жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -7°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Шағын бизнес

Назад

Қарағанды облысында кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша
2019 жылдың 1 қазанына арналған
анықтама

2019 жылдың 1 шілдесіне тіркелген ШОК субъектілерінің саны 105 889 бірл. немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 102,5% құрады.
Оның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 89 315 бірлікті немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 107,3%-ды құрады.
ШОБ субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 2019 жылдың қаңтар-наурызына 562,3 млрд.теңге, 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 4,2%-ды құрады (салыстырмалы бағаларда).
2019 жылдың 1 шілдесіне ШОК-та жұмыс істеушілер саны 233 564 адамды немесе өткен жылдың деңгейіне 101,0%-ды құрады, экономикалық белсенді халыққа қатысты ШОК-та жұмыспен қамтылғандар үлесі 34,4% құрады.
2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде облыста 1761 жоба жалпы сомасы 185,8 млрд. теңгеге қолдау тапқан, оның ішінде 2019 жылы 185 жоба инвестиция сомасы 14,3 млрд. теңгеге мақұлданды.
Оның ішінде:
- Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға (1 және 3 бағыттар) 1213 жоба 165,9 млрд. теңге несие сомасына, оның ішінде 2019 жылы – 12,7 млрд.теңге сомаға 112 жоба мақұлданған;
- Несиелерді ішінара кепілдендіру бойынша 305 жоба кепілдемелердің жалпы сомасы 7,8 млрд. теңгеге, олардың ішінде 2019 жылы – 1,5 млрд.теңге сомаға 72 жоба мақұлданған;
- Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу үшін 11,7 млрд.теңге сомаға 67 жоба, оның ішінде 2019 жылы – 142 млн.теңге сомаға 1 жоба мақұлданған.
- Гранттық қаржыландыру бойынша 439,0 млн.теңге сомаға 176 жоба
мақұлданған.
Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша барлығы (2013 жылдан 2016 жылға дейін) 775,6 млн.теңге сомаға 232 шағын несие берілді (оператор - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры).
Нәтижесінде облыс кәсіпорындарында 73,7 мың жұмыс орны сақталып, 21,9 мың жаңа жұмыс орны құрылды (оның ішінде 2019 жылы 497 жаңа жұмыс орны құрылды), бюджет кірісіне 24,3 млрд.теңге салық төлемдері түсті.
Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау шеңберінде:
- «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша 14 565 адам оқудан өтті, оның ішінде 2019 жылы-1125;
- «Топ-менеджмент» жобасы бойынша 229 кәсіпкер оқытылды;
- «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша-341 адам, оның ішінде 2019 жылы 49 адам;
- 15681 кәсіпорынға сервистік қолдау көрсетілді, 26,4 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде 2019 жылы 1210 кәсіпорын 1927 кеңес алды;
- бизнес-инфрақұрылыммен (КҚКО, КҚО, КҚМО) 2012 жылдан бастап барлығы 58,9 мың клиенттерге 152,4 мың кеңес көрсетілді, оның ішінде 2019 жылы 4,2 мың кәсіпкерге 12 мың кеңес берілді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асыруға қалалар және ауылдарда шағын несие беруге 2019 жылы 8 млрд.теңге бөлінді, 5,1 млрд.теңгеге 1189 шағын несие берілді (11.10.19ж. жағдай бойынша).
2017-2019 жылдары «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 5128 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз адам оқытылды, оның ішінде 2019 жылы 1826 адам. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 1350 адам оқытылды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 2019 жылы 3,7 млрд.теңге сомасына 29 жоба мақұлданды.

Дата cоздания: 01 Қаңтар 2010 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 17 Қазан 2019 16:48
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы