жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 29°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

1-қосымшасына

Назад

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 1-қосымша

Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық
шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын (бұдан әрі - хабарламалар) толтыру және ұсыну тәртібін белгілейді.
2. Хабарламаларды толтыруда мыналар туралы ақпараттар қамтылады:
1) қабылданған (бекітілген) және қолданысқа енгізілген техникалық регламенттер, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, стандарттар, оларға енгізілген өзгерістер және өнімнің, қызметтердің сәйкестігін растау шаралары туралы жобаны әзірлеу;
2) техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық талаптарын, оның ішінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесіндегі бұзушылық фактілері;
3) міндетті талаптарды, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарын бұзу салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі мен денсаулығына зиян келтіру және залал әкелу (осы залалдың ауырлығын ескере отырып) фактілері;
4) техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ санитарлық және фитосанитарлық талаптарды бұзушылықты жою үшін қабылданған шаралар;
5) халықаралық ұйымдардан және үшінші елдерден алынған, адамның өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаны қорғауға, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнімдер;
6) қолданыстағы бақылау және тексеру шаралары, өндіріс және карантин қағидалары, пестицидтер мен тағамдық қоспалардың рұқсат етілген деңгейде мақұлданған шаралары;
7) тәуекелдерді бағалау, сонымен қатар ескерілетін факторларды бағалау, сондай-ақ ветеринарлық, санитарлық немесе фитосанитарлық қорғаудың тиісті деңгейін анықтау;
8) карантиндік, фитосанитарлық, санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотикалық ахуалдың нашарлауы және уақытша енгізілген шаралар;
9) анықталған және таралған карантиндік объектілер (карантиндік зиянды ағзалар);
10) халық арасында инфекциялық және жаппай инфекциялық емес ауруларды (улануларды) табу;
11) адамның өміріне, денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына қауіпті өнімдерді табу;
12) бірыңғай санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін бақылаудағы тауарлардың келіп түсу ықтималдығы;
13) техникалық реттеу, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы халықаралық құқықтық құжаттар;
14) техникалық регламенттерді әзірлеу бағдарламалары;
15) ұлттық (мемлекеттік) стандарттарды әзірлеу бағдарламалары (жоспарлары);
16) техникалық регламенттің талаптарына өнімдердің сәйкестігін растау үшін ерікті түрде қолданылуы мүмкін өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, сондай-ақ ұлттық (мемлекеттік) стандарттар;
17) сәйкестікті бағалау (растау) саласындағы құжаттар;
18) сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімдер туралы құжаттар;
19) жануарлардың қауіпті және карантиндік ауруларының тізбесі;
20) ветеринарлық бақылауға жататын тауарлар тізбесі;
21) карантиндік объектілер мен аса қауіпті ағзалардың тізбесі;
22) карантиндік фитосанитарлық бақылауға жататын карантиндегі өнімдердің (карантиндегі жүктер, карантиндегі материалдар, карантиндегі тауарлар) тізбесі.

2. Ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну тәртібі

3. Хабарламаның әр бағаны орыс тілінде немесе ағылшын тілінде толтырылуы тиіс. Хабарламалар MS Word мәтіндік редактор пішінінде дайындалуы, Times New Roman бірдей қаріпінде болуы, асты сызылмаған, курсив емес және қалың емес шрифте болуы, шрифт көлемі 12 болуы, А4 пішінінде көлемі екі беттен артық болмауы тиіс. Ақпарат болмаған жағдайда, бағанда "белгісіз" немесе "белгіленбеген" деген жазу жазылады.
4. Хабарламаларда берілетін ақпарат хабарлама нысанын толығымен, нақты және оның халықаралық стандарттардың, халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдардың жарлық пен нұсқаулықтардың талаптарына сәйкестік деңгейін сипаттауы тиіс.
5. Хабарламалар қолданысқа енгізілу мерзіміне қарай мыналарға бөлінеді:
1) төтенше санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық шара туралы хабарламалар;
2) қарапайым хабарламалар.
6. Төтенше санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық шаралар туралы хабарламалардың нысанын және техникалық регламенттердің, сондай-ақ ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптарын, оның ішінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесіндегі бұзушылық фактілері туралы, санитарлық және фитосанитарлық шаралар (бұдан әрі - СФС), стандарттар, оларға өзгерістер және өнімнің, қызметтердің сәйкестігін растау рәсімдерін қабылдау бойынша адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер, қоршаған ортаны қорғаудың шұғыл мәселелерімен байланысқан нақты реттеуді енгізу туралы Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі - ДСҰ), Еуразиялық экономикалық қауымдастығының (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) және Еуразиялық экономикалық комиссиясының (бұдан әрі - ЕЭК) мүдделі мүше елдеріне хабарлау мақсатында мемлекеттік органдар толтырады және Ақпарат орталығына ұсынады.
7. Қарапайым хабарламаларды мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар және олардың қызметтері техникалық регламенттер, санитарлық және фитосанитарлық шараларды әзірлеу жұмыстарымен байланысты қауымдастықтары мен одақтары және қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен көзделген басқа да тұлғалар техникалық регламенттер, СФС шаралар, стандарттар мен оларға енгізілетін өзгерістердің және өнімнің, қызметтер көрсету сәйкестігін растау рәсімдерін әзірлеу кезеңінде, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және стандарттау, сәйкестігін растау, аккредиттеу, ветеринария, санитария және фитосанитария саласындағы екіжақты және көпжақты сипаттағы халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының мүше болуы немесе қатысу туралы мүдделі ДСҰ, ЕурАзЭҚ және ЕЭК мүше елдер үшін елдің қандай нақты реттеулерді енгізуге ниетті екенін білуге мүмкіндік беру мақсатында толтырады және Ақпарат орталығына ұсынады.
8. Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы ДСҰ хатшылығына, Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитетке (бұдан әрі - СТК жөніндегі комитет), Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитетке (бұдан әрі - СФС жөніндегі комитет) және ДСҰ-на мүше елдерге хабарламаларды ағылшын тілінде, ЕурАзЭҚ және ЕЭК мүше елдерге орыс тілінде жібереді.
9. ДСҰ хатшылығына, СТК жөніндегі комитетке, СФС жөніндегі комитетке және ДСҰ, ЕурАзЭҚ және ЕЭК мүше елдерге ұсынылатын хабарламаларға Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы сәйкестендіру нөмірін береді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы