жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 2°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қарағанды облысы әкімінің, кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктерінің, облыстық жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер қауымдастықтарының арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған облыстық келісім

Назад

2012 жылға 16 наурыздағы ОҮК отырысында бекітілді Қарағанды облысы әкімінің,кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктерінің,облыстық жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер қауымдастықтарыныңарасындағы2012-2014 жылдарға арналған ОБЛЫСТЫҚ КЕЛІСІМ Біз, облыстық атқарушы билік органдарының, кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктері мен облыстық жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер қауымдастықтары бірлестіктерінің (бұдан әрі – Тараптар)уәкілетті өкілдері: Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау; мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара сыйластығы мен олардың мүдделерін білдіруде ымыраға барынша қол жеткізу; елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асырудағы ынтымақты жауапкершілік және оның жер-жерлерде нақты жүзеге асырылуына ықпал ету; әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу; лайықты еңбек ету үшін жағдайларды қамтамасыз ету ісінде сындарлы өзара іс-қимыл, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің әлеуметтік-экономикалық мүдделері, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, 2012−2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу барысында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын және оны іске асырудың бірлескен іс-қимылдарын айқындайтын 2012−2014 жылдарға арналған осы Облыстық келісім (бұдан әрі – Келісім)жасалды. І. Экономикалық саясат Тараптар алдағы кезеңде мемлекетіміздің экономикалық саясаты экономиканы жаңғырту және Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, тарифтік саясатты жетілдіру, бәсекеге қабілеттілікті қорғау және еліміздегі бизнес ахуалын жақсарту негізінде тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс деп есептейді. Осыған байланысты Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды: 1.1. Экономиканың ықтимал даму нұсқалары кезінде қатерлерді азайтуға бағытталған макроэкономикалық саясатты жүргізу негізінде 2012−2014 жылдары теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз етуге жәрдемдесу. 1.2. Мыналарды: Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын; Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010−2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны; Білім беруді дамытудың 2011−2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2011−2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын; Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану және дамытудың 2011 − 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын; Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011−2020 жылдарға арналған бағдарламасын; 2011−2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын; Қазақстан Республикасының агрокәсіптік кешенін 2010−2014 жылдарға арналған дамыту бағдарламасын іске асыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру; Қарағанды облысының 2012-2015 жылдарға арналған дамыту бағдарламасынын. 1.3. Өндірісті жаңғыртуда және дамытуда инвестицияларды жүзеге асыратын ұйымдарды ынталандыру жүйесі мен тетіктерін жетілдіру. 1.4. Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарық туралы» Заңына сәйкес тарифтік саясатында тұтынушылардың және қызмет өндірушілерінің табиғи монополиялар субьектілерінің арасында қызғушылық балансының қол жетімді қажеттілігінен шығу. 1.5. Өндірісті ұйымдастырудың, менеджмент жүйесінің жаңа әдістерін, жаңа технологиялар мен техниканы енгізу, жалақыны арттыру есебінен еңбек өнімділігі мен сапасын арттыру. 1.6. Ведомствоаралық комиссиялардың, сондай-ақ Үкімет және орталық мемлекеттік органдар жұмыс топтарының еңбек қатынастары және әлеуметтік-экономикалық мәселелермен байланысты заңнамалық актілер жобаларын қарастырып, әзерлеу жұмыстарына қатысу. ІІ. Еңбек нарығын дамыту, халықтың тиімді жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу Тараптар адам әлеуетін оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәнінде дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыруда жоғары сапалы еңбек ресурстарына сұранысты қалыптастыру, лайықты еңбек және лайықты еңбекақы үшін жағдайлар жасау міндеттерін шешуде күш-жігерді жұмылдыру қажет деп есептейді. Бұл үдерістер халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын дамыту саласында әлеуметтік әріптестердің тиімді өзара іс-қимылымен ұстануы тиіс. Осы мақсаттарда Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды: 2.1. Төмендегі іс-шараларды іске асыруды: ағымдағы бос жұмыс орындары және болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық мәліметтер базасын қалыптастыруға қатысу; қызметкерлерді фирмаішілік даярлау және қайта даярлауды ынталандыру; жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және ақпараттық ресурстардың, оның ішінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық порталының аясында қол жетімділікті қамтамасыз ету; әйелдердің барынша жұмыспен қамтылуы жөнінде шаралар қолдану; Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы мен халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламалары аясында әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына жіберілген адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету; Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын іске асыруды қамтамасыз ету. 2.2. Мынадай: ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, кәсіптік стандарттарды әзірлеу, жұмысшылар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және басшылардың, мамандардың және қызметшілер лауазымдарының бірыңғай біліктілік анықтамалығын жаңартуға қатысу; экономиканың инновациялық даму қажеттілігіне кәсіптік білім беру жүйесін бейімдеу; халыққа кәсіптік бағдар беру, оның ішінде мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту; жұмыс берушілерді өзінің оқу-материалдық базасын дамытуға, бейінді кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық базасын және білім беру үдерісін жаңғыртуға және басқаруға, қызметкерлердің қажетті дағдыларды үйренуіне және білім алуына жағдайлар жасауға қатысуға тарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру. 2.3. Ұлттық еңбек нарығын қорғау бөлігінде халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. 2.4. Тараптар бұл ретте: қиын ахуалдар туындаған жағдайларда еңбек нарығындағы шиеленісті төмендетуге бағытталған шаралар қолдану; қалалар мен елді мекендерде экономикаға қайта құрылымдау жүргізгенде, жұмыспен қамту құрылымының түр-түрін көбейткен кезде халықты жұмыспен қамтуды қолдау тетіктерін жетілдіру; жұмысынан айырылған немесе толық емес жұмыспен қамтылған жағдайда азаматтарды қолдау және материалдық кепілдік беру жолдарын жетілдіру. ІІІ. Тұрғындардың еңбекақысы, табысы мен өмір сүру деңгейі Тараптар алдағы кезеңде қызметкердің лайықты еңбекке құқығын, жалақысының деңгейін арттыруды, табыс саясатын жетілдіру және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру қажет деп есептейді. Осы мақсаттарда Тараптар еңбекті ұйымдастыруға және жалақыны жетілдіруге, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, экономиканы тұрақты дамыту мақсатында еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін болады. Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды: 3.1. Салалық келісімдерге қосылуды және тиісті саладағы ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін арттырушы салалық коэффициенттерді ұжымдық шарттарға бекітуді қамтамасыз ету. 3.2. Ұқсас жұмыстарды орындау кезінде және бірдей біліктілікке сәйкес келетін шетелдік және отандық қызметкерлер арасындағы еңбекақы төлеу саласында кемсітушілікке жол бермеуге ықпал ету. 3.3. Еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына мониторинг жүргізу. 3.4. Тиісті саладағы ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ең төмен еңбекақы төлеу стандартын пайдаланудың қолданыстағы жүйесіне талдау жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. IV. Әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау, тең мүмкіндіктер беру саясаты Әлеуметтік саланы жаңарту және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді және тұрақты жүйесін дамыту, жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды: 4.1. Зейнетақы жүйесін арттыру жөніндегі ұсынысты дайындауға қатысу; 4.2. Халықтың әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін іске асыру шараларын жүзеге асыруға қатысу; 4.3. Тегін медициналық көмекке мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру; 4.4. Әлеуметтік маңызды аурулардан сақтандырумен қоса, жұмыс орындарында денсаулықты қолдауға бағытталған ұжымдық әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру. 4.5. Тараптар мынадай мәселелер: табысы әртүрлі деңгейдегі тұрғындар топтарына тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шараларды әзірлеу; тұрғын үй және коммуналдық қызметтердің бағалары мен тарифтерін мемлекеттік реттеу, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру жөнінде консультациялар жүргізу туралы уағдаласады; 2020 жылға дейін Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңарту бағдарламасы аясында тұрғын үй қорының капиталды жөндеуінің басымдылығы туралы халыққа және қызметкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу; Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту бағдарламасы аясында тұрғын үйде жүргізілген жұмыс сапасы бойынша мониторингті жүзеге асыру. 4.6. Қазақстан Республикасында 2006–2016 жылдарға арналған гендерлік теңдіктің стратегиясын іске асырудың: ана мен баланы қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында гендерлік проблемаларды шешуге; балалардың күтімімен және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерді тең құқықтар негізінде қолдауға; әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі өкілдігін арттыруға бағытталған шараларын жүзеге асыру. 4.7. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға, еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету міндеттерін шешуге бағытталған іс-шараларды іске асыруға, жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін өздігінен іске асыру үшін жағдай жасауға, жастардың қоғамдық оң бастамаларын ынталандыруға қатысу. 4.8. Ұйымдарда салалық, өңірлік келісімдер және ұжымдық шарттар жасаған кезде әйелдерге, жастар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға негізгі құқықтар мен кепілдіктерді көздеу. 4.9. Орташа айлық еңбекақысын және жұмыс орнын сақтау, медициналық қарау құнын төлеуде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кезеңдік медициналық қараудан міндетті түрде өтуге жұмыскерлерді кепілдікпен қамтамасыз ету. V. Еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік Келісім Тараптары адам ресурстарын сақтауды ұлттық басымдықтардың бірі екенін ескере отырып, еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті жақсарту мәселелерін қарап: 5.1. Кәсіптік қатерлер мен еңбекті қорғауды басқарудың кешенді әдістерін басқару жүйесін енгізуді қамтамасыз ететін заңнаманы, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, қауіпсіз техника және технологияларды енгізу жұмыстарын жүргізуге міндеттенеді. 5.2. Еңбекті қорғауға, өндірістік жарақаттарды және кәсіптік ауруларды төмендетуге бағытталған алдын алу іс-шараларын қаржыландыру шараларын дайындауға және қамтамасыз етуге міндеттенеді. 5.3. Өндірістік жарақаттану салдарынан өлім-жітімді азайту және кәсіптік аурулардың туындауының алдын алуға бағытталған еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту шараларын дайындауға және іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді. 5.4. Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін тиімді жоюға бағытталған ұлттық саясатты сақтауға және оны іске асыруға ықпал етуге міндеттенеді. 5.5. Облыс кәсіпорындарында еңбек жағдайлары мен оны қорғаудың жай-күйіне мониторинг жүргізу жүйесін дамытуға міндеттенеді. 5.6. ХЕҰ-ның АИТВ/ЖИТС және еңбек саласы бойынша (№ 200) ұсынымдарын жылжыту шараларын қабылдауға міндеттенеді. 5.7. Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, еңбекті қорғау жөнінде қызметкерлерді кешенді даярлауды жетілдіруге міндеттенеді. 5.8. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге міндеттенеді. 5.9. Халықаралық еңбек ұйымының «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы» № 187 конвенциясын ратификациялау жөніндегі техникалық консультациялар жүргізу жұмыстарын жалғастыруға міндеттенеді. ҮІ. Әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік жауапкершілік Тараптар әлеуметтік және экономикалық даму, еңбек қатынастарын реттеудің негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдаған кезде әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытуды, оның мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет деп есептеп, өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды: 6.1. Тараптардың мүдделерін келісудегі Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссиясының (бұдан әрі – ОҮК) рөлін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру және: әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұдайы консультациялар жүргізуді; уәкілетті мемлекеттік органдарға қарауға облыстағы әлеуметтік және еңбек қатынастарының нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу бойынша ұсыныстарды енгізу жөніндегі ОҮК-ның қатысуына қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларын орындауды қамтамасыз ету. 6.2. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеудің құқықтық базасын жетілдіруге және ұжымдық еңбек дауларын шешудің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру. 6.3. Қалалық және аудандық деңгейде келісімдер жасау тәжірибесін және мониторинг, консультациялар жүргізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ әріптестік органдарының жұмыс тәжірибесін және комиссия отырыстарында талдау нәтижелерін қарау. 6.4. Кәсіподақтар есебінде алып қалған соманы қайта бөлу және кәіподақ қызметкерлерінің-кәсіподақ мүшелерінің жазбаша хатының негізінде мүшелер жарнасын қолма-қол ақшалай төлеуге кедергі болмау, еңбек заңнамасына сәйкес кәсіподақтар құқықтарын сақтау, халықаралық еңбек ұйымының «Қауымдастықтардың бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы» № 87, «Кәсіпорындардағы еңбекшілер өкілдерінің құқықтарын қорғау және оларға берілетін мүмкіндіктер туралы» № 135 конвенцияларына сәйкес ұйымдарда қызметкерлер өкілдерінің еркін қызметі үшін жағдай жасауға ықпал ету. 6.5. Тараптар: өздеріне байланысты ұжымдық еңбек дауларын реттеу, еңбек қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың барлық шараларын қолдануға; жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешудің қалыптасқан тәжірибесін зерттеу және еңбек дауларын болдырмау рәсімдерін жетілдіру, қолданыстағылардың тиімділігін және қол жетімділігін арттыру және жаңа дамыту тетіктерін және оларды шешудің нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында ымыраға қол жеткізу жөнінде бірлескен оқыту тренингтерін өткізуге міндеттенеді. 6.6. Тараптар: жұмыс берушілер бірлестіктерінің бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы бастамаларын одан әрі дамыту, ұйымдардың әлеуметтік (қаржылық емес) есептерді дайындау тәжірибесін, Халықаралық стандарттау ұйымы қабылдаған Халықаралық әлеуметтік жауапкершілік стандартын тарату қажеттігін қолдауға; БАҚ-тармен бизнестің әлеуметтік инвестицияларына және табысты әлеуметтік әріптестік үлгілеріне қатысты қоғамдық пікірін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға; қоршаған ортаның жағдайына жауапкершілікті арттыруға бағытталған шараларды қолдануға міндеттенеді. 6.7. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы облыстың жұмыс берушілері арасында ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізу. 6.8. Заңнамалық және жалпы танылған халықаралық нормалар мен кәсіподақтар бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері бір-бірінің қызметіне араласпау туралы қағидаларды сақтауы, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер ұйымдарын құруға және жұмыс істеуіне кедергі келтірмеу. VІІ. Келісімнің қолданысы және оның орындалуын бақылау Тараптардың осы Келісімнің ережелерін орындауын үйлестіру мақсатында Тараптар төмендегі туралы келісті: Облыстың 2012-2014 жылдарға арналған келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізу бойынша басым бағыттар мен қажетті іс-қимылдарды белгілейтін, әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты ретінде таниды. 7.1. Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Өзгерістер мен толықтырулар жеке хаттамалармен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 7.2 Келісім бойынша Тараптардың міндеттемелері және ОҮК-ның ұсынымдары (шешімдері) қалалық (аудандық), салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар жасаған кезде ескерілуге тиіс. 7.3. Келісімнің ережелерін мақұлдайтын және қабылдайтын жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері оған қосылу үшін жазбаша нысанда еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға оны орындау жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдайтындығы туралы хабарлама беруге тиіс. 7.4. Келісімге қосылу туралы дәлелді жазбаша бас тартуды тиісті атқарушы органға ұсынбаса, Келісімге қосылу туралы Ұсынысты ресми жариялаған 30 күнтізбелік күн ішінде жұмыс берушілер, қызметкерлер және жұмыс берушілер бірлестері осы ұсыныс ресми жарияланған күннен бастап Келісімге қосылған болып саналады. 7.5. Келесі жылдарға Облыстық, қалалық (аудандық) келісімдер 2015 жылғы ақпаннан кешіктірілмей жасалады. 7.6. Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері ұжымдық шарттар жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды тиісті жылдың наурыз айынан кешіктірмей қабылдайтын болады. 7.7. Осы Келісімнің қолдану кезеңінде және міндеттемелерін орындаған жағдайда Келісімге қол қойған қызметкерлердің облыстық бірлестіктері Тараптар арасындағы даулы жағдайларды тиісті деңгейлерде шешіп, алдын-ала қарамай наразылық акцияларын өткізбейді. 7.8. Тараптар нақты орындау мерзімі мен орындауға жауапты Облыстық үш жақты комиссия мүшелерін көрсете отырып, осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді. 7.9. ОҮК-ның ұсынымдары (шешімдері) осы Келісімді іске асыру нысаны болып табылады. 7.10. Қолданыстағы келісімнің орындалу барысын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссия туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады. 7.11. ОҮК- ның жұмыс тобы Келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат әзірлейді. ОҮК жыл сайын Келісім ережелерінің орындалу барысын қарайды. 7.12. ОҮК-ның қызметін және Келісімнің іске асырылу барысын жариялау мақсатында Тараптар облысында әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-еңбек қатынастары проблемаларына арналған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына ұдайы жариялап отыруды қамтамасыз етеді. 7.13. Облыстық келісім меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілердің барлығына қолданылады. 7.14. Келісім 2012-2014 жылдарға жасалды және жаңа Келісім жасағанға дейін әрекет етеді. 7.15. Келісімнің мәтіні екі апта мерзімде «Орталық Қазақстан» және «Индустральная Караганда» облыстық басылымдарында жарияланады. Талаптар – корпоративтік және ведомстолық БАҚ. 7.16. 2012 жылғы 28 наурызында Қарағанды қаласында 8 данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсында Келісімнің бір-бір данасы бар. Осы Бас келісімге қол қойғандар: Қарағанды облысының әкімі Ә. Құсайынов Қарағанды облысының кәсіподақтар федерациясы А. Мадиярова Қарағанды облысының жұмыс берушілер Кеңесі Д. Павлов Қазақстан Кәсіпкерлерінің Ассоциациясы С. Жолдаспаев Қарағанды облысының тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясы С. Белкин Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы Н. Абт Кәсіпкерлердің Еуразиялық қауымдастығы үкіметтік емес ұйымы Ж. Алдаңғаров

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы