жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тәртібі

Назад

Қарағанды облысы аумағында іске асырылатын және (немесе) іске асырылуға жоспарланған инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша
Тәртібі

Негізгі ұғымдар

1) инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын, жеке және заңды тұлғалар;

2) инвестициялық жоба – инвестициялық жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенi;

3) инвестициялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу не кәсiпкерлiк қызмет үшiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi құру немесе ұлғайту жөнiндегi қызметi;

4) инвестициялық преференциялар – инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар;

5) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысуымен құрылған заңды тұлға;

6) инвестиции – лизинг шартын жасасқан кезден бастап қаржы лизингi нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа);

7) қоғам – «Сарыарқа» «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ;

8) жауапты орындаушы – қоғам басшылығымен бекітілген, «Сарыарқа» «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қызметкері;

9) браунфилд – өндірістік, қоймалық және әкімшілік ғимараттар, немесе белгіленген объектілермен жер учаскесі;

10) гринфилд – муниципалды құрылымдарда салынбаған жер учаскелері.

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қарағанды облысы аумағында іске асырылатын және (немесе) іске асырылуға жоспарланған инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша Тәртібі (бұдар әрі – Тәртіп), Қарағанды облысы аумағында іске асырылатын және (немесе) іске асырылуға жоспарланған инвестициялық жобалар инвестициялық қызмет субъектілеріне (бұдан әрі- Инвестор) ақпараттық-кеңестік және ұйымдастырушылық жәрдемдесу бойынша (бұдар әрі-инвестициялық жобаларды сүйемелдеу) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының және Қарағанды облысының даму институттарының іс-әрекеттерінің мерзімділігін және реттілігін белгілейді.

2. Тәртіп Инвесторлардың Қарағанды облысынының мемлекеттік органдары, жергілікті атқарушы органдары және даму институттарымен өзара іс-қимыл үрдістерін жеңілдетуге, сонымен қатар Қарағанды облысын аумағында «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезінде әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді төмендетуге бағытталған.

3. Қарағанды облысы аумағында тәртіптің 1 тарамағының 2 тармақшасында көрсетілген міндеттерді орындау бойынша уәкілетті ұйымы «Сарыарқа» «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) болып табылады.

4. Тәртіп Қарағанды облысы аумағында іске асырылатын және (немесе) іске асырылуға жоспарланған шетел капиталының қатысуымен инвестициялық жобаларды сүймелдеуге қолданылады;

5. Тәртіптің сүйемелдеуге қолданылмайтыны:

1) жергілікті капитал қатысуымен, инвестиция соммасы ұсынылған бизнес-жоспармен немесе алдын-ала есептермен 500 млн.теңгеден төмен болатын инвестициялық жобаларға. Жобаның құнын растау мүмкіндігі болмаған жағдайда, жобаның егжей-тегжейі одан әрі пысықтау үшін Қоғамға жолданады.

2) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік, медициналық және білім беру қызмет көрсету салаларында іске асырылатын және (немесе) іске асырылуға жоспарланған инвестициялық жобаларға.

2. Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының және даму институттарының инвестициялық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылы кезіндегі негізгі функциялары

6. Қоғам:

1) Өңір аумағында жаңа кәсіпорынның орналасуы кезінде туындайтын, заңды және техникалық мәселелерді жедел шешу мақсатында Қарағанды облысы аумағында іске асырылатын және (немесе) іске асырылуға жоспарланған инвестициялық жобалардың жеке сүйемелдеуін қамтамасыз етеді;

2) Өңірге инвестицияларды тарту бөлігінде, Қазақстан Республикасының шет елдердегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында басқа елдердің шетелдік өкілдіктерінің дипломатиялық миссиялармен сауда өкілдіктерімен өзара іс-қимыл жасайды;

3) Инвесторлармен келіссөздер жүргізеді;

4) Қарағанды облысы әкімдігі мен Инвестор арасында ынтымақтастық туралы меморандум дайындайды;

5) Келесі бағыттар бойынша электронды деректер базасын қалыптастырады және жүргізуді жүзеге асырады:

- Инвесторлармен өткізілген келіссөздер;

- Инвестициялық ұсыныстар;

- Қарағанды облысының инвестициялық алаңдар (жер учаскелері), соның ішінде браунфилд және гринфилд;

- Қарағанды облысы әкімдігі мен Инвестор арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандумдары;

7) ақпараттық-телекоммуникациялық Интернет желісінде Қарағанды облысының инвестициялық порталының қызметің сүйемелдеу және ақапарттық толтыру бойынша өкілеттіктерді жүзеге асырады;

8) Қарағанды облысы аумағында іске асырылатын және (немесе) іске асырылуға жоспарланған инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша өткізілген іс-шаралар туралы талдамалық ақпаратты тұрақты түрде Қарағанды облысының әкімдігіне ұсынады;

9) белгіленген қызет саласында, өзге де өкілеттіктерді және функцияларды жүзеге асырады.

7. Осы Тәртіп аясында Қарағанды облысы аумағында іске асырылатын және (немесе) іске асырылуға жоспарланған инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге ықпал ететін және жергілікті атқарушы органдары Инвесторлармен өзара іс-әрекет жасайтын болып:

1) Қарағанды облысының әкімдігі;

2) Қарағанды облысының қалалар және аудандар әкімдіктері табылады;

8. Осы Тәртіп аясында Қарағанды облысы аумағында іске асырылатын және (немесе) іске асырылуға жоспарланған инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге ықпал ететін және орталық атқарушы органдары Инвесторлармен өзара іс-әрекет жасайтын болып:

1) Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі;

2) Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі;

3) Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігі табылады;

9. Осы Тәртіп аясында Қарағанды облысы аумағында іске асырылатын және (немесе) іске асырылуға жоспарланған инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге ықпал ететін және даму институттары Инвесторлармен өзара іс-әрекет жасайтын болып:

1) өңірлік кәсіпкерлер палатасы;

2) «KAZAKH INVEST» ҰҚ» акционерлік қоғамы;

3) «Национальная Компания «Қазақстан Темiр Жолы» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамы;

4) «КазГеология» акционерлік қоғамы табылады;

10. Қарағанды облысының мемлекеттік органдары, жергілікті атқарушы органдары және даму институттары өз өкілеттіктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:

1) Қарағанды облысы аумағында іске асырылатын және (немесе) іске асырылуға жоспарланған инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге қатысады;

2) Қоғамның Инветорлармен өткізетін келіссөздерде қатысады;

3) Қарағанды облысы әкімдігі мен Инвестор арасында ынтымақтастық туралы меморандумдары дайындауға қатысады және оларды іске асыру мониторингін жүзеге асырады;

4) Қарағанды облысы аумағында іске асырылатын және (немесе) іске асырылуға жоспарланған инвестициялық жобаларды, кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

5) Мемлекеттік – жеке меншік әріптестік негізіндегі инвестициялық жобаларды іске асыруда қолдау көрсетеді;

6) белгіленген қызет саласында, өзге де өкілеттіктерді және функцияларды жүзеге асырады.

11. Мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, даму инстуттарымен және Қоғаммен тұрақы және жедел іс-әрекет жасау үшін, Қоғамнан жаупты тұлға анықталады және әрбір инвестициялық жобаға жауапты орындаушы бекітіледі (осы Тәртіптің 4 тармағының, 3 тармақшасы).

3. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу түрлері

12. Қарағанды облысы аумағында іске асырылатын және (немесе) іске асырылуға жоспарланған инвестициялық жоабаларды сүйемелдеу Инвесторға ықпал ететін консультациялық, ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету нысанында көрсетілуі мүмкін:

1) инвестициялық жобаларды дайындау және (немесе) іске асрыу барысында туындаған мәселерді қарастыру мерзімін қысқарту;

2) инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті келісімдер мен рұқсаттарды уақытылу алу;

3) мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, даму институттарымен, ресурстыжабдықтау және өзге де ұйымдармен жедел әрекеттесу;

4) инвестициялық жобаны дайындау және (немесе) іске асыру процессінде туындаған мәселелерді шешуге бағытталған келіссөздерді, кездесулерді, мәжілістерді, кеңестерді жедел ұйымдастыру;

5) инвестициялық жобаларға қаржылық көмек көрсете алатын инвестициялық қызметтің субъектілерін іздеу;

6) «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының қатысушыларының тізіміне қосылуын;

7) Қарағанды облысында жүзеге асатын және (немесе) жоспардағы жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар жайында интернет, ақпараттық-телекоммуникациялық желілерінде ақпараттың орналастырылуы;

8) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Қарағанды облысындағы инвестициялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсетілуі;

9) Инвесторлар және Қарағанды облысы Әкімдігі арасындағы ынтымақтастық орнату бойынша меморандумдардың дайындалуы;

10) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да нысандарды сүйемелдеу.

4. Инвестициялық қызмет субъектілерінің өтініштерін қарастыру тәртібі және уақыты

13. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің басталуының негізі Инвестормен жүргізілген алғашқы келіссөздер немесе жергілікті атқарушы органдардың, даму институттарының, Қоғамның мекен жайына келіп түскен өтініші болып табылады (жазбаша, Қарағанды облысының ақпараттық-телекоммуникациялық Интернет желілеріндегі инвестициялық порталына электронды түрде түскен).

14. Инвестордың жергілікті атқарушы органдар мен даму институттарына өтініш берген жағдайда және осы Тәртіпте көрсетілген п. 1 п. п. 4-5 жағдайлары болған кезде жергілікті атқарушы органдар мен даму институттары Инвестормен жүргізілген алғашы келіссөздер туралы ақпаратты Қоғамға 3 жұмыс күні ішінде жолдайды.

Қоғамның мекен жайына Инвестормен жүргізілген алғашқы келіссөздер жайлы ақпарат және оның өтініші келіп түскен кезде Қоғам бір жұмыс күні ішінде инвестициялық жобын сүйемелдейтін жауапты орындаушыны тағайындауы тиіс (бұдан әрі – жауапты орындаушы).

Жауапты орындаушы инвестициялық жобаны сүйемелдеу процессін ұйымдастыру мақсатында өтінішті алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жұмысында келесі іс-әрекеттерді іске асырады:

1) өтінішті алғаны жайлы Инвесторды хабарлайды;

2) Инвестор тарапынан қатысатын тұлға туралы ақпаратты сұрайды;

3) Инвестор мекен-жайына өтінім нысанын жібереді (Өтінім нысаны жоқ кезде);

4) қажет болған жағдайда жетіспей тұрған ақпаратты сұрайды;

5) Қарағанды облысындағы инвестициялық қызметке көмек көрсету ықтимал болатын нысандары туралы, оған қажетті құжаттардың, кеңес алу мүмкіндігі бар екендігі туралы Инвесторды хабарлайды;

6) қажет болған жағдайда Инвестор тарапынан қатысатын өкілімен жеке кездесу күнін белгілейді;

7) қажет болған жағдайда Инвестор өкілінің жергілікті атқарушы органдармен, даму институттарымен және басқа да ұйымдармен кездесуін ұйымдастырады;

8) өтінімге жазбаша жауап жасап өтінімде көрсетілген мекен-жайға (электронды мекен-жайға) жолдайды.

17. Инвестормен жауапты орындаушыға және жергілікті атқарушы органдарына, даму институттарына ұсынылған мәліметтің дұрыстығына Инвестор жауапты.

18. Инвестор өтініміне жауап қайтару мақсатында жауапты орындаушы жетіспей тұрған ақпаратты жергілікті атқарушы органдарынан және даму институттарынан сұрау мүмкін.

19. Жауапты орындаушы Инвестормен толтырылған Өтінімді алған сәттен бастап, жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, 10 жұмыс күні ішінде, Инвестор таңдауда көрсеткен «браунфилд» немесе «гринфилд» қажеттіліктерін қанағаттандыратын және компанияның Қарағанды облысының «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында, муниципалды құрылымдарында орналастыру бойынша ұсыныс дайындайды.

20. Инвестор және жауапты орындаушы кәсіпорынды Қарағанды облысы аумағында орналастыру бойынша ұсыныстарды алғаннан кейін, серіктестіктің ұсынылған алаңын тексеру күнін және уақытын бірлесе отыра белгілейді.

21. Қажет болған жағдайда, Инвестордың инвестициялық жобасын жүзеге асыру мақсатында жауапты орындаушы қаржыландырудың баламалы қөздерін іздеу, әлеуетті өткізу нарықтарын анықтау бойынша кеңес береді, Инвестордың инвестициалық жобаларын іске асыру аясында облыста қажетті шикізаттың бар екені жайлы және жергілікті бизнес-орта өкілдерімен, тиісті мемлекеттік органдары өкілдерімен жұмыс кеңесін және кездесулерді ұйымдастырады.

22. Инвестор өзінің кәсіпорнын Қарағанды облысының аумағында орналасу орнын анықтау бойынша соңғы шешімді қабылдағанға дейін, жауапты орындаушы жұмыс режимінде тұрақты негізде Инвесторға қажетті қосымша ақпаратты ұсынады. Ж му институттарынан және жұмыс тәртібінде көрсетілген басқа да мүдделі ұйымдардан сұрауы мүмкін.

23. Инвестордың инвестициялық жобасының Қарағанды облысы аумғында жүзеге асыру жайлы дұрыс шешім қабылдаған жағдайында, Қарағанды облысының Әкімдігімен және Инвестор арасында келісім жасауды көздеп отырғаны туралы, ынтымақтастық меморандумына қол койылуы мүмкін.

24. Жауапты орындаушы Инвестормен инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша дұрыс шешім қабылданғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Инвесторға инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында көрсетілген мемлекеттік қызмет және басқа да қосылған қызметтерді және қызмет беруші талап ететін құжаттар тізімін сұрайды.

25. Жауапты орындаушы Инвестордың өкілімен мемлекеттік қызмет көрсету және басқа да қосылған қызмет көрсету кезінде процессі ішіне өзара байланыста болады. Қызмет көрсетушілермен ескерту жасалған жағдайда, жауапты орындаушы Инвестормен табылған ескертулерді жою мақсатында жұмыс жүргізеді.

26. Барлық қажетті рұксатталған құжаттарды дайындағаннан кейін, жауапты орындаушы 2 жұмыс күні ішінде көрсетілген жобаны іске асатын инвестициялық жобалардың бірыңғай тізіміне қосады, оның ішінде берілген жоба бойынша толық ақпарат ұсынылады, жобаның іске асатын уақыты және пайда болатын мәселелері жайлы ақпарат.

27. Жауапты орындаушылармен инвестициялық жобаны іске асыру тұрақты негізде мерзімдері және жобаны іске асыру кезінде туындайтын мәселелер бойынша мониторинг жүргізіледі.

28. Инвестициялық жобаны іске асыру аясында туындайтын мәселелер бойынша жауапты орындаушылар мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, даму институттарымен пайда болған мәселені толық шешіміне дейін өзара байланыста жұмыс жүргізеді.

29. Инвестициялық жобаны іске қосқаннан кейін, жауапты орындаушы аталған жобаны Қарағанды облысының іске асқан жобалардың тізіміне қосу керек.

30. Жауапты орындаушылармен инвестициялық жобаны іске асыру тұрақты негізде мерзімдері және жобаны іске асыру кезінде туындайтын мәселелер бойынша мониторинг жүргізіледі.

31. Жауапты орындаушы тұрақты негізде Инвестордың қайта қаржыландыруға қызығушылығын және мүмкіндігін бағалап отырады.

32. Инвестордың қайта қаржыландыруына қызығушылығы анықталған жағдайда осы Тәртіптің 4.1 тармағында көрсетілген инвестициялық жобаны сүйемелдеудің ұксас процессі қолданады.

5. Қорытынды ережелер

33. Осы Тәртіпке сәйкес сұрақтардың жауабы табылмаған жағдайда, берілген сұрақтардың жауабын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Қоғамның ішкі корпоративті құжаттарына сәйкес рұқсатталады.

Дата cоздания: 02 Сәуір 2018 17:27
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 02 Сәуір 2018 17:35
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы