқыланатын мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге; 2) Комиссияның тұрақты және уакытша жұмыс топтарының отырыстарына қатысуға құкылы. Комиссия мүшесі: 1) Комиссия мен Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға; 2) Комиссия шешімдерінің жүзеге асырылуына жәрдемдесуге; 3) ол өкіл болған жұмыскерлер бірлестіктеріне, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер ассоциациясына Комиссия қызметі және Комиссияның облыстық келісімдері мен шешімдерінің орындалу барысы жөнінде жүйелі түрде ақпарат беруге міндетті. Комиссия мүшесі тарап пен олардың мүддесі қорғайтын уәкілетті органдарының алдында тікелей жеке жауапты. 6. Шешімдердің орындалуын бақылау және қабылдау тәртібі 6.1. Комиссия өз шешімдерін сәйкес келісімдермен, шешімдермен рәсімделетін келіссөздерде барлық тараптардың келісуіне жету негізінде қабылдайды. 6.2. Келіссөздер барысында, егер тараптар келісімге келмесе, келіспеушілікті жою мен келіссөзді жалғастыру мезгілі бар соңғы жинақталған ұсыныстар енгізілген хаттама жазылады. 6.3. Қаралатын мәселелер жайындағы шешімдер жобалары Комиссия мүшелеріне жазбаша және электронды түрде берілуі тиіс. 6.4. Комиссия тараптар өкілдерінен шешім жобасын әзірлеуге, жобаға түзетулер мен толыктырулар енгізуге, оның редакциялық толықтыру үшін редакциялық комиссия құруға құкылы. 6.5. Әлеуметтік әріптестік тараптары, Комиссия үйлестірушісі шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Келісімдердің, шешімдердің орындалуына жауаптылар Комиссия белгілеген мезгілге дейін келісімдердің, шешімдердің орындалу барысы жөнінде Комиссияға жарты жылда бip рет ақпарат беру үшін жазбаша ақпаратты Жұмыс тобына немесе үйлестірушіге жолдайды. 6.6. Комиссия отырысының хаттамасына және шешімдерге отырыста төрағалық еткен әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің жетекшілері қол қояды. Жұмыс тобы хаттама мен шешімнің көшірмелерін әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің жетекшілеріне және шешімдердің орындалуына жауаптыларға жолдайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы