жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Индустриалды-инновациялық даму

Назад

Индустриалдық-инновациялық даму

Облыста ҚР 2003-2015 жж. арналған индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда.

2007 жылдың 20 қаңтарында Қарағанды облысының инвестициялық жобаларын жүзеге асыру мәселесі бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Қазына» тұрақты даму қоры( мен Қарағанды облысы әкімдігінің арасында өзара түсіністік пен өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл Меморандум инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі бойынша өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.

01.04.07ж. жағдайға даму институттарында облыстың 9 жобасы қарастырылу үстінде:

- «Ұлттық Инновациялық қор» АҚ – 1 жоба, «Шойын өндірісін құру» жобасы («AB Metals Co» ЖШС)

- «Инвестициялық компания: Қазақстанның инвестициялық қорында» 5 жоба: «Болат құбырлар өндірісі» («ТММ» ЖШС); «Полимер тақталар мен шатыр құрылысы» («Арша-1»ЖШС); «Марганецтің техногендік минералдық түзілісі кен орындарын игеру және кесектелген марганец концентратынан құймалар, құрылыс бұйымдарын дайындау үшін өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы ферроқорытпалар өндірісін құру» («Корпорация «Фостис» ЖШС); «Резинатехникалық бұйымдар өндірісін кеңейту» ( «Сараньрезинотехника» АҚ); «Электр энергиясын есептейтін электронды құралдар өндірісі» («ЭлектроТехПром»ЖШС).

- «Қазақстанның даму банкі» АҚ -3 жоба:

Қар ГРЭС -1» қайта жабдықтау және жаңарту («Bassel Group LLS»ЖШС);

Қазақстан Республикасында металл кремний өндірісін құру («Silicium Kazakstan» ЖШС); отындық биоприсадкалар мен этилденген бензин өндірісі («NUR ASTYK» ЖШС).

Индустриалдық-инновациялық бағыттағы 2 жаңа өндіріс іске қосылды:

- «Минова Қазақстан» ЖШС тау-кен орнын бекіту үшін полиэфир қара майынан ампулалар өндірісі;

- «Керн-С» ЖШС 2007 жылдың қаңтар айынан көп қабатты үйлердің цокольді қабаттарын қаптау үшін сұр, қызыл түсті сплитер блоктарының өндірісі басталды.

Техникалық реттеу жүйесін реформалау, сапа менеджменті жүйесін енгізу мақсатында 2007 жылдың 15 наурызында ҚР ИСМ техникалық реттеу мен метрология комитетінің басқармасы техникалық реттеу жүйесін реформалау, сапа менеджменті жүйесін енгізу және ҚР Президентінің «Сапа аумағындағы жетістіктері үшін» премиясын алуға байқау мен республикалық «Алтын Сапа» көрме-байқауын өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Бүгінгі күні облыстың 96 кәсіпорны мен мекемесі сапа менеджментінің халықаралық жүйесін енгізді (ХСС), оның ішінде 27 биыл енгізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы