жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 14°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Ауыл шаруашылығы

Назад

Облыстың агроөнеркәсіп кешені саласы өндірістің өсуімен, ауылдарда қаржы нарықтары қызметінің дамуымен, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің өсуімен сипатталады.
2015 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 147,7 млрд. теңгені құрады, ол 2014 жылдың сәйкес деңгейінен 18,8 млрд.теңгеге артық (128,9 млрд.теңге), немесе 11,8 пайыз. Нақты көлем индексы 102 пайызды құрады (өткен жылдың 11 айында 98 пайыз).
Қарағанды облысы экономикасының құрылымында ауыл шаруашылығы үлесі аймақтың жалпы өнімінің 3,3 пайызын құрайды. 2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдар алқабы 995,6 мың гектарды құрады.
Өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру шегінде 2011 жылмен салыстырғанда бидай алқаптары 69,0 мың гектарға қысқартылды.
Жемдік астық, бұршақ, жарма дақылдарының алқабы 58,7 мың га. немесе 1,5 есе көбейді.
«Жасыл экономика» концепциясына сәйкес облыс бойынша ылғалқорсақтау технологиясы – тамшылатып суаруға көшуде.
Ағымдағы жылы тамшылатып суару 409 гектар алқапта қолданылды немесе 2014 жыл деңгейімен салыстырғанда 171 гектарға көп. Жалпы тамшылатып суарылатын алқап 1177 га. құрады.
Ылғалқорсақтау технологиясы 565,2 мың гектар дәнді-дақылдар алқабына немесе жалпы алқаптың 80,7 пайызын құрады.

Ақпараттың соңғы өзгерісі: 29 Қаңтар 2019 10:21
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы