жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 16°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Мал шаруашылығы

Назад

Соңғы жылдары шаруашылықтың барлық санаттарында мал басы мен құс басының өсуінің және өнімдер өндірісі артуының тұрақты динамикасы байқалып отыр.
2015 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша барлық мал басының түрлері мен құс басының тірі салмақтағы сойылымы 104,1 мың тоннаны құрап, 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 102,4 пайызға артты, сүт 363,2 мың тонна немесе 104,9 пайызға артық, 569 668,1 мың дана жұмысртқа немесе 101,9 пайызға өндірілді.
Мал шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемі жыл сайын өсіп отыратын субсидия ретінде беріліп отырған мемлекеттік қолдаудың арқасында ұлғайтылды.
2015 жылы бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімінің сапасын және өнімділігін арттыруға 6 116 476 мың теңге бөлінді, ол 2014 жылдан 1 988 511 мың теңгеге артық. Субсидия облыстың 1350 АШТӨ берілді. Бөлінген қаражаттар асыл тұқымды мал басын сатып алуға, селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізуге, шет елдік селекциялы мал батарын әкелуге, өндіруші бұқаларды ұстауға, мал бордақылау алаңдарына өгізшелерді сатуға, сүт, сиыр, жылқы, шошқа, құс еттерін өндіруге бағытталды.
Мал шаруашылығын дамытудың басымды бағыттарының бірі «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы.
Жобаның жүзеге асырыла бастаған уақытынан (2011-2014 жылдар) облыс бойынша қарқаралы, Шет, Абай, Жаңаарқа және Бұқар жырау аудандарының шаруашылықтарымен барлығы 1241 асыл тұқымды мал басы әкелінген. 2015 жылы облыста жоспар бойынша 1000 асыл тұқымды мал басы әкелінуі қажет болған, нақты әкелінгені 1009 мал басы.
ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында 2012 жылдан 2015 жылдар аралығында облыс бойынша 10,8 мың басқа мал бордақылау алаңын ашу жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру уақытынан облыста Жаңаарқа, Нұра және Қарқаралы аудандарында 3500 басқа 6 мал бордақылау алаңы ашылды. Биылғы жылы Бұқар жырау ауданының «Жаке» ШҚ базасында 3000 басқа мал бордақылау алаңы салынып жатыр. Сонымен қатар Абай ауданында «Сарыарқа» АӨШ» ЖШС-де «КазАгроӨнім» АҚ-ның қаржыландыруымен 3000 басқа мал бордақылау алаңын салу жұмыстары жүргізілуде.
«Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан (2011-2014 жылдар) аймақтың шаруашылықтарымен 23202 ірі қара мал басы сатылып алынды.
2015 жылы осы бағдарлама бойынша облыс бойынша жоспар тапсырмада 5200 ІҚМ басын сатып алу керек болған, нақты 4988 аналық мал басы және 260 бас өндіруші бұқа сатылып алынған.
Осакаров ауданының «Еңбек-95» ЖШС-нің базасында сүт-тауарлық фермасын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Облыста шалғайдағы мал жайылымдарын пайдалану бойынша біршама жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мәселені шешу үшін облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 40 құдық қазылды, жоспар бойынша 36.

Ақпараттың соңғы өзгерісі: 25 Желтоқсан 2015 13:47
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы