жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Субсидиялау шарттары, байланыс телефондары

Назад

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы №103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларына сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тауар өндірушілер), мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға және қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге субсидиялар беріледі.
Субсидиялауға жататын бағыттар:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:
ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу;
асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу;
асыл тұқымды қой, жылқы, шошқа, түйе, марал сатып алу;
ата-тектік, ата-енелік нысандарды ұстайтын отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тәуліктік балапандарды, сондай-ақ асыл тұқымды жұмыртқаны сатып алу;
жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу;
жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу;
2) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға:
бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу;
сиыр етiн, жылқы етiн, қой етiн, түйе етін, шошқа етiн, бройлерлiк құс етi және күрке тауық етiн (бұдан әрi – құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi – тағамдық жұмыртқа), сүт, қымыз, шұбатты, биязы жүнді қойлардың жүнiн (бұдан әрi – биязы жүн) өндiру үшiн пайдаланылатын малдар мен құстарға арналған азықтың құнын арзандату.
Тауар өндірушілердің субсидияларды алуының қажетті шарты Қағидаларда көрсетілген тиісті бағыттар бойынша өлшемдер мен талаптарға сәйкестігі, бүкіл ауыл шаруашылығы мал басын зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағуы және ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруы болып табылады.
Тауар өндірушілер тиісті негіздердің туындауына қарай осы Қағидаларда көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялауға жататын нақты көлемдерге субсидиялар алуға өтінімдерді аудандардың бөлімдеріне ұсынады.
Басқарма ай сайын комиссияның тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері туралы ақпаратты облыс әкімінің интернет-ресурсының арнайы бөлімінде жариялайды және бөлімге аудан бойынша тауар өндірушілерге төленген субсидиялардың көлемі туралы ақпаратты жолдайды.
Тауар өндірушілер толық ақпаратты аудан әкімдігінің интернет-ресурсында немесе ауданның ауыл шаруашылық бөлімінде алуы мүмкін.

Аудандар мен қалалардың ауыл шаруашылық бөлімінің қызметтік телефондары

Аудан атауы

Код

Қызметтік тел.

Абай

8-721-31

40589

Ақтоғай

8-710-37

21222

Бұхар жырау

8-721-54

21409

Жаңаарқа

8-710-30

28012

Қарқаралы

8-721-46

32512

Нұра

8-721-44

22370

Осакаровка

8-721-49

41365

Ұлытау

8-710-35

21545

Шет

8-710-31

21446

Қалалар атауы

Код

Қызметтік телефон

Қарағанды

8-72-12

424691

Теміртау

8-721-3

924952

Саран

8-721-37

51175

Шахтинск

8-721-56

50234

Приозерск

8-710-39

52531

Балхаш

8-710-36

45257

Қаражал

8-710-32

26503

Жезқазган

8-710-2

735216

Сәтпаев

8-710-63

38701

Дата cоздания: 27 Қараша 2014 15:45
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 27 Қараша 2014 15:46
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы