жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 20°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Облыс деңгейінде асырылатын іс-шаралар

Назад

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспарын орындау

рет№

Іс-шараның атауы

Орындау

1. Нормативтік-құқықтық, институционалдық және кадрлық қамтамасыз ету

2

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама ережелеріне сәйкес келтіру

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2015-2020 жылдарға арналған облыстық Бағдарламасы бекітілді, сондай-ақ «ҚТҚ қайта ұқсату үлесі» көрсеткіші 2015 жылы облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің рейтингісіне қосылды

Институционалдық қамтамасыз ету

8

Экономикалық даму деңгейін, экологиялық жағдайды, халықтың денсаулығын, таза сумен қамтамасыз етуді және басқаларын қамтитын өңірлер үшін халықтың өмір сүру деңгейінің кешенді «жасыл» көрсеткішін құру бойынша ұсыныстар енгізу

Ұсыныстар жоқ

«Жасыл экономикаға» көшуді кадрлық қамтамасыз ету

11

2020 жылға дейін өңірлер мен мамандықтар бөлінісінде өнеркәсіптік кластерлерде еңбек ресурстарына қажеттілікті бес өндірістік кластерде айқындау

Ақпарат 25.08.2015 ж. № 16-22/3639 хатта ұсынылды

18

«Жұмыспен қамту 2020» Жол картасы бағдарламасы бойынша жұмыс берушілердің қажеттілігі шеңберінде «жасыл экономика» мамандарын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу

Ұсыныстар жоқ

2. Су ресурстарын орнықты пайдалану шаралары

Суды пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар

23

Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға жеке және жалпыүйлік су тұтынуды есептеу аспаптарын орнатуды қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шаралар қабылдау

Қарағанды облысы бойынша тұрғын халықтың суық суды есептегіш дербес аспаптармен жарақталу деңгейі жалпы қажеттіліктің 60,2%-ын құрайды.
Бұл ретте, көпқабатты тұрғын үйлер тұтынушыларының жарақталуы 58,7% құрайды, немесе қажеттілік 322 463 аспап кезінде 189 307 есептегіш орнатылды. Сондай-ақ, жеке меншік сектордың тұрғын үйлерінде қажеттілік 65 199 аспап кезінде 40 282 аспап, немесе 61,8% орнатылды.
Аталмыш бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

3. Орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралар

Ауыл шаруашылығында су ресурстарын үнемдеу жөніндегі шаралар

32

Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында жайылымдық жерлерді суландыру әлеуетін бағалау

Қарағанды облысының жайылым алқаптарының жалпы алаңы 31,0 млн. га құрайды, соның тек 13 млн. га пайдаланылады, ал қалған 18 млн. га мемлекеттік меншікте қордағы жер ретінде тұр. Облыс бойынша 2549 артезиан ұңғымасы мен шахталық құдық бар, соның 1541-і қолданыста, 1008-і қалпына келтіруді талап етеді.
Қазіргі уақытта жайылымдық учаскелерді жасау үшін барынша қолайлы пайдаланылмаған жер алқаптарын өндірістік айналымға енгізетін алаңдардың шекаралары және оларға қажетті құдықтар мен түлік түрлері бойынша жоспарланған мал басы белгіленуде. 2015 жылы айналымға 77,5 га енгізу, 2015 жылы 87,5 га пайдаланылмаған жайылымдар жоспарланды. Тұтастай бағдарламаны қабылдағаннан бері суатты ұйымдастыру үшін жаңа құдықтар салу жолымен жайылым айналымына тарту үшін 242,5 тыс.га жерді суландыру жоспарланып отыр.

Қаржыландыру көздеріне қолжетімділікті оңтайландыру жөніндегі шаралар

35

Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді субсидиялау тетігін қайта қарау бойынша ұсыныстар енгізу (оның ішінде өнімділікті арттыру, жердің тозуын қысқарту және қалпына келтіру) мысалы, жерді нөлдік өңдеуге арналған техниканы, тамшылатып суаруға арналған жабдықтар мен инфрақұрылымды пайдалану, энергия үнемдейтін көлік құралдары мен жабдықтарды қолдану, фермерлердің көлік шығындарын қысқарту үшін, тауарлы балық өсіру үшін жол инфрақұрылымын жаңарту

Өсімдік шаруашылығында 2016 жылға арналған қаражаттандыру ережелерін өзгерту, яғни «гектар бойынша» демеуқаржы беруді ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдығын сатып алу жөніндегі демеуқаржы беруге ауыстыру, бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолда бар техника мен құрал-жабдық паркін жаңғыртуға мүмкіндік береді. 2015 жылы тамшылап суару алаңы 400 гектарға ұлғайды.

Шарттық негізде шаруашылық жүргізетін фермалар құру үшін инвесторлар тарту жөніндегі іс-шаралар

36

Әлеуетті инвесторлар үшін көшпелі тұсаукесер шараларын (роуд-шоу) жүргізуді қоса алғанда, шарттық негізде шаруашылық жүргізетін фермалар құру үшін шетелдік инвестициялар тарту бойынша ұсыныстар енгізу

Ұсыныстар жоқ

«Жасыл» ауыл шаруашылығы қағидаттарын енгізу

37

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада, салалық бағдарламалық құжаттарда және аумақтарды дамыту бағдарламаларында көзделген «Жасыл ауыл шаруашылығының алты қағидатын» көрсету тетігі бойынша ұсыныстар енгізу

Ұсыныстар жоқ

4. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар

Тұрғын және коммерциялық ғимараттарда энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар

Тарифтер белгілеу және қаржылай қолдау көрсету арқылы ынталандыру жасау

40

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары үшін (мүгедектер, жалғыз басты қарт азаматтар және т.б.) қолдау түрлерін жаңарту кеңейту бойынша ұсыныстар енгізу

Ұсыныстар жоқ

Техникалық іс-шаралар

45

Барлық ғимараттарда және коммуналдық кәсіпорындарда энергоаудитті 2015 жылдың соңына дейін, одан әрі 5 жылда бір рет жүргізе отырып, Қазақстан Республикасы облыстарының деңгейінде өңірлік іс-шараларды, сондай-ақ субсидиялау жөніндегі ықтимал шараларды әзірлеу

Қарағанды облысында Мемлекеттік энергетикалық тізілімдемеде 445 субъект тұр. Энергия аудиті рәсімін өткізуге міндетті МЭТ субъектілерінің жалпы саны – 205 субъект.
МЭТ Операторы ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгінде 42 субъект (20,4%) энергия аудитін өткізді, соның 20 субъектісі мемлекеттік сыңайлы сектордікі және 22-сі заңды тұлғалар. Соның ішінде, 2015 жылы МЭТ-тің 18 субъектісі энергия аудитін өткізіп, қорытындысын алды.
Аталмыш бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады

48

Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру мақсатында Қазақстан қалаларын көшелік жарықтандырудың техникалық жай-күйіне бағалау жүргізу

Қарағанды облысында алдын ала талдауға сәйкес 19 400 көше жарықтандыру шамы бар. 2010 – 2015 аралығындағы кезең ішінде энергия үнемдеуші шамдарды орната отырып 14 241 жарық нүктесі, немесе 73,4%-ы жаңғыртылды. Соның 1 046 шамы 2015 жылы ауыстырылды. Сондай-ақ, өңірдер әкімдіктері энергияның қайта қалпына келетін көздерін қолдана отырып көше жарықтандыру шамдалдарын орнату жөніндегі жұмыстарды жүргізуде.
Аталмыш бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады

50

Аумақтарды дамыту бағдарламаларының аясында салалық бағдарламаларға сәйкес коммерциялық және тұрғын үй ғимараттарындағы энергия тиімділігін арттыру саласындағы техникалық іс-шараларды іске асыру бойынша шараларды көздеу, соның ішінде:
- қазандықтарға аудит жүргізу, оларды жаңғырту жоспарын әзірлеу немесе ескірген және тиімсіз қазандықтарды ауыстыру;
- жылумен жабдықтау жүйесін кеңейту немесе оған басқа да өзгерістер енгізу кезінде жылу мен электр энергиясын аралас өндірудің қолжетімді мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану;
- жылу желілерінің және үйішілік жүйелердің ескі құбырларын жаңа оқшауландырылған түрлерге ауыстыру; кіші диаметрлі құбырларды басым түрде ауыстыру;
- есепке алу аспаптарын, автоматтандырылған жылыту пункттерін міндетті түрде орната және энергия сақтау жабдықтарын қолдана отырып, күрделі жөндеу жүргізу сәтінде ғимараттарды терможаңғырту;
- соңғы жылу оқшаулағыш стандарттарын сақтай отырып, жаңа ғимараттар салу

Ескі және тиімсіз қазандықтарды жаңғырту және ауыстыру мақсатында облыс бойынша қазандықтар мен жылу желілерін жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі Жоспары әзірленді. Қазандықтарды салу жөніндегі жобаларды әзірлеу жылуды тиімді жұмсайтын материалдарды, жоғары пайдалы әрекет коэффициенті бар ең жаңа құрал-жабдықты қолдана отырып, сондай-ақ қазіргі заманғы технологияларды енгізуді ескере отырып жүргізілуде.
Облыста жылумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде (жылу көздері, жылу желілері) жылу желілерінде тек қана алдын ала айырылған құбыр желілері қолданылады.
2015 жылы «Нұрлы жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы шеңберінде ұлттық қор қаржылары есебінен бюджеттік кредиттеу тетігін қолданумен Қарағанды қаласы бойынша жылумен жабдықтау жөніндегі 4 жоба іске асырылды. Аталмыш жұмыстар энергия үнемдеуші құбыр желілерін қолдана отырып жүргізілді.
Бағдарлама шеңберінде 8,3 километр бұрыннан бар желілер реконструкцияланды. Реконструкция нәтижесінде жылу жоғалтуды жылына 150,4 мың Гкал азайту және Қарағанды қ. тұтынушыларын жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мен сапасын жақсарту күтілуде (385 тұрғын үй, 1213 мың мІ).
«ТКШ жаңғырту» Бағдарламасы шеңберінде көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеуді жүргізу кезінде энергия үнемдеуші материалдар қолданылады, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді есептегіш аспаптарды, соның ішінде автоматтандырылған жылу пункттерін орнату қарастырылуда.
Когенерациялық құрал-сайманды орнатуға келсек, мұндай жабдықты қолдану бу қазандықтары бар жылу көздеріне тиімді. Қарағанды облысындағы қазандықтарды салу жобаларында су жылытатын қазандықтар қолданылады

7. Ауаның ластануын төмендету жөніндегі шаралар

Көлік секторында ауа ластануын төмендету жөніндегі іс-шаралар

88

Алматы және Астана қалаларында, ірі қалаларда қоғамдық көлікті газ отынына көшіру бойынша ұсыныстар енгізу

Қарағанды облысында барлық жерде көлік құралдарын отынның экологиялық түрлеріне көшіруге кедергі келтіретін бірқатар проблемалар баршылық:
1) облыста автомобиль көлігінің үлкен бөлігі 10 жылдан астам пайдаланылуда, жеке иелерге тиесілі автомобильдер көлік құралдарының 80%-дан астамын құрайды;
2) отынның қанағаттанарлықсыз сапасы;
3) дамыған газ көлік инфрақұрылымының жоқтығы, бұл газ отынын пайдалануды шектейді, әсіресе қоғамдық көлікте.
Сондай-ақ эксплуатация газды отын ретінде пайдалану қысқы уақытта ауаның төменгі температурасына байланысты қиындайды.
Кәдімгі отынмен қалыптасып отырған ахуал және орын алған экологиялық проблема бірінші кезекте қалалық жолаушы автокөлігін экологияландыру мен газдандыруды кезең-кезеңмен енгізудің кешенді бағдарламасын жасау қажеттілігі туындағанын көрсетеді. Ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралардан басқа, бағдарламаны әзірлеу кезінде тиісті нормативтік-заңнамалық база, соның ішінде салық мәселелеріне ерекше көңіл бөлу мақсатқа сай келеді деп есептейміз.
Мұнымен қоса, жеке жүргізушілер арасында газға көшу жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, сообщаем, что Қарағанды облысының автокәсіпорындары облыста қолжетімді газқұю станциялары болған жағдайда газбаллонды жабдықты қозғалмалы составты сатып алу мүмкіндігін қарастыруға әзір

12. Көлік құралдарын отынның экологиялық таза түрлеріне көшіру, оның ішінде электромобильдерді енгізу және тиісті инфрақұрылым құру жөніндегі шаралар

120

Автокөлікті газға көшіру үшін бос ресурстарды айқындау мақсатында жылдар мен өңірлер бойынша тауарлық және сұйытылған газдың орта мерзімді болжамдық теңгерімін жасау

Бүгінгі күнге облыс тұтынушыларын тұрмыс мұқтаждықтары үшін топтық резервуарлық қондырғылар (ТРҚ), тұрмыстық баллондар мен автомобильге газқұю станциялары арқылы сұйытылған мұнай газымен (бұдан әрі – СМГ) қамтамасыз етуді 7 тіркелген газбен жабдықтау ұйымдары жүзеге асырады. Тұрмыс мұқтаждықтары үшін топтық газ үлестіргіш қондырғылар (бұдан әрі – ТГҚ) арқылы СМГ-мен қамтамасыз етуді «AlemGaz» ЖШС (Қарағанды қ.) және «Темір Газ» ЖШС (Теміртау қ.) кәсіпорындары жүзеге асырады.
Қалған тіркелген газ желілік ұйымдары («Управление газового хозяйства ГАЗOIL» ЖШС, «Хантер АГЗС» ЖШС, «КГС» ЖШС, «Достық Газ Терминал» ЖШС, «ГорГаз Астана» ЖШС)газды кәсіпорындарға көтерме саудамен, сондай-ақ АГҚС және тұрмыстық баллондар арқылы бөлшек саудамен жүзеге асырады.
2015 жылдың қорытындылары бойынша СМГ-ні облыс тұтынушыларына өткізу 45 мың 357 тонна құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2 мың тонна көп (43 мың 237 тонна).
СМГ тұтыну көлемінің ұлғаюы объектілердің жаңасын іске қосып, бұрынғыларын кеңейтумен байланысты, олар СМГ-ні жылу жүйелері үшін отын ретінде, сондай-ақ автомобиль көлігінің газға көшуіне орай пайдаланады.
Қарағанды облысы бойынша 2016 жылға арналған СМГ-ні тұтыну болжамы 46 000, 2017 жылға – 47 380; 2018 жылға – 48 801,4; 2019 жылға – 50 265,4; 2020 жылға – 51 773,4 құрайды

121

Өңірлер мен жылдар бойынша Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі газ құю станцияларына деген қажеттіліктерді айқындау

Бүгінгі күнге облыс тұтынушыларын сұйытылған мұнай газымен (бұдан әрі – СМГ) автомобильге газ құю станциялары (бұдан әрі – АГҚС) арқылы қамтамасыз етуді 3 тіркелген газбен жабдықтау ұйымдары жүзеге асырады - «ГазOIL» ГШБ ЖШС, «Хантер АГЗС» ЖШС, «Достық Газ Терминал» ЖШС және «КГС» ЖШС.
Жоғарыда нұсқалған кәсіпорындар ұсынған деректерге сәйкес, 41 АГҚС арқылы газды орташа айлық өткізу шамамен 240 тонна құрайды, бұл ретте АГҚС негізгі бөлігі Қарағандыда орналасқан (16 АГҚС).
Автомобиль көлігін газға көшіру есебінен газ тұтынудың өсуіне байланысты, газбен жабдықтаушы ұйымдар 2020 жылға дейін тағы да 43 АГҚС қатарға қосуды, айына 400 тоннадан астам газды өткізуді жоспарлап отыр

125

Веложолдар жүйесін және тиісті инфрақұрылымды, оның ішінде велосипедтерді автоматтандырылған жалға беру орындарын дамытуға талдау жүргізу

Облыстың мәдениет және демалыс парктерінде велосипедтерді жалға беру пункттері орналасқан

127

Қоғамдық көліктің сапасын арттыруға (жеке белдеулер, ақылды аялдамалар, электрондық төлем) және т.б бойынша ұсыныстар әзірлеу

Жолаушылар көлігі саласын одан әрі дамыту, тұрғын халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, Тұрақты қалалық және қала маңындағы бағыттарда GPS жүйесін енгізу – диспетчерлендіру мәселесі шешілді. Аталмыш іс-шара тұрақты бағыттардың қозғалысын нақты уақытта бақылауға және мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жалпы саны 673 бірлік GPS қадағалары орнатылды. Сондай-ақ Қарағанды қаласында сынама жоба ретінде бес «ақылды аялдама» орнатылды. Бұл бірегей қондырғы аялдама павильонының бүйір бөлігіне кіріктіріліп, бұрын орнатылған GPS жүйесімен біріктірілген сенсорлық басқарылатын планшет-таблодан тұрады. Сонымен, жолаушылардың керекті автобустың қанша уақыт аралығында келетіндігі, аялдаманың атауы және келетін автобустардың нөмірі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. В целях обеспечения сохранности Аталмыш аялдама пункттерінде тетіктердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ІІД бейнеқадағалау камералары бар

13. ЖЭС шығарындыларын тазартуды енгізу және өндіріс пен тұрмыстағы жаңа технологиялар негізінде электр энергиясын жаппай үнемдеу жөніндегі шаралар

133

Көмір ЖЭО үшін екінші буынды эмульгаторларды ауыстыру арқылы күлтұтқыш қондырғыларды енгізу

ЖЭС шығарындыларын тазалауды енгізу жөніндегі шараларды іске асыру, өндірісте және тұрмыста ең жаңа технологияларды, атап айтқанда көмір ЖЭО арналған екінші буын эмульгаторларды ауыстырып күлтұтқыш қондырғыларды енгізу; және станциялардың техникалық мүмкіндіктеріне сая келіп, жаңа буын электр сүзгілерін орнатып күлтұтқыш қондырғыларды қолдану негізінде электр энергиясын барлық жерде үнемдеу мақсатында, Қарағанды облысында келесі жұмыс жүргізілді.
Мәселен, «Караганда Энергоцентр» ЖШС станцияларында 2013-2016 жылдарға арналған шығарындыларды азайту жөніндегі инвестициялық міндеттеме бар, оның шеңберінде Қарағанды ЖЭО-1 және Қарағанды ЖЭО-3 қазандықтарында күлтұтқыш пайдалы әсер коэффициенті 96,6% алдын ала енгізілген «Вентури» құбырлары бар скрубберлердің орнына күлтұтқыш пайдалы әсер коэффициенті 99,5%-99,6% 2-буын батареялы эмульгаторларды орнату жоспарланып отыр.
2013-2015 жж. кезеңі ішінде күлтұтқыш пайдалы әсер коэффициенті 99,5%-99,6% 2-буын батареялы эмульгаторлары Қарағанды ЖЭО-1 ПТВП-100 ст. №1,2,3 және Қарағанды ЖЭО-3 БКЗ-420 ст. №1,3,4 қазандық агрегаттарында орнатылды.
2016ж. 2-буын батареялы эмульгаторларды Қарағанды ЖЭО-3 БКЗ-420 ст. №2 қазандық агрегатында орнату жоспарланып отыр.
Қарағанды ЖЭО-3 Е-670 ст. №8 қазандық агрегатында жаңа буын электр сүзгі орнатылған.
«Кагакйтуз Еnergу» ЖШС электр станцияларында 2007 -2015 жылдар кезеңі ішінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бекіткен атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту жөніндегі іс-шаралармен Вентури құбырлары бар МВ ОРГРЭС күлтұтқыш қондырғыларын күлтұтқыш пайдалы әсер коэффициенті 99,7-99,9 % екінші буын Панарина эмульгаторларына ауыстыру жүргізілді.
Соның ішінде Топар ГРЭС-інде 16 қазандық агрегатының 15-інде; Жезқазған ЖЭО-ның 8 қазандық агрегатының – 6-уында; Балқаш ЖЭО-ның 7 қазандық агрегатының – 4-уінде эмульгаторлар орнатылды.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 2001 - 2009 жылдар аралығындағы кезеңде жүргізілген техникалық қайта жарақтанудан кейін 6 қазандық агрегатының 4-уінде екінші буын эмульгаторлар, ал қалған 2-уінде электр сүзгілер орнатылды.
«Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС ЖЭО күлтұтқыш жабдық ретінде көлбеу орындалған алдын ала енгізілген «Вентури» құбырлары бар 3 энергетикалық қазандықтың әрқайсысында екі-екіден МП-ВТИ-2300 маркалы дымқыл күлтұтқыш орнатылған. Күл тұтудың қол жеткізілген пайдалану коэффициенті орташа есеппен 96% құрайды.
КарГРЭС-1 «BasselGroupLLS» ЖШС қазандық агрегаттарында көлбеу «Вентури» құбырлары бар скруббер тұрпатты газдарды дымқыл тазалайтын күлкетіргіш қондырғылар орнатылған. ЗУУ газдарын тазалау деңгейі 95,5 % құрайды.

134

Станциялардың техникалық мүмкіндіктеріне негізделе отырып, жаңа буынды электр сүзгіштерін орнату арқылы күлтұтқыш қондырғыларын қолдану (Екібастұз МАЭС-1,2-те күлтұтқыш қондырғыларына жүргізілетін реконструкциялау үлгісі бойынша)

Ақпараттың соңғы өзгерісі: 22 Ақпан 2016 09:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы