жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 29°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Назад

Экономика  


ID вопроса: 16302
26.02.2019
Вопрос от: Шайбеков Айдос Аманоллаұлы

Вопрос:

Ассаламағалекум Құрметті Ерлан Жақанұлы. Мен Сіздің еңбегіңізге оңды жеміс тілей отырып сұрақтарымды қойсам. 1. «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орынына орналасуға жалпы конкурс 2 жыл сайын өткізілеме және өткізу туралы «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» MM-нің хабарландыруы халыққа қалай жеткізіледі. 2.Қазіргі таңда мен Қарағанды облысының Аудан әкімі лауазымына резервке тұра аламынба. (БОС ЛАУАЗЫМ БОЛМАСАДА)

Ответ:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «А» корпусы – кадр резервіне іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемлекеттік қызметті өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурс уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртіппен өткізіледі.

«А» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған азаматтар қатарынан жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің2015 жылғы 29 желтоқсандағы№151 Жарлығыменбекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу Қағидаларының 2-тармағына сәйкес «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуді Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін Ұлттық комиссияның ұсынымдары негізінде қалыптастырады.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған азаматтарды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен тағайындай алады.

 

Вернутся назад
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы