жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 9°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

«Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ-нің 2010 жылғы желтоқсан айының Жол картасы бойынша есебі

Назад

1. Жедел шаралар:
1.1.Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының сертификаттау ережесінің сәйкестігіне және НҚ талаптарын сақтау бойынша 1 жоспардан тыс (шағым бойынша) тексеріс жүргізіліп, бұзушылықтар анықталды.
1. Я.Л. Карасташева ЖК (Қазыбек Би атындағы аудан прокуратурасының қаулысы негізінде) - Мемлекеттік рәміздер бейнеленген материалдық объектілер мен полиграфиялық өнімдерді дайындау бойынша 01.12.2010ж. №226 актісі. Өнімді дайындау кезінде тексеру мерзімдері өткен 8 бірлік өлшем құралдарын пайдаланылып, Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Заңының 19 бабы талаптарының бұзушылығы анықталды. Бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым берілді. ОЕК – 35325 теңге АШ-25 қолданылды.
2. Жоспардан тыс қараша айында өткен тексерістің қорытындысы бойынша.
Г.Ж.Омарова ЖК (Жезқазған қ. прокуратурасының қаулысы негізінде) Мемлекеттік рәміздер бейнеленген материалдық объектілер мен полиграфиялық өнімдерді дайындау кезінде тексеру мерзімдері өткен 2 бірлік өлшем құралдарын пайдаланылып, Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Заңының 19 бабы талаптарының бұзушылығы анықталды. Прокуратураға анықтама жасалды.
Жезқазған қ. прокуратурасының 03.12.2010ж. ұсынымына сәйкес Г.Омарова ЖК әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұзушылықтарды жою және 2 өлшем құралдарын пайдалануға тыйым салу жөнінде ұйғарым берілді. ОЕК – 28260 теңге АШ-20 қолданылды;
1.2 Тауарлық затбелгісінде мемлекеттік және орыс тіліндегі ақпараттың енгізу талаптарын орындау бойынша 16 жоспарлы тексеріс жүргізілді. Оның ішінде 4 кәсіпорнында бұзушылықтар анықталды. («Арыстан» КХ А.А.Керн ЖК, «Дамир АА» ЖШС, «Бидай Нан ЛТД» ЖШС, «Балқашсүт» ЖШС).
1. «Арыстан» КХ А.А.Керн ЖК, шұжық өнімін сату бойынша 07.12.2010ж. №274 актісі. Өнімнің 2 партиясының 54,0 мың теңге сомасында таңбалаудағы тұтынушыға арналған ақпарат мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде толық берілмей, «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыру және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентінің 16,40,41 тармақтарының бұзушылығы анықталды. Бұзушылықтарды жоюға және 2 партия өнімді сатуға тыйым салу туралы ұйғарым берілді. ОЕК – 28260 теңге АШ-20 қолданылды.
2. «Дамир АА» ЖШС үн, макарон өнімін сату бойынша 08.12.2010ж. №275 актісі. Өнімнің 2 партиясының 14000,5 мың теңге сомасында тұтынушыға арналған ақпаратта мемлекеттiк тiлдегi мәтіні берілмей, «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыру және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентінің 7 тармағының бұзушылығы анықталды. Бұзушылықтарды жоюға және 2 партия өнімді сатуға тыйым салу туралы ұйғарым берілді. ОЕК – 35325 теңге АШ-25 қолданылды.
3.«Бидай Нан ЛТД» ЖШС нан өнімін сату бойынша 10.12.2010ж. №286 актісі. Өнімнің 2 партиясының 7,6 мың теңге сомасында таңбалаудағы тұтынушыға арналған ақпаратта мемлекеттiк тiлдегi мәтіні берілмей, «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыру және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентінің 7 тармағының бұзушылығы анықталды. Бұзушылықтарды жоюға және 2 партия өнімді сатуға тыйым салу туралы ұйғарым берілді. ОЕК – 28260 теңге АШ-20 қолданылды.
4. «Балқашсүт» ЖШС сүт өнімін сату бойынша 03.12.2010ж. №70 актісі. Өнімнің 10 партиясының 70,47 мың теңге сомасында таңбалауда тұтынушыға арналған ақпараттың мәтiні мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде толық берілмей, өнімнің бір партиясын құқықтық сәйкессіздік белгісімен таңбаланып, «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыру және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентінің 3 бөлімінің 6,12,41 тармақтары, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының 28 бабының 1 б., 3 т. және 45 бабының 1 б., 2 т. талаптарының бұзушылығы анықталды. Бұзушылықтарды жоюға және 2 партия өнімді сатуға тыйым салу туралы ұйғарым берілді. ОЕК – 28260 теңге АШ-20 қолданылды.
Жоспарға сәйкес қараша айында өткен тексерістің қорытындысы бойынша.
«Людмила» ЖК ОЕК – 28260 теңге АШ-20, «Еско» ЖШС ОЕК – 28260 теңге АШ-20, «Геральдика 2004» ЖШС ОЕК – 70650 теңге АШ-50 қолданылды.
1.3 Энергия үнемдеу саласында өнімді таңбалау кезінде нормативтік құжаттар талаптары сәйкестігіне тексеріс жүргізу.
Мұндай тексерістер жоспарлау тәртібі бойынша желтоқсан айына жоспарланбаған.
1.4 Лицензиялық қызметті жүзеге асыратын оның ішінде СИ жөндеу
және әзірлеу, мемлекеттік рәміздерді және олардың бейнесімен материалдық объектілерді дайындау кәсіпорындарына мемлекеттік бақылау жоспарлы тексерісі жүргізу.
Мұндай тексерістер жоспарлау тәртібі бойынша желтоқсан айына жоспарланбаған.
1.5 Сынақ жасауға үлгілері алынып, бюджеттік бағдарламаны орындау бойынша жоспарлы тексерістер жүргізу.
Мұндай тексерістер жоспарлау тәртібі бойынша желтоқсан айына жоспарланбаған.

2. Түсіндірме жұмыстары
2. Департаментпен Қарағанды облысында өндірілетін тауарлардың қауіпсіздігі мен бақылау саласының ынтымақтастық мәселесі бойынша қарым-қарынас жасау жөніндегі меморандум бойынша жұмыстар жүргізіледі.
2.1 Әр айдың жұма күндері «Ашық есік күндері» жүргізіледі.
14.12.2010ж. Қарағанды қ. «ЕЭП қалыптастыру аясында техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге «ҚазИнСт» КФ АМК-бас маманы Ш.С.Ажимова, «НаЦЭкС» КФ АҚ- жетекші маманы Н.А.Крылова, бөлім бастығы Е.В.Пак, жетекші маманы Н.А.Чаплагина, «Техол.kz» ЗПХ» ЖШС-нің бас технологі Л.Г.Грабарчук, стандартизациялау бойынша инженері С.В.Михеев, «Республикалық ветеринарлық зертхана» КОФ АМК - тағам қауіпсіздігі бөлімінің дәрігері К.С.Шамбулов, бөлім дәрігері М.Е.Динишова, «Сантехпром» ЖШС – метролог-инженері Н.Ю.Добижа, «Эгофом» ЖШС – технологі А.Н.Филимонова, ВЭД бойынша аға сарапшы Т.В.Квашнина, менеджер В.Черлитин, ТЖ және ОТ ООС бойынша техникалық басшысы О.В.Мячина, «Черметавтоматика» АҚ – зертхана бастығы Н.Я.Андреева, «НИИ құрылыс өндірісі» ЖШС И.Ворнко, «ЭКОЭКСПЕРТ» ЖШС В.Матонин, «ҚР ДМ Қарағанды облысы бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау орталығы» ДГП А.Т.Канбакова, «Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығы» АМҚК Л.Ч.Хван, «СЦ Тарту стандарт» ЖШС К.И.Жандильденов, «Центргеоланалит» ЖШС В.И.Бюхов, «GIO TRADE» ЖШС Г.Б.Койшигарина, «Қарағанды конфеттері» ЖШС Т.П.Кошеляева, «5 арна» телеарнасы және БАҚ өкілдері қатысты.
2.2 Меморандум жасалған қала базарлары мен сауда үйлерінде Қазақстан Республикасының «Бірлік өлшемін қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы» Заңдарының талаптарына сәйкестігіне міндетті растау өнімдерінің тізімі көрсетілген «ақпараттық парақтар» қабырға стендттері ұсынылды.
08.12.2010ж. «Радио для всех» эфирінде (Жезқазған қ.) «СТ-КЗ сертификатын алу өндірушілер үшін қандай мүмкіндік береді» тақырыбында радиоматериал дыбыстандырылды.
2.3 «Қарағанды сүт комбинаты» ЖШС фирмасы, «Тұлпар» ЖШС, «Темир Вест Строй» ЖШС, «Бидай НАН ЛТД» ЖШС, «Самал» ЖШС, «Евразиан Фудс»АҚ, «Эфес пивоваренный завод» АҚ аумағында «Техникалық реттеу туралы» Заңымен «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыру және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар», «Крахмал және крахмалды өнімдері, үн-жарма өндірісі өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар», «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздікгіне қойылатын талаптар», техникалық регламентінің талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізіліп, қабырғаларға техникалық реттеу және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласы бойынша ҚР заңнамаларынан ақпараттар мен жаднамалар ілінді.
10.12.2010ж. Жезқазған қ. «Тексеруге жататын өлшем құралдары мен шама бірлік жұмыс эталондарының мерзімділігі мен номенклатуралық тізімі» тақырыптық семинар өткізілді.
«Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің мыс қорыту зауыты, «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің кен байыту фабрикасы, «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің жылу электр орталығы, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС медициналық орталығы, «Жезқазған қ. балалар ауруханасы» КМҚК, «Байменова» ОДА ЖШС, «Бексеитова» ОДА ЖШС, Жезқазған қаласының жылы сумен жабдықтау кәсіпорыны, «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігі Сәтбаев қаласының жылы сумен жабдықтау кәсіпорыны, «Сәтбаев қаласының емханасы» КМҚК, «Жезқазған қаласының жедел жәрдем бекеті» КМҚК.
14.12.2010ж. Жезқазған қаласының кәсіпкерлер Ассоцияциясымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Техникалық реттеу туралы» және «Бірлік өлшемін қамтамасыз ету туралы» Заңдары бойынша түсініктеме берілді.
2.4 Техникалық реттеу және метрология мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынас жасау.
23.12.2010ж. Қарағанды облысы әкімінің және Департамент директорының қатысуымен үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуының аймақтық үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті.
«Ең үздік Қазақстан тауары» аймақтық көрме байқауы мен Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» Сыйлығы байқауына кәсіпорындардың қатысуы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қарағанды облысынан 9 кәсіпорын «Ең үздік Қазақстандық тауар» республикалық байқауына қатысты. «Сантехпром» ЖШС «Халыққа арналған ең үздік тауар» номинациясында І орынға ие болып, «Ең үздік Қазақстандық тауар» республикалық байқауының лауреаты атанды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» Сыйлығына ізденушілер байқауына 12 кәсіпорын қатысты.
Кәсіпорындардың «Ең үздік Қазақстандық тауар» республикалық байқауына қатысу үшін өнімді, қабырға газеттері мен роликтерді дайындау бойынша кеңестік көмек көрсетіледі.
29.11.2010ж. «Қарағанды облысының кәсіпкерлі жәнек өнеркәсіп басқармасы» ММ-мен үміткерлерді «Ең үздік Қазақстандық тауар» республикалық байқауына дайындау жөнінде отырыс ұйымдастырылып, байқауды дайындауға жауаптылар қатыстырылды.
2.5 Сәйкестік бағалау саласында құжаттарды қолдану бөлігінде Кедендік одақ заңнамаларын қолдану бойынша аккредитациялау субъектілері мен кәсіпкерлік субъектілермен, оның ішінде сәйкестік декларация және сәйкестік бірыңғай сертификат қолдану, сондай-ақ 2012 жылдың 01 қаңтарынан бастап өтінім-декларациясын алып тастауға қатысты кеңестік-түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
2.6 Кедендік одақ аясында қабылданған құжаттарды үнемі қадағалап, Кедендік одақ мәселелерін түсіндіру бойынша мемлекеттік инспекцияларға оқыту жұмыстары апта сайын жүргізіледі.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы