жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 14°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

«ҚазИнСт» АМК филиалы туралы

Назад

«ҚазСтИн» РМК Қарағанды филиалының қызметі туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» («ҚазСтИн») РМК 15 жыл бойы:
- мемлекет мүдделерін, шаруашылықты жүргізу субъектілерінің қоғамдық ұйымдардың және экономикалық қатынастардың жаһандану жағдайында тұтынушылардың теңгерімін;
- барлық мүдделі тараптардың мұқтаждықтарын қанағаттандыратын халықаралық және өңірлік стандарттауға қатысу арқылы ғаламдық нарықтың және ықпалданған бірлестіктердің талаптары мен сұранысына ұлттық стандарттау жүйесін бейімдеу арқылы инфрақұрылымның тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін іске асырады.
«ҚазСтИн» РМК Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) алдағы енуіне байланысты құрылды, саудадығы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар және нормативтік техникалық құжаттардың біріңғай мемлекеттік қорын сүйемелдеу жөніндегі Ақпараттық орталық. Орталық ДСҰ хатшылығы мен елдер мүшелерінің ақпараттарымен өзара алмасу, Кеден Одағымен және халықаралық ұйымдармен әрекетте.
Қазақстан бойынша Ақпараттық орталық СТК/СФС филиалдармен өкілдіктері Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты РМК, сонымен бірге Қарағанды облысында – Қарағанды филиалы РМК «ҚазСтИн»
Біздің міндеттеріміз:
саудадағы техникалық кедергілер бойынша және СФС шараларын қолдану бойынша ақпараттармен отандық өндірушілерді қолдау және қамтамасыз ету: облыстық әкімнің төрағалығымен Аймақтық штаб мәжілісін, оқыту курстарын, Дөнгелек үстел, семинарлар жүргізу;
нормативтік – құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ДСҰ Хатшылығы мен елдер мүшелерінің ақпараттарымен өзара алмасу, соның ішінде ДСҰ мемлекеттерде санитарлық және фитосанитарлық шараның бұзылу туралы, экспортталатын және де импортталатын өнімдерге тыйым салу туралы хабарламалар тарату:
Кеден Одағы және ЕурАЗЭҚ нормативтік құжаттар жобаларымен мүдделі тараптарды ақпараттық қолдау: қабылданған немесе күшіне енетін Кеден Одағы және ЕурАЗЭҚ техникалық регламент, стандарттар туралы ақпарат тарату, және де осы стандарттарды өзектендіру;
СТК саласында және СФС шараларды қолдану бойынша ақпараттық қамтамасыз ету, дамыту және жетілдіру;
Қазақстан Республикасының өндірушілермен шығарылатын өнімді электронды түрде каталогтау;
қолданушыларға ыңғайлы он-лайн түрде Стандарттау жөніндегі нормативті құжаттарды алдын ала көру мүмкіндігімен Интернет-магазин жұмыс істейді.
Қазіргі таңда тіркелген қолданушылардың саны 3036 астамын құрайды.
Сонымен қатар, «ҚазСтИн» РМК - «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының 20 баптың 2 тармағына сәйкес стандарттау жөніндегі нормативті құжаттардың (халықаралық, өңірлік, мемлекеттік стандарттар, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсыныстар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері) ресми басылымдарын тарату бойынша өңірде жалғыз боп табылады.
Қарағанды филиалының мамандары Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын, сондай-ақ, ұйым стандарттарын, алдын ала ұлттық стандарттарын әзірлеу жұмыстарына қатысады.
«ҚазСтИн» РМК стандарттардың ақпараттық сілтемелерін (САС), «Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық жаршы», «Мемлекеттік стандарт жаңалықтары» атты журналдарын шығарады.
Филиал кадрларды даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру бойынша техникалық реттеу облысындағы (техникалық реттеу, стандарттау, өнімнің сәйкестігін растау мен аккредиттеу, сапа менеджменті мен экология менеджменті жүйелері жөніндегі, т.б.) мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастырып жүргізеді.
Сарапшы-аудиторларды даярлау негізгі бағыттары:
өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды дайындау;
сапа менеджменті, OHSAS, HACCP жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды дайындау;
сапа менеджменті жүйелерінің ішкі аудиті бойынша мамандарды дайындау;
өнімнің (қызметтің) сәйкестігін растау жөніндегі әрекеттегі сарапшы-аудиторлардың, техникалық реттеу облысындағы мамандардың біліктілігін арттыру.
Курс тыңдаушыларына Қазақстан Республикасының техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінде расталатын куәліктер мен сертификаттар беріледі.
Курстар мен семинарлардың күнтізбелік және өңірлік жоспарлары «ҚазСтИн» РМК сайтында www.kazinst.kz орналастырылады.
«ҚазСтИн» РМК Қарағанды филиалының мекен-жайы: 100009, Қарағанды қаласы, Анжерская көшесі, 22/2, № 28 кабинет, тел./факс: 8(7212) 30-30-86, e-mail: kfkazinst@mail.ru

Ақпараттың соңғы өзгерісі: 12 Ақпан 2015 14:42
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы