жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 32°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Назад

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты

 

 

1. Индустриялық даму цифрларда

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыста индустриялық-инновациялық дамытуды жүзеге асыру аясында Бағдарламының барлық негізгі көрсетішктеріне қол жеткізілді.

2017 жылғы 9 айдың қорытындылары бойынша облыстың ЖӨӨ көлемі 49,5% құрады, өткен жылмен салыстырғанда өсім 1,6 п.т. (2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында – 47,9%), соның ішінде өңдеуші сала – 32,1%, төмендеу 1,1 п.т. (31,0%).

Өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігі 1 жұмыспен қамтылған адамға 32,7 мың АҚШ долларын құрайды (2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары бойынша дерек, ҚР-да 2 орын), 2016 жылдың кезеңімен салыстырғанда өсім 4,0% құрайды.

Өңдеуші өнеркәсіптің экпорт көлемі 3,9 млрд. АҚШ долларын құрайды, 2016 жылмен салыстырғанда 31,3% құрайды.

Облыстың өнімі әлемнің 49-еліне экспортқа шығарылады, соның ішінде 29,4% - Ресейге, 24,5% – Қытайға, 12,4% – БАЭ-на, 7,1% – Иранға, 5,6% – Ұлыбританияға, 4,1% – Өзбекстанға, 1,8% – Украинаға, 1,8% – Қырғызстанға, 13,3% – басқа елдерге.

Облыстың жалпы экспорт көлемінде өңделген тауарлар көлемінің экспорт үлесі 2013 жылы 85%-дан бастап 2017 жылы 88%-ға дейін артты.

Экспорт көлемінің артуы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «ТЭМК» АҚ, «Тау-Кен Темір» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындарда көлемдердің артуы, сонымен қатар жаңа жобалар бойынша экспорттың артуы ықпал етті.

Облыста металлургиялық өнім (жалпақ илек, тазартылған мыс, күміс, шойын және т.б.), сонымен қатар химиялық өнеркәсіп өнім (карбид, металлургиялық кремний, стирол полимерлері және т.б.), құрылыс индустрия өнімдері (пластмассадан жасалған құбырлар және фитингілері, резеңкеден жасалған жетекті қайыстар, қож-мақта және т.б.), машина жасау өнім (кабельді-жетекті және телекоммуникациялық өнім және т.б.) экспорты басым.

Өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтылған адамдар саны 89,7 мың адамды құрайды (2017 жылғы ІІІ тоқсан бойынша деректер), 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 0,4% құрайды.

2016 жылдың кезеңімен салыстырғанда отандық тауар өндірушілерден ТЖҚ сатып алу сомасы 50,0 млрд. теңгеге өсті (2017 жыл – 392,8 млрд. теңге).

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан қорытындылары бойынша өңдеуші өнеркәсіп секторы 3,2%-ға артты.

Өңдеуші өндіріс арасында түсті металлургияда (8,6%-ға), қара металлургия өндірісінде (4,8%-ға), машина жасау саласында (9,2%-ға), фармацевтикада (30,5%-ға), химиялық өнім өндірісінде (5,8%-ға) өсу байқалды

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан қорытындылары бойынша 358,8 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың деңгейімен салыстырғанда 110,2% құрайды (317,6 млрд. теңге).

Өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар 94,4 млрд. теңгені немесе 2016 жылмен салыстырғанда өсім 6,5% құрайды.

Шикізаттық емес секторда инвестициялар 2016 жылмен салыстырғанда 6,1% артты және 193,7 млрд. теңгені құрайды.

 

 

2. Өнеркәсіптің негізгі салаларының дамуы

2017 жылдың қорытындылары бойынша өндіріс көлемі 2259,2 млрд. теңгені, өнеркәсіптік өнім индексі – 104,1% құрайды.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қолданыстағы бағалар бойынша облыста өндіріс көлемі 2259,2 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен (1947,7 млрд. теңге) салыстырғанда 116,0% құрайды

Өңдеуші өнеркәсіпте өндіріс көлемі 1 770,7 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 103,2% құрады.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да болат өндірісі 4 049,8 мың тоннаны немесе 2016 жылмен салыстырғанда өсім 4,9% құраған (3 859,6 тыс. тонн). 2018 жылы болат өндірісі 4 352 мың тонна (2017 жыл бойынша дерек 4 049,8 мың тонна) көлемінде немесе өсім 7,4% жоспарланған.

«Қазақмыс» Корпорациясында тазартылған мыс өндірісі 321,5 мың тоннаны немесе 2016 жылмен салыстырғанда (300,7 мың тонна) өсім 6,9% құрайды. 2018 жылы мыс өндірісі орындалған көлемдер деңгейінде (321,5 мың тонна) жоспарланған.

Резеңке және платсмасс бұйымдар өндірісінде (12,5%-ға) және жеңіл өнеркәсіп өндірісінде (0,4%-ға) төмендеу байқалады:

- -жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,3 млрд. теңгені, НКИ-99,6% құрайды.

Төмендеу «Карат» ЖШС-де тоқыма материалдар және өнімдер өндірісінің (91,5%-ға), «Temirtau Associates and Ancillaries» ЖШС, «Galex Plus» ЖШС әйелдер мен қыз балаларға арналған киім және басқалар (4,9%-ға), «ЕСКО» ЖШС, «Руми-эн» ЖШС және «Тэгам» ЖШС тоқыма шұлықтар (47,0%-ға) өндірісінің қысқаруымен шартталады.

- -резеңке және пластмасс өнімдер өндірісінің көлемі 17,2 млрд. теңгені, НКИ-76,9% құрайды.

Төмендеу «Жакко Караганда» ЖШС-де құбырлар және фитингілер өндірісінің (34,9%-ға), «Фолти» Фирмасы ЖШС-де плиталар және пластмассадан жолақтар (36,2%) өндірістің қысқаруымен шартталады.

2018 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 2 309,8 млрд. теңге деңгейінде, НКИ – 102,6% жоспарланған.

2017 жылы өңдеуші өнеркәсіпте жоспарланған экспорт көлемі 115,%, еібек өнімділігі 103,4% құраған.

 

 

3. Кәсіпкерлікті қолдау картасы

Кәсіпкерлікті қолдау картасына бүгінгі таңда Қарағанды облысынан 771,4 млрд. теңге сомасына, 11520 жаңа жұмыс орындарын құрумен 103 жоба енгізілген.

Соның ішінде республикалық Картаға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС 2 жобасы енгізілген.

Облыстың барлық 18 өңірі Кәсіпкерлікті қолдау картасына ұсынылған.

Өңірлік Картада – 9341 жаңа жұмыс орындарын құрумен жалпы құны 554,2 млрд. теңгеге 101 жоба.

Карта аясында бүгінгі таңда 84 жоба жүзеге асырылды, жалпы инвестиция сомасы 252,1 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпорындарда 6432жаңа жұмыс орындары құрылды.

1. Бірінші бесжылдық 2010-2014 жж. – 4596 жаңа жұмыс орындар құрумен 123 млрд. теңге сомасына 58 жоба іске қосылды.

2. Екінші бесжылдық 2015-2019 жж. -1836 жаңа жұмыс орындарын құрумен 129,2 млрд. теңге сомасына 26 жоба іске қосылды.

Индустрияландыру картасының жобаларын жүзеге асыру облыста машинажасау, фармацевтика, құрылыс индустриясы және АӨК салаларында жаңа өнім түрлерінің өндірісін құруға мүмкіндік береді.

2010 жылдан бастап 2017 жылға дейін Картаның іске қосылған жобаларымен жалпы сомасы 624,5 млрд. теңгеге, соның ішінде 2017 жылы– 192,0 млдр. теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілді, сонымен қатар өңдеуге – 171,4 млрд. теңге.

Жалпы көлемде олардың үлесі 8,4% құрады, соның ішіеде өңдеуші өнеркәсіпте-9,6%.

- 2010 ж. – 3,5 млрд. теңге (808 жұмыс орны);

- 2011 ж. – 22,4 млрд. теңге (1214 жұмыс орны);

- 2012 ж. – 37,1 млрд. теңге (935 жұмыс орны);

- 2013 ж. – 63,8 млрд. теңге (455 жұмыс орны);

- 2014 ж. – 73,1 млрд. теңге (1184 жұмыс орны);

- 2015 ж. – 91,2 млрд. теңге (649 жұмыс орны);

- 2016 ж.– 141,4 млрд. теңге (956 жұмыс орны);

- 2017 жылы – 192,0 млрд. теңге (301жұмыс орны).

Іске қосылған жобалардың 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жоспарлы қуаттылықты игеруі келесідей:

- 74 жоба жоспарлы қуаттылықты 70%-дан 100%-ға дейін игерген.

- 2 жоба жоспарлы қуаттылықты 50%-дан жоғары игерген.

- 4 жоба жоспарлы қуаттылықты 50%-дан төмен игерген.

4 жоба бойынша 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнім өндірісі жоспарланбаған. Соның ішінде 1 жоба 2017 жылдың желтоқсанында іске қосылды (ТОО «Recycling Company»).

Облыстың 2015-2019 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы сомасы 648,4 млрд. теңгеге, 6924 жаңа жұмыс орындарын құрумен 45 жоба енген.

2017 жылы 7,7 млрд. теңге сомасына, 301 жұмыс орнын құрумен 8 жоба іске қосылды:

- 2017 жылғы 21 маусымда – «Волынка» ЖШС-нің «Шұжық цехінің құрылысын салу». Жобаның құны 320 млн. теңге, 40 жұмыс орны құрылды. Жобалық қуаттылығы - 3,6 мың тонна;

- 2017 жылғы 29 маусымда – «Seven Refractories Asia» ЖШС-нің «Отқа төзімді материалдар өндірісі бойынша зауыт құрылысын салу». Жобаның құны – 1,7 млрд. теңге, 51 жұмыс орындары құрылған. Жобалық қуаттылығы – 38 мың тонна;

- 2017 жылғы 5 шілдеде - «КазГазоБлок» ЖШС-нің «Жылу блоктарының өндірісі бойынша зауыт құрылысын салу». Жобаның құны 1,4 млрд. теңге, 68 жұмыс орны құрылады. Жобаның қуаттылығы 150 000 м3;

- 2017 жылдың 10 қазанында - «Самға» ЖШС-нің «Темір-бетон құрылымдар зауытын жаңғырту». Жобаның құны 240 млн. теңге, 30 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы 1940 адам;

- 2017 жылғы 29 қарашада - «Эберман А.В.» ЖК «TRIKSAT» тоқыма цехін кеңейту және жаңғырту. Жобаның құны 46 млн. теңге, 15 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы 7200 дана.

- 2017 жылғы 30 қарашада "Эдванс Майнинг Технолоджи" ЖШС-нің «SX EW әдісімен мысты шоғырлы сілтісіздендіру үшін тәжірибелі зауыт құрылысын салу». Жобаның құны 513 млн. теңге, 17 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы - 300 тонна;

- 2017 жылғы 6 желтоқсанда – «RecyclingCompany» ЖШС-нің «Істен шыққан көлік құралдарының, арнайы техниканың және ауыл шаруашылығының қалдықтарынан шойын, болат, алюминий, түсті металдар қорытпаларының өндірісі, көмірсутек және туынды өнімдер өндірісі». Жобаның құны 3400 млн. теңге, 70 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы синтез-газ – 2100 тонна, пеш отыны – 16 000 тонна, балқыту пеші - 22740 тонна, резеңке ұнтағы – 3300 тонна;

- 2017 жылғы 28 желтоқсанда - «Инкар-I» ЖШС-нің «Жинау цехінің құрылысын салу». Жобаның құны 100,7 млн. теңге, 10 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы 1000 тонна.

2018 жылы 989 жұмыс орнын құрумен 72,1 млрд. теңге сомасына 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланған:

- «Maker» ЖШС-нің «Машина жасау өндірісін жаңғырту». Жобаның құны 13762 млн. теңге, 99 жұмыс орнын құрумен. Жобаның қуаттылығы 11 900 тонна өнімді құрайды;

- «Қарағанды целлюлоза-қағаз комбинаты» ЖШС-нің «Целлюлоза өндірісі және макулатураны қайта өңдеу бойынша өндірісті ұйымдастыру». Жобаның құны 1600 млн. теңге, 200 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы 7000 мың тонна өнімді құрайды.

- "Sary-Arka Copper Processing" ЖШС-нің «Катод мысын шығару бойынша зауыт құрылысын салу». Жобаның құны 14059,7 млн. теңге, 350 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы 6000 тонна өнінді құрайды;

- «АК Алтыналмас» АҚ-ның «Пустынное ААФ өнімділігін арттыру». Жобаның құны 12114 млн. теңге, 140 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы жылына 2,3 млн. тонна кенді, 2900 кг алтынды құрайды;

- «YDD Corporation» ЖШС-нің «Қарағанды қаласында ферросилиций өндірісі бойынша зауыт құрылысын салу». Жобаның құны 30600 млн. теңге, 300 жұмыс орнын құрумен. Жобалық қуаттылығы 108000 тонна өнімді құрайды.

 

Проблемалық жобалар бойынша жұмыс

Республика бойынша Кәсіпкерлікті қолдау картасының 72 проблемалық жобасының 10 жобасы Қарағанды облысында жүзеге асырылуда.

«Kazcentrelectroprovod» ЖШС, «Автообъединение» ЖШС, «KarazhalOperating» ЖШС, «Промтранс» ЖШС, «Техноиндустрия» ЖШС, «Рудсервис» ЖШС, ЖК «Гелисханова», «Ер Тай» ЖШС, «Кэлсис» ЖШС 9 жобаға қатысты өндіріс көлемдерін арттыру бойынша жол карталары бекітілген.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша 7 жоба жоспарлы қуаттылыққа шықты және тұрақты жұмыс істеп тұр: («KarazhalOperating» ЖШС, «Автообъединение» ЖШС, ЖК «Гелисханова», «Рудсервис» ЖШС, «Ер Тай» ЖШС, «Kazcentrelectroprovod» ЖШС, «Техноиндустрия» ЖШС).

Бүгінгі таңда 3 жоба бойынша проблемалар бар.

1. «Кэлсис» ЖШС-нің жобасы (телекоммуникациялық кабель өндірісі):

2017 жылдың 7 айында нақты 240 км өндірілді (жоспар 0 км) және жылдың аяғына дейін 1000 км кабель өндіру жоспарланған. Бүгінгі таңда «Сбербанк» ЕК» АҚ алдындағы берешегіне байланысты, зауыт жұмысы тоқтатылды, орындау өндірісі басталды, мүлікке тыйым салу қауіпі туындаған. В этой связи имеется риск неосвоения плановой мощности.

2017 жылдың 21 қазанында «Кэлсис» ЖШС аумағында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.А.Айдаровтың төрағалығымен проблемалық мәселелерді қарастыру және жобаны дамыту перспективалары бойынша Саран қаласы әкімдігінің, «ТДҰА» АҚ, «Сбербанк» АҚ өкілдерінің және кәсіпорын басшылығының қатысуымен мәжіліс өтті (2017 жылғы 21 қазандағы №11-6/5015 хаттамасы).

2. «Промтранс» ЖШС жобасы (теміржол шпалдарының өндірісі). Зауытты жаңғыртуды 2017 жылдың қыркүйегінде аяқтау және өндірісті бастау жоспарланған, алайда қаржылық қаражатты алу үдерісінің созылуына байланысты жаңғырту жүріп жатыр және өнім шығару 2018 жылдың 1 тоқсанында жоспарланған. Зауыт тапсырыстармен қамтамасыз етілген, «Компания «Жолжөндеуші» ЖШС-мен шамамен 1 млн. дана шпал өндірісіне 4-жылдық келісімшарт бар.

3. «Kaztherm» ЖШС-мен 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап ресейлік сату нарығын жоғалтуына байланысты банкрот деп танылды. Осы жағдайда кәсіпорынның қызметін қайта қалпына келтіру мүмкін емес.

Бүгінгі таңда лизинг нысаны болып табылатын жабдық (бояу желісі, дәнекерлеу желісі, 630 тонна қысым, 200 тонна қысым. 1252 тонна қысым) «БРК-Лизинг» АҚ-мен алынды және «ККС-Караганды» ЖШС-не сатылды. Қалған жабдық, құрал-саймандар, тауарлық-материалдық құндылықтар банкрот үдерісі аясында «ККС-Караганды» ЖШС-не сатылды. Сонымен қатар осы уақытта «Kaztherm» ЖШС-де кепілзат болып табылатын жылжымайтын мүлік (ғимарат пен жер учаскелері) және 500 мм штамп бар және 2018 жылы оларды «БРК-Лизинг» АҚ-на тапсыру жоспарланған.

Осыған орай осы жобаны республикамызда тоқтап тұрған және жүктемесі төмен 72 жоба тізімінен алып тастау ұсынылады.

Барлық жобалар тұрақты бақылауда және мониторинг жүргізіледі.

 

 

4. Инвестициялар

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2017 жылдың қаңтар – желтоқсан аралығында 358 767 млн. теңгені немесе 2016 жылмен салыстырғанда 110,2% құрайды.

Солардың ішінде 70,3% (252 297,9млн. теңге) – кәсіпорынның өз қаражаты есебінен, 20,5% (73 692,3 млн. теңге) – бюджеттік қаражат, 6,2% (22 224,5 млн. теңге) – банк несиелері, 2,9% (10 552,3 млн. теңге) – басқа қарыз қаражат есебінен.

Негізгі капиталға инвестицияларды пайдалану бағыттары бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инвестициялар кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметке 22,6%-ға (1088,4 млн. теңге); қаржылық және сақтандыру қызметіне 16%-ға (843,8 млн. теңге), көлік және қоймалау 31,8%-ға (30823,2 млн. теңге), ақпарат және байланыс қызметіне 18,7%-ға (1667,2 млн. теңге), өзге қызмет түрлерін көрсету 50,5%-ға (208,6 млн. теңге) төмендеу байқалады.

Өнеркәсіпке инвестиция көлемі 215 356,4 млрд. теңгенң немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,6%.құрайды.

Өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 94354,5 млн. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 106,5%.

Меселен, облыста «бір терезе» қағидасымен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, онда халыққа қызмет көрсету орталығының, инвесторларға қызмет көрсету орталығының, «КазАгроГарант» АҚ Қарағанды филиалының кеңесшілері, Қарағанды облысының АШТӨ (ауыл шаруашылық тауар өндірушілер) үшін инвестициялық субсидиялар бойынша операторлар және «Даму» КДҚ» АҚ өкілдері жайғастырылған.

Инвесторлармен жұмысты реттеу мақсатында Қарағанды облысының аумағында инвестициялық жобаларды сүйемелдеу Тәртібі әзірленген және бекітілген. Тәртіп инвесторларды бастапқы деңгейден өндірісті толық іске қосқанға дейін сүйемелдеуді қарастырады.

Облысқа инвестицияларды тарту бойынша атқарылған жұмыс аясында «G Global–2000» журналының нұсқасы бойынша ірі трансұлттық компаниялардың тізіміне енген бірқатар халықаралық компаниялар тартылған:

- Қаражал моноқаласында «Global– 2000» тізімінде 623 орындағы «Halliburton» халықаралық компанияның толық техникалық қолдауымен «KarazhalOperаting» ЖШС барит кенін қайта өңдеу бойынша өндірісі іске қосылды.

Жобаның жалпы құны – 6 млрд. теңге. 2017 жылы 2 452,1 млн. теңге сомасына 81,7 мың тонна өнім өндірілді.

- Оскаров ауданында Carmeuse Group бельгиялық трансұлттық корпорацияның 8,1 млрд. теңге көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар есебінен «GlobalLimeIndustries» ЖШС-нің жоғары сапалы әктас өндірісі бойынша зауыт құрылысын салу жоспарланған.

- ірі швейцарлық Glencore International компаниясы өзінің еншілес компаниясы Казцинк арқылы «Жайрем ТКБК» АҚ полиметалл кенін қайта өңдеу бойынша байыту фабрикасының құрылысын салу бойынша жобаны жүзеге асыруға ниетті. Инвестициялар көлемі 100 млрд. теңге. Жобаны іске қосу 2020 жылға жоспарланған;

- «RioTinto» британдық концерні («Global– 2000» тізімінде 623 орындағы) кемінде 1 млрд. тонна кен қорымен және құрамында кемінде 0,7% мыс бар кен орындарды анықтау аясында Ұлытау ауданының «Қорғантас» учаскесінде және «Шет ауданының «Балқаш-Сарышаған алаңшасы» учаскесінде жұмыстар жүргізуде. Іздестіру барысында инвестиция көлемі 3,4 млрд. теңгені құрайды.

 

 

5. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақ

Өңірде қажетті барлық инфрақұрылымы бар «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді.

АЭА инфрақұрылымының негізгі инфрақұрылым нысандарының құрылысы аяқталды (энергиямен қамту, темір жол және темір жол станциясы, автомобиль жолдары, әкімшілік орталық, өрт сөндіру депосы, сумен қамту және кәріз желісі мен құрылыстар).

«Сарыарқа» АЭА» инфрақұрылым құрылысының сметалық құны 25,5 млрд. теңгені құрайды.

Республикалық бюджеттен 24 803,7 млн. теңге бөлінді:

2007 жылдан 2010 жылға дейін - 21 462,5 млн. теңге.

2013 жылы - 2 420, 2 млн. теңге.

2014 жылы - 921 млн. теңге.

2014 жылы облыстық бюджеттен 102 млн. теңге, 2015 жылы 268,9 млн. теңге сомасында қосымша қаржыландыру жүргізілді.

2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша инфрақұрылым нысандарының құрылысын салуға 23 387,8 млн. теңге немесе республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттың 92,9% жолданды.

АЭА аумағында жобаны жүзеге асыру жағдайында салық міндеттері бойынша нөлдік пайыздық мөлшерлеме түрінде (0%) жеңілдіктер алады, олар: корпоративті табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, қосылған құн салығы және кеден бажы.

Бүгінгі таңда АЭА қатысушы мәртебесін 12 компания алған.

АЭА қызмет ету кезеңінде инвесторлар шамамен 25,6 млрд. теңгеден астам сомада тікелей инвестициялар жасаған, олар бойынша қайтарым инфрақұрылым құрылысына салынған 1 (бір) теңгеден 1 теңге 05 тиынды құрайды.

Әрекеттегі жобалар – 15,9 млрд. теңге инвестиция көлемімен 588 жұмыс орнын құрумен 6 кәсіпорын:

«Бёмер Арматура» ЖШС - 2014 жылдың маусымында пайдалануға қабылданды, дөңгелек шүмек және тығын арматура өндірісі, салынған инвестициялар көлемі (өз қаражаты) – 3100 млн. теңге, жұмыс орындары - 50 адам;

«Изоплюс Центральная Азия» ЖШС – 2014 жылдың маусымында пайдалануға қабылданды, жылу оқшаулағыш құбырлар өндірісі, салынған инвестиция көлемі – 1900 млн. теңге, жұмыс орындары – 69 адам;

«Tau-KenTemir» ЖШС Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 2 қазандағы №95 Жарлығына сәйкес «Сарыарқа» АЭА аумағы «Tau-KenTemir» ЖШС Кремний зауытының аумағының субаймағын қосу есебінен кеңейтілген. Металлургиялық кремний өндірісі, салынған инвестициялар көлемі– 4415,6 млн. теңге, 370 жұмыс орындары құрылды;

«HyunwooСentralAsia» ЖШС – 2015 жылдың желтоқсанында пайдалануға қабылданды, жылу оқшаулағыш құбырлар және ППУ оқшауланған пішінді бұйымдар өндірісі, салынған инвестициялар көлемі 1414 млн. теңге, жұмыс орындар саны – 15 адам;

«Seven refractories Asia» ЖШС – 2017 жылдың маусымында пайдалануға қабылданды, отқа төзімді материалдар өндірісі, инвестиция көлемі (өз қаражаты) – 1706 млрн. теңге, 34 жұмыс орындары құрылған.

6) «Recycling Company» ЖШС (істен шыққан көлік құралдарының, арнайы техниканың және ауыл шаруашылығының қалдықтарынан шойын, болат, алюминий, түсті металдар қорытпаларының өндірісі), инвестициялар – 3394,6 млн. теңге, 50жұмыс орындар саны.

Өндірілген өнім көлемі 46,5 млрд. теңге.

Жүзеге асырылып жатқан жобалар – 6 жоба, 5,4 млрд. теңге инвестиция салынды.

1) «SteelManufacturing» ЖШС (патрон зауытының құрылысы) инвестиция көлемі – 27 300 млн. теңге, 164 жұмыс орындарын құру жоспарланған. Құрылыс – монтаж жұмыстары жүргізілуде.

2) «Өтеміс LTD» ЖШС (полимербетон құрылымдар өндірісі), жобаның құны – 1200 млн. тг., 128 жұмыс орындары құру жоспарланған. ЖСҚ әзірленген. Жоспарланған іске қосу мерзімі – 2016-2017 жыл. ЖСҚ әзірленді, құрылыс басталды.

3) «Завод ЭкоЛампа» ЖШС (ауладағы жарықдиодты шам – шырақтар өндірісі) инвестиция көлемі – 132 млн. тг., 10 жаңа жүмыс орындарын құру жоспарланған. Өндірістік үй-жайлар жөнделді. Жабдықтар сатып алынды. Жабдыққа монтаж және іске қосу – күйге келтіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорында 2 тәжірибелі үлгілер жасалды. Еуразиялық одақтың электротехникалық бұйымдар сәйкестігінің сертификаты алынды.

4) «Беркут» ЖШС (өнеркәсіптік жарылғыш заттар өндірісі бойынша зауыт) жобаның құны – 8100 млн теңге, 120 жұмыс орнын құрумен. Жобаны Yunnan Industrial Explosive Group Co тұлғасында қытай компаниясының қатысуымен жүзеге асыру жоспарланған. ЖМҚ әзірлене бастады.

5) «MTL-Ferroalloys» ЖШС (ферроқорытпа өндірісі), құны 402,5 млн. теңге, 90 жұмыс орнын құрумен. АЭА қатысушысы мәртебесі алынған, жер учаскесін ресімдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

6) «Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС (ферросиликоаллюминий өндірісі), жобаның құны – 83,7 млрд. тг., 1 145 жұмыс орындарын құру жоспарланған, жобаны «Sinosteel Jilin Electro-Mechanical Equipment Co., Ltd» қытай компаниясының қатысуымен жүзеге асыру жоспарланған.

 

 

6. Қазақстандық (жергілікті) қамтуды дамыту

Өңірдің ірі кәсіпорындарының шығын материалдары облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының бос қуаттылықтары есебінен импортты алмастыру мүмкіндігін және ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру үшін жолданды.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының тауар өндірушілерінің тізімі облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне еліміздегі жүйеқұрушы кәсіпорындардың және жер қойнауын пайдаланушы – компаниялардың мұқтаждықтары үшін қарағандылық тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді ұсыну мүмкіндігін қарастыру үшін жолданды.

Ұқсас жұмыс РҚ облыстарының тауар өндірушілерінің тізімімен жүргізіледі, олар өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру үшін жүйеқұрушы-кәсіпорындарға және жер қойнауын пайдаланушы компанияларға жолданады.

Қазақстандық қамтуды дамыту аясында 2017 жылдың наурызында Қарағанды облысының әкімдігі және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасында жалпы сомасы 52,4 млрд. теңгеге жергілікті қамтуды дамыту бойынша Меморандумға қол қойылды.

Бүгінгі таңда, олар бойынша орындалу 97,5 млрд. теңгені немесе 186% құрайды.

Жүйеқұрушы кәсіпорындармен ұқсас қол қоюлар 2015, 2016 жылдарда да ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, 2017 жылдың мамырында Қарағанды облысының әкімдігі мен өңір кәсіпорындары арасында жергілікті қамтуды дамыту бойынша нысаналы индикаторларды орнату бойынша келісімшарттарға қол қойылды, олар «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-мен тауарлар бойынша 28,8%-ға дейін (шикізатсыз), «Қазақмыс Холдинг» ЖШС-мен 22,8%-ға дейін (шикізатсыз), «Шұбаркөл көмір» АҚ-мен тауарлар бойынша 18,5%-ға дейін.

Бүгінгі таңда, 2017 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша орындалуы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ бойынша 32,2% (шикізатсыз), «Қазақмыс Холдинг» ЖШС бойынша 18,6% (шикізатсыз), «Шұбаркөл көмір» АҚ бойынша 12,0% құрайды.

Салалық және өңіраралық кооперация, қазақстандық қамтуды дамыту, лизингті дамыту есебінен әрекеттегі кәсіпорындардың жүктемесін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аясында бірқатар шаралар ұйымдастырылуда, атап айтқанда отандық тауар өндірушілердің қатысуымен басқа өңірлерге көшпелі іс-шаралар ұйымдастыру, басқа облыстардан делегациялардың Қарағанды облысына келуін ұйымдастыру, жүйеқұрушы кәсіпорындар мен өңір өндірушілері арасында меморандумдарға қол қою, ірі және орта бизнес өкілдерінің және басқалардың қатыусымен форумдар, келіссөз алаңшаларын ұйымдастыру.

Өңіраралық кооперация бойынша атқарылып жатқан жұмыстар 2017 жылдың маусымында Қазақстанның мұнай-газ салаларының инженерлік желілерінде отанды өндірушілердің өнімдерін қолдану мәселелерін қарастыру үшін «ТенгизШевройл» ЖШС (одан әрі ТШО), Карачаганак Петролиум Оперейтинг (одан әрі КПО), Норт Каспиан Оперейтинг Компани (одан әрі НКОК) сияқты мұнай-газ компанияларының «Сарыарқа» АЭА аумағына сапары ұйымдастырылды.

Осы іс-шара өткен жылы басталған мұнай-газ компаниялармен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша 2016 жылы басталған жұмыстардың жалғасы ретінде ұйымдастырылды, онда ТШО, КПО сияқты ірі мұнай-газ облыстың өнеркәсіптік әлеуеті өңірдегі шығарылатын тауаралардың номенклатурасы таныстырылды.

Сонымен қатар осы жұмыс аясында Батыс Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарына және Алматы қаласына Қарағанды облысының жалпы 70-тен астам кәсіпорындары қатысты, олар өз өнімдерінің 50-ден астам әлеуетті тапсырыс берушілерімен кездесіп, келіссөздер жүргізді.

Осы іс-шаралар аясында Қарағанды өңірінің тауар өндірушілері ҚР басқа облыстарының ұйымдарымен 2,6 млрд. теңге сомасында келісімшарт жасасты.

Қарағанды облысының әкімдігі кәсіпорындардың («АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Евразийская группа» ЖШС, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Казцинк» ЖШС) импортталатын тауарларының құрастырылған номенклатурасы негізінде өңірдегі отандық тауар өндірушілермен импортты алмастырушы өнім өндіру мүмкіндігін қарастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жүйқұрушы кәсіпорындардың осы номенклатурасы негізінде әрекеттегі өндірістерді жаңғырту арқылы импортты алмастыру мүмкіндігімен және бос қуаттылықтар есебінен импортты алмастыру мүмкіндігімен облыс кәсіпорындарының тізімі одан әрі қарастыру үшін құрастырылды.

Бүгінгі таңда, 8 компания жүйеқұрушы кәсіпорындары тауарларының импортын алмастыруға қызығушылық танытты.

Осы компаниялар бойынша ақпарат 2017 жылдың 29 маусымында ҚР ИДМ-не одан әрі егжей-тегжейлі қарастыру үшін жолданды.

Осы уақытта осы мәселені Қарағанды облысының әкімдігі ҚР ИДМ-мен бірлесіп пысықтауда.

 

 

7. Инновациялар. Технологиялық жаңғырту

Ірі тау кен-металлургиялық кәсіпорындарда жаңа технологияларды және цифрландыруды енгізу бойынша жұмыс жалғасуда.

2017 жылы облыстың жүйеқұрушы кәсіпорындарының өндірістерін жаңғыртуға және цифрландыруға шамамен 111 млрд. теңге инвестиция жасалды, ол 2016 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға артық.

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-де, «Шұбаркөл көмір» АҚ-да, «Жайрем ТКБК» АҚ-да техникалық жаңғырту бойынша жол карталары әзірленген, онда нақты қолданылатын шаралар мен күтілетін нәтижелер көрсетілген.

«Қазақмыс» компаниясында өндірістерді және техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді басқарудың ақпараттық жүйесі, кеніштерде телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды ұйымдастыру арқылы төртінші индустрия элементтері пысықталуда.

Нұрқазған байыту фабрикасын өнімділікті жылына 3,5 млн. тоннадан 4 млн. тоннаға дейін арттырумен және кеннен мыс алу 2%-ға дейін арттырумен (88%-дан 90%-ға дейін) қайта құру жалғасуда.

«Индустрия 4.0» жаңа тұжырымдамасы корпоративті ақпараттық-басқарушы жүйені (КАБЖ) енгізу кезінде жүзеге асырылады.

Жобаның пилоттық енгізу нысаны ретінде Жомарт кеніші анықталған.

Төмендегілерді енгізу жоспарланған:

- персонал мен көліктің орналасу жүйесін;

- өндіруді, сутөкпені, желдетуді ТҮБАЖ;

- жедел-диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ЖДБАЖ);

- тау кен-геологиялық ақпараттық жүйені.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да әрбір өңдеу деңгейіне қатысы бар MES-өндірістік үдерістерді басқару жүйесі әзірленген.

Жүйе келесі үдерістердің өндірістік операциялары мен ақпараттық қолдауды ақпараттандыруды қамтамасыз етеді: жедел жоспарлау, есеп жүргізу, өнім сапасы, жабдықты басқару және өнімділікті талдау.

Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру жаңа өнім түрлерін – құбырлар үшін Х60-70 болат маркаларын өндіруге және оның түйіршіктілігін төмендетуге, металдандырылған сүрекпен, голографиялық суретпен полимерлі қабатпен илектер өндіруге мүмкіндік береді.

«Шұбаркөл көмір» АҚ кәсіпорынды басқарудың біріктірілген жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жүйе жоспарлауды, қаржылық есеп жүргізуді, сатуды, өндіріс көлемін, жөндеу жұмыстарын, персоналды басқаруды, инвестициялық қызметті және логистиканы өзара байланыстырады.

2018 жылдан бастап «Ақылды карьер» - тау кен көлік (экскаваторлар, жүк тиегіш және үлкен жүкті өзі аударатын машиналар) кешенін (басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жоспарланған.

Кәсіпорында көмірді терең қайта өндеу бойынша жоба жүзеге асырылуда.

«Жайрем ТКБК» АҚ-да 2018 жылдан бастап қорғасын, мырыш концентраттарын алумен полиметалл кенін қайта өңдеу бойынша жоғары автоматтандырылған байыту фабрикасының құрылысын салу жоспарланған, жобалық қуаттылығы жылына 5 млн. тоннаға дейін, пайдалануға қабылдау мерзімі – 2020 жыл.

«Алтыналмас» кәсіпорны 2020 жылға дейін «Сандық кеніш» жобасын жүзеге асыру жоспарланған, бұл бизнес үдерістерді, ІТ жүйесін біріктіруді және басқарушы мақсаттар үшін нақты уақыт тәртібінде негізгі тиімділік көрсеткіштері бойынша деректерді алуды автоматтандыруға мүмкіндік береді.

«Мaker» ЖШС құю-машина жасау кәсіпорны өнім сапасы мен шығарылатын өнім көлемін арттырумен білдек паркін заманауи роботтандырылған жабдықтармен жаңартуда. 8,5 млрд. теңге сомасына 256 бірлік негізгі, қосалқы және өлшеу жабдығы жеткізілді.

Машина жасау өндірісін жаңғырту міндеттелген экономикалық көрсеткіштермен түсті металдарды өндіру, байыту және металлургия үшін қосалқы бөлшектерді, тораптарды және механизмдерді пысықтау мен әзірлеудің толық циклін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

АЭА аумағында жүзеге асырылып жатқан «Recycling Company» ЖШС көлік құралдарының қалдықтарынан түрлі металдар қорытпаларын шығарады.

Автомобильдерді кәдеге жарату бойынша технологияларды таңда және зауытта орнатылған Итальяндық жабдық цифрландыру мен Индустрия 4.0. талаптарына сәйкес келеді.

Барлық кешеннің жұмысын компьютер жүйесі бақылайды, ол ақаулықтар мен істен шыққан жағдайда жағдайда Ing.BONFIGLIOLI (Италия) компанияның диспетчерлік қызметімен интернет арқылы қосылып, оларды жою бойынша ұсыныстар бере алады. жүйе сонымен қатар кәсіпорын басшысына планшет пен смартфон көмегімен желінің жүйесін қашықтықта қадағалауға мүмкіндік береді.

Өңірде осы процесстерді ұйымдастыруға қабілетті жоғары білікті кадрлар бар.

Қарағанды мемлекеттік техникалық унивеситет облыстың тау кен секторын дамытудың басым бағыттарына сәйкес келетін «Робототехника. Басқару жүйелері» оқыту бағдарламасын әзірлеген.

Дата cоздания: 02 Наурыз 2018 12:01
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 25 Қыркүйек 2018 18:54
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы