жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 28°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қоршаған орта ахуалының мониторингі

Назад

2010 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша қоршаған
орта ахуалының мониторингі

Атмосфералық ауаның ластануы

- Өнеркәсіп шығырындыларының жалпы мөлшері – 750,0 мың тонна
- Күкірттік ангидрид шығарындылары мөлшері – 246,0 мың тонна
- Азот диоксиді шығарындыларының мөлшері – 36,4 мың тонна
- Қатты бөлшектер шығарындыларының мөлшері – 189,0 мың тонна
- Көміртегі оксиді шығарындыларының мөлшері – 278,6 мың тонна
- Метан шығарындыларының мөлшері – 487,3 мың тонна

Қарағанды облысы бойынша стационарлық көздерден күтілімдегі зиянды шығарындылар мөлшері 750,0 мың тоннаны құрайды, былтырғы жылдың іспеттес мерзіміне – 991,6 мың тонна. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің «Балқаштүсмет» ӨБ (металургиялық кешені есебінен) 2008 жылда 402,6 мың тоннадан 111,6 мың тоннаға дейін азайтылған, қысқарылғанның негізгі себебі күкірттік қышқыл цехының жұмысына тікелей байланысты.
2008 жылдың нақты деректерімен салыстырғанда, ЖЖЭО-нда зиянды шығарындылар мөлшерінің күтілімді азаюы табиғат қорғау шараларын орыдауымен байланысқан, атап айтқанда – күлұстағыштардың қарқынды суландыру сызбасын енгізу, қазандықтардың оттықтарында көмірді екісатылық өрттеу барысында көмірдің күл шығырындысы 1 220,9 тоннаға, азот диоксидін 65,7 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді, ЖКБФ-да айналымды эмульгаторларды орнату арқылы ВТИ скрубберлерін реконструкциялау нәтижесінде органикалық емес шаң шығарындылары 10.2 тоннаға азайды.
Балқаш ЖЭО-ның зиянды шығарындылары 2008 жылы 21,55 мың тоннадан 24,19 мың тоннаға дейін арттырылды, 2,64 мың тоннаға арттылуының негізгі себебі электроқуатын және көмір шығының көбейуіне байланысты.
Жалпы облыс бойынша атмосфераға ластауыш зиянды заттардың 2009 жылы 2008 жылмен салыстарғанда төмендеу себебі табиғатқорғау шараларын орындау және өндірістің құлдырауына тікелей байланысты.
2009 жылдың 1-ші жартыжылдығында алдына ала мәліметтер бойынша ағынды сулар төгінділерінің жалпы көлемі 472,2 млн. текше метрді құрайды.
Ағынды сулардың үстірт су қоймаларына төгінділерінің жалпы көлемі 45 млн. текше метрге төмендеуінің негізгі себебі, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-дағы іске қосылған салқындатқыш тоғаны арқылы айналымды сумен қаматамасыз етудің бекітулі цикліне көшкені.
Қарағанды облысы бойынша 2009 жылы алдына ала мәліметтер бойынша ағынды сулардың төгінділерінің жалпы көлемі 873,2 млн. текше метрді құрайды (2008 жылы – 1033,2 текше метр). 2009 жылы 2008 жылмен салыстарғанда төгінділер мөшерінің төмендеу себебі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да өндірістік ағынды сулардың төгінділер мөлшерінің төмендеуі себебінен, іске қосылған салқындатқыш тоғаны арқылы айналымды сумен қаматамасыз етудің бекітулі цикліне қатысты шаралар есебінен және шығарылатын өнімдер көлемі азайуына тікелей байланысты.
Жазғы мерзімде су шығынының төмендеуіне байланысты облыстағы су объектілерінің нитрит, нитрат, амонийлық азот және басқа заттар бойынша ластануы маусым сайын арттырылады.
Үстірт су қоймаларының ластану көздері 2007 жылдың деңгейінде сақталып қалды, 15 кәспорнынан 17 су жібергіші бойынша. Жалпы былтырғы жылмен салыстырғанда облыстың негізгі су қоймаларында, Соқыр, Шерубай-Нұра, Қара-Кеңгір өзендерінен басқаларында су сапасының тұрақтылығы байқалады.
Қарағанды облысының жер қоры 2009 жылдың бас кезіне 42,8 млн. гектарды құрайды, бұл ретте бұзылған жерлердің көлемі – 42 мың гектар, оның ішінде істен шыққаны – 10,1 мың гектар, 2009 жылы рекультивацияланған жерлердің көлемі – 0,2 мың гектар. Бұзылған жерлердің негізгі көлемі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің кәсіпорындарының және жылуэнергетика мен тау-кен өндірісі кәсіпорындарының есебінде саналады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы