жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -1°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Шағын бизнес

Назад

Қарағанды облысында кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша
2018 жылдың 1 қазанына арналған анықтама

2018 жылдың 1 қазанына тіркелген ШОК субъектілерінің саны 103319 бірл. немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 102% құрады.
Оның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 83249 бірлікті немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 103%-ды құрады.
ШОБ субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында 507,4 млрд.теңге, 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 21,6%-ды құрады (салыстырмалы бағаларда).
2018 жылдың 1 шілдесіне ШОК-та жұмыс істеушілер саны 231 195 адамды немесе өткен жылдың деңгейіне 105,3%-ды құрады, экономикалық белсенді халыққа қатысты ШОК-та жұмыспен қамтылғандар үлесі 1,9 пайыздық тармаққа өсіп 34,1% құрады (2017 ж. 1 шілдесіне – 32,2%)
2010 жылдан бастап «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде облыста 1476 жоба жалпы сомасы 167,9 млрд. теңгеге қолдау тапқан, оның ішінде 2018 жылы 72 жоба инвестиция сомасы 7,3 млрд. теңгеге мақұлданды.
Оның ішінде:
- Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға (1 және 3 бағыттар) 1040 жоба 151,3 млрд. теңге несие сомасына, оның ішінде 2018 жылы – 4 млрд.теңге сомаға 38 жоба мақұлданған;
- Несиелерді ішінара кепілдендіру бойынша 194 жоба кепілдемелердің жалпы сомасы 4,5 млрд. теңгеге, олардың ішінде 2018 жылы – 279,9 млн.теңге сомаға 15 жоба мақұлданған;
- Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу үшін 11,6 млрд.теңге сомаға 66 жоба мақұлданған, олардың ішінде 2018 жылы-2,96 млрд.теңге сомаға 5 жоба.
- Гранттық қаржыландыру бойынша 411,0 млн.теңге сомаға 162 жоба мақұлданған.
Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша барлығы (2013 жылдан 2016 жылға дейін) 775,6 млн.теңге сомаға 232 шағын несие берілді (оператор - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры).
Нәтижесінде облыс кәсіпорындарында 71,5 мың жұмыс орны сақталып, 20,4 мың жаңа жұмыс орны құрылды (оның ішінде 2018 жылы 2027 жұмыс орны сақталып, 1224 жаңа жұмыс орны құрылды), бюджет кірісіне 24,3 млрд.теңге салық төлемдері түсті (оның ішінде 2018 жылы - 153 млн. теңге).
Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау шеңберінде:
- «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша 13 202 адам оқудан өтті, оның ішінде 2018 жылы-868;
- «Топ-менеджмент» жобасы бойынша 194 кәсіпкер оқытылды;
- «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша-292 адам.
- 14422 кәсіпорынға сервистік қолдау көрсетілді, 24,4 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде 2018 жылы 2452 кәсіпорын 3008 кеңес алды;
- бизнес-инфрақұрылыммен (КҚКО, КҚО, ХКҚО) 2012 жылдан бастап барлығы 51,5 мың клиенттерге 136,6 мың кеңес көрсетілді, оның ішінде 2018 жылы 7,7 мың кәсіпкерге 22,1 мың кеңес берілді.
2017 жылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының 2-ші бағыты шеңберінде екінші деңгейдегі банктер қалалық кәсіпкерлерге 1139 млн. теңге сомасына 99 шағын несие берді, соның ішінде 2018 жылғы қаражат есебінен – 172 млн.теңгеге 16 шағын несие.
2017 жылы «Бастау Бизнес»тжобасы бойынша 1313 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз адам оқытылды (жоспарға 100%), 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 1389 адам оқытылды.

 

Ақпараттың соңғы өзгерісі: 19 Қазан 2018 12:53
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы