жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау

Назад

Экономиканың шикізат емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақтылығын және теңдестікте өсуін сақтауды жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдан бастап Мемлекеттік «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бағдарламада үш негізгі бағыт қарастырылған:
1. Жаңа бизнес-бастамаларға қолдау көрсету, басқаша айтқанда қазіргі заманға сай жаңа өндірістерді құруға көмек көрсету. Осы бағыт шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау механизмдері және жаңа жобаларды жүзеге асыруға несиелеріне кепілдік беру, бизнеске сервистік қолдау көрсету шаралары мен өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымдарды салуды жүргізуге пайдаланылатын болады.
2. Кәсіпкерлік секторын қалпына келтіру, яғни кризистік уақытта қаржылық қиындыққа тап болған қызметтегі бизнеске қолдау көрсету.
3. Экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау, бұл эскпорттық-кәсіпорындардың қолданымдағы несиесін субсидиялаумен арқылы орындалады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберіндегі мемлекеттік қолдаудың құралдары болып:

  • пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
  • несиелерге бөлшек кепілдендіру;
  • түпнұсқалығы мен жаңашылдығы жағынан ерекшеленетін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге гранттар беру;
  • өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
  • бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету саналады

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы топтастырылуына сәйкес экономиканың артықшылық секторларында жобаларын әрбір жүзеге асырушы кәсіпкер бағдарламаға қатыса алады.

Түсініктеме және кеңес алу үшін мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады:

  • Қарағанды облысының Кәсіпкерлік басқармасы, мекен-жайы Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, 317 кабинет, тел.: 8/7212/42-50-69;
  • Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығы, Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы 4, тел.: 8/7212/40-09-69.

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаларды қолдау құралдары туралы барлық ақпараттық-түсіндірмелік қолдау http://business.gov.kz/ бизнес-порталында қызмет істейді.

Ақпараттың соңғы өзгерісі: 16 Мамыр 2016 17:05
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы