жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 9°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Тақырып бойынша ақпараттар

Назад

Күн тәртібінде – кадр мәселесі


2010 жылғы 31 наурызда Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Егембердінің бастамасы бойынша Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында «Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты» тақырыбында біліктілік арттыру курсы тыңдаушыларымен кездесу өткізілді.
Аймақтың кадр саясатын іске асыру кездесудің маңызды тақырыбы болды. Қарағанды облысы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Ғабит Тұяқов осы мәселе бойынша жан-жақты баяндап берді. Кездесуге мына мемлекеттік органдардың: Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Қарағанды облысының қаржы басқармасының, Қарағанды облысының туризм, спорт және дене тәрбиесі басқармасының, Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының, Теміртау қаласы әкімі аппаратының, Қарқаралы қаласы әкімі аппаратының, Сәтпаев қаласы әкімі аппаратының, Балқаш қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, Шахтинск қалалық білім беру, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің, Приозерск қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 16 мемлекеттік қызметшісі қатысты.
Кездесуде облыстың қалалары мен аудандарында жергілікті мемлекеттік органдардың кадр саясатын іске асырудағы жауапкершілігі мен орындаушылық тәртібі туралы сөз қозғалды. Кадр әлеуетін дамыту және жетілдіру мәселелері басымдыққа ие болып қала береді.
«Орталық мемлекеттік және облыстың, республикалық маңыздағы қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына жан-жақты түсініктеме берілді. Осы нормативтік-құқықтық актіге сәйкес жергілікті атқарушы органдарға 2011 жылдан бастап әртүрлі бағыт бойынша қызметтің тиімділігін бағалауды бастау қажет.
Атап айтқанда, құрамды басқаруды бағалау мынандай өлшемдерге негізделетін болады:
1) құрамды іріктеу;
2) құрамды оқыту және дамыту;
3) мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы;
4) сыбайлас жемқорлық деңгейі.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа орналасуы, аттестациялаудан өтуі, қызметтен босатылуы, карьерлік өсуі, оқытылуы, сол сияқты мемлекеттік органдардың кадр қызметтерін тексеру қорытындылары бойынша ашық әңгіме құрылды.
Кездесуге қатысушылар Аймақтық оқыту орталығында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларды үйренуі бойынша қысқа мерзімді курстардан өтуінің оң нәтижелерін атап көрсетті: орталықта дайындықтан өткендердің 92% тестілеуді табысты түрде тапсырады.
Кездесудің қортындылары бойынша қатысушылар оқудың маңызы мен тәжірибелік бағыты туралы өз пікірлерін білдіріп, оң баға берді.
Бұл кездесу мемлекеттік қызметтің беделін қалыптастыруға және дамытуға арналды.













Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы