жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -1°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жер пайдалану

Назад

Облыстағы жер ресурстары мақсатына байланысты жеті санатқа бөлінеді:
1. Ауылшаруашылық бағыттағы жерлер 01.12.2012 жылы 11589,6 мың. га, немесе облыс территориясының 27% құрады.
Агроөндірістік кешенін әрі қарай дамыту үшін облыста бекітіліп берілмеген (қордағы жерлер) жерлер бар, аудандар бойынша атап айтқанда:
- Абай ауданы - 159,4 мың.га;
- Ақтоғай ауданы – 3156,6 мың.га;
- Бұқар жырау ауданы – 204,2 мың.га;
- Жаңаарқа ауданы – 951,3 мың.га;
- Қарқаралы ауданы – 1705,9 мың.га;
- Нұра ауданы – 2571 мың.га;
- Осакаров ауданы – 228,9 мың.га;
- Ұлытау ауданы – 6672,4 мың.га;
- Шет ауданы – 2069,4 мың.га
2. Елді мекендердің жері. Бұл санатқа қалаға, кентке, ауылдық елді мекендерге бекітіліп берілген жерлер жатады. 01.12.2012 жылы осы санаттағы жерлердің аумағы 3903,9 мың. га. құрады.
Сонымен қатар облыстық маңыздағы қалаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін бос (резервтегі) жерлер бар, олар:
- Балқаш қаласы – 556,7 мың.га;
- Жезқазған қаласы – 409,7 мың.га;
- Қаражал қаласы – 982,6 мың.га;
- Сатпаев қаласы – 25,2 мың.га.
3. Өнеркәсіптік, транспорттық, байланыс, қорғаныс және ауылшаруашылық бағыттағы емес жерлер 218,7 мың. га. құрайды.
4. Су қорының жерлері 44,8 мың. га-ны құрайды.
5. Ерекше қорғалатын табиғат жерлерінің көлемі 549,7 мың.га, оның ішінде:
Қарқаралы ауданы «Қарқаралы Ұлттық табиғи паркі» ММ–112,1 мың. га;
Нұра ауданы «Қорғалжын табиғи қорығы» ММ – 262,1 мың. га;
Осакаров ауданы «Бұйратау» мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі» ММ - 28,2 мың. га;
Ұлытау ауданы «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ - 145,1 мың. га;
Жезқазған қаласы «Ұлытау» тарихи-мәдени паркі» ММ - 2,2 мың. га.

6.Орман қорындағы жерлер 01.12.2012 жылға 201,1 мың.га. құрайды.

7.Қордағы жерлер 01.12.2012 жылға 19136,6 мың. га. құрайды.
Сонымен қатар қала ауданынан тыс қолданылатын жерлер 719,5 мың.га және облыстың өзге қалалары мен аудандары қолданатын жерлер 7873,3 мың.га.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы