жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -3°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің «Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну нысандарын, қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығы

Назад

Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну нысандарын, қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 319 Бұйрығы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қазанда № 8012 тіркелді

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну қағидалары;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Төтенше санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық шаралар туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламасының нысаны;
3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі шеңберіндегі Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;
4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі шеңберіндегі Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;
5) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Техникалық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарға қатысуы туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;
6) Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының стандартын әзірлеуді бастау туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;
7) Осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының стандарт жобасын әзірлеу туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;
8) Осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының стандарт жобасын ашық талқылаудың аяқталуы туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;
9) Осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес Техникалық регламент жобасын әзірлеу туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;
10) Осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес Техникалық регламенттің жобасын ашық талқылаудың аяқталуы туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамалық белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. «Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық хабарламаларының нысандарын, оларды толтыру және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 1 сәуірдегі № 94 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 5 мамырда № 3623 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы тамыз, № 17) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы