жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 6°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Назад

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын 2017 жылы іске асыруы туралы ақпарат

 

2017 жылдың қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 246,5 млрд. теңгені құрады, ауыл шаруашылығының нақты көлем индексы 2016 жылдың сәйкес мерзіміне 101,6 % құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығында 102,2 млрд.теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 98,5 % құрады, мал шаруашылығы саласында – 143,7 млрд.теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 103,8 % құрады.

Ағымдағы жылы 135,7 мың тонна ет өндірілді, ол 2016 жылдың сәйкес мерзіміне 104,0 % құрады, сүт өндірісі 4,6 % (450,0 мың тонна), жұмыртқа өндірісі 1,2 % арттырылды (630,1 млн.дана).

ІҚМ басы 5,5 пайызға өсіп, 506,8 мың басты құрады, оның ішінде сиыр басы 3,6 пайызға өсті (277,5 мың бас), жылқы басы 6,4 пайызға өсті (280,7 мың бас),, шошқа басы 3,4 пайызға өсті (81,7 мың бас), құс басы 19,4 пайызға өсті (3783,6 мың бас.

 

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2142 мал басы сатылып алынды (аналық мал басы - 2041, өндіруші бұқа – 101 бас), жоспарға 107%, «Құлан» бағдарламасы бойынша 1144 бас жылқы малы (92%), «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1233 қой басы (62%) сатылып алынды.

2017 жылы 76 (жоспар бойынша 38 бірлік (200%) ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды, оның 43 АШК етті, 33 сүтті бағыттағы кооперативтер.

Анықтама:

Етті бағытта:Абай ауданы – 1, Ақтоғай ауданы – 4, Бұқар жырау ауданы – 7, Жаңаарқа ауданы – 3, Қарқаралы – 9, Нұра – 4, Осакаров – 3, Ұлытау – 6, Шет ауданы – 6

Сүтті бағытта: Абай ауданы – 3, Ақтоғай ауданы – 1, Бұқар жырау ауданы – 11, Жаңаарқа ауданы – 3, Қарқаралы – 2, Нұра – 4, Осакаров – 4, Ұлытау – 1, Шет ауданы – 4.

 

Екі жылда құрылған 93 АШК ішінен 46 АШК-нің құрал-жабдықтары бар немесе 49% (30 сүт қабылдау пункті, 16 мал сою алаңы).

Анықтама:

Абай ауданы – 4 АШК 4-де де бар (100%);

Ақтоғай ауданы – 5 АШК-нің 4 АШК-де (80%);

Бұқар жырау – 20 АШК-нің 5 АШК-де (25%);

Жаңаарқа ауданы – 7 АШК-нің 3 АШК-де (43%);

Қарқаралы ауданы – 12 АШК-нің 8 АШК-де (72%);

Нұра ауданы – 20 АШК-нің 13 АШК-де (65%);

Осакаров ауданы – 7 АШК-нің 1 АШК-де (14%);

Ұлытау ауданы - 7 АШК-нің 1 АШК-де (14%);

Шет ауданы – 11 АШК-нің 7 АШК-де (33%).

 

 

Жабдықтарды сатып алуға жалпы сомасы 244,3 млн. теңгеге барлығы 31 ауыл шаруашылығы кооперативі, 124,5 млн. теңгеге 23 сүт қабылдау пункттері несиеленген (Абай ауданы – 1, Бұқар Жырау – 3, Жаңаарқа – 2, Қарқаралы – 2, Нұра – 12, Осакаров – 1, Шет – 2);

6 мал сою пункті – 119,8 млн. теңге (Ақтоғай – 2, Қарқаралы – 1, Шет – 3);

2 сүт тасымалдау көлігі – (Абай ауданы – 1, Жаңаарқа - 1);

2 рефрижератор – (Жаңаарқа – 1, Қарқаралы - 1).

2017 жылы 7 ауданда құрылған 24 АШК-мен немесе 25% барлығы 1056 тонна сүт және 210 тонна ет өндірілді, жоспар бойынша 10 мың және тиісінше 1 мың тонна.

Өндірген сүтке 5 АШК 3,2 млн. теңге субсидия бөлінді:

ӘКК Қорғанжар– 131 810 теңге;

ӘКК Казгород Сүт – 21 910 теңге;

ӘКК Ақмешіт Сүт – 228 220 теңге;

ӘКК Арқа Сүті 2020 – 2 580 765 теңге;

ӘКК Тасшик Агро – 233 990 теңге.

9451 мал басы бар (жоспары 7397, немесе 124%) 903 мал бордақылау алаңы (жоспар бойынша 780, немесе 116%). 903 ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелерімен 2,4 млрд. теңгеге 11,1 мың мал басы сатылып алынды.

2018 жылға құрылатын АШК ұлғайту, сондай-ақ олардың жұмыс сапасын жақсарту, яғни өндірілетін өнімдер көлемін ұлғайту міндеті қойылады.

Анықтама:

Ағымдағы жылы барлық егістік алқабының көлемі 1121,9 мың гектар алқапты құрайды, оның ішініде – 794,7 мың гектар (бидай – 629,3 мың гектар, арпа – 141,2 мың га., сұлы – 15,3 мың гектар), бұршақ дақылдар – 6,3 мың га., тары – 2,6), майлы дақылдар – 15,1 мың гектар, картоп – 13,4 мың гектар, көкөністер – 2,8 мың гектар, жемшөптік дақылдар алқабы – 295,9 мың гектар.

Қажетті дәнді дақылдар алқабы ұлғайтылды, бидай алқабы 22,5 мың гектар, жемдік дақылдар 21,5 мың га.,бұршақ дақылдары 5,3 мың гектарға,майлы дақылдар 1,6 мың гектарға ұлғайтылды. Биылғы жылы 1160 гектар алқапқа жасымық отырғызылды.

 

2017 жылы 817,7 мың тонна бидай орылды, орташа өнімділік 10,5 ц/га құрайды, 322,5 мың тонна картоп және 101,9 мың көкөністер жиналды. Қамбаларға 86,9 мың тонна бидай құйылды, ол жоспарға 100% құрайды.

Жыл сайын пайдаланылмайтын жыртуға жарамды ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2017 жылы 2018 жылдың егістігіне облыс бойынша 49,1 мың гектар жыртуға жарамды жерлер айналымға енгізілді. Аудан әкімдіктерінің деректері бойынша 2018 жылы жаздық егіс облыс бойынша 890,8 мың гектарды құрайды, ол 2017 жылмен салыстырғанда 36,7 мың гектарды құраған немесе жыртылған жерлердің 71,3% пайдаланылған.

Облыста тағам өнеркәсібінің физикалық көлем индексі 2017 жылға 96,8 пайызды құрады, өнім өндірісінің көлемі – 109,6 млрд.теңгені құрады.

2017 жылғы АӨК саласын мемлкеттік қолдау 14633,5 млн.теңгені құрап отыр, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы саласы бойынша – 2830,2 млн.теңге мал шаруашылығы саласында – 4975,9 млн.теңге, (инвестициялық субсидиялау, қайта өңдеу) - 6827,4 млн.теңге, оның ішінде инвестициялық салым кезінде агроөнеркәсіп кешені субъектісімен кеткен шығындардың бір бөлігін өтеу – 5460,2 млн.теңге, агроөнеркәсіп кешені саласында дайындау кәсіпорындарына қосылған салық құнын субсидиялау - 57,6 млн.теңге, агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржылық сауықтыру бойынша бағыт аясында несиелік және лизингтік міндеттемелерді субсидиялау – 308,4 млн.теңге, несие, технологиялық жабдықтар және ауыл шаруашылығы техникасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау – 938,9 млн.теңге, қайта өңдеу кәсіпорындарының тереңдете өңдеуге өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды субсидиялау – 61,3 млн.теңге.

2017 жылдың қорытындысы бойынша «КазАгроҰБХ» АҚ-ның интитуттары арқылы 11,0 млрд.теңге игерілді (1960 жоба).

Жыл қорытындысы бойынша қалалық және аудандық әкімдіктердің деректері бойынша 507 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, онда нарық бағасынан төмен 3,07 млрд.теңгеге өнім сатылды.

АӨК саласында жалпы құны 57,6 млрд.теңгені құрайтын 55 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, 1081 жұмыс орны ашылады.

Оның ішінде:

445 жұмыс орнын ашумен жалпы сомасы 27 млрд.969 млн.теңгені құрайтын кәсіпкерлікті қолдау картасына 3 жоба енгізілді.

«КазАгроҰБХ» АҚ арқылы 42 жұмыс орнын ашумен 3,млрд.236 млн..теңгеге 2 жоба жүзеге асырылуда.

Индустриялизацияндыру тыс және кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс 399 жұмыс орнының ашылуымен 8млрд.578 млн.теңгеге 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Шет елдік инвесторлардың қатысуымен 120 жаңа жұмыс орнының ашылуымен 17 млрд.817 млн.теңгеге 1 жоба. «Өркендеу» ЖШС-нің базасында «Гибридтік асыл тұқымды орталығын құру» жобасы.

 

2017 жылы АӨК-де жалпы құны 2 845,3 млн. теңгені құрайтын 22 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде:

1.Кәсіпкерлікті қолдау Картасынан:

Абай ауданы «Волынка» ЖШС – 900 млн.теңге (шұжық цехын салу).

2. «КазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қатысуымен:

«Евразиан Инвест ЛТД» ЖШС Осакаров ауданы – 1 135 млн.теңге (Сублимациялық тәсілмен бие сүтінен құрғақ ұнтақ шығару).

2018 жылы ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы көлемін 255 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланып отыр, НКИ 102 пайызды құрайды.

2018 жылы 138,8 мың тонна (2,3%) ет, 460,0 мың тонна сүт (2,2%), 649 млн.дана жұмыртқа (3,0%), 686,8 мың тонна бидай (2,0%), 329 мың тонна картоп (2 %) және 103,6 мың тонна көкөністер (1,7%) өндіру жоспарланып отыр.

2018 жылы дәнді-дақылдар алқабын 816,4 мың гектарға (3,9%), ауыл шаруашылығында картоп алқаптарын 9060 гектарға (8,2%), көкөністер 1636 га. (16,8%), майлы дақылдар 18,8 мың га. (24,3%), бір жылдық шөптер 18,6 мың га. (74,9%), көп жылдық шөптер 35,2 мың га. (37,3%).

2018 жылы ІҚМ басы 3% арттырылып, 522,0 мың басты құрайды, қой мен ешкі 1% (942,3 мың бас), жылқы басы 4% (291,9 мың бас), шошқа басы 2% (83,2 мың бас), құс басы 2% (3859,0 мың бас).

Дата cоздания: 02 Наурыз 2018 16:51
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 25 Қыркүйек 2018 18:52
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы