жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 21°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Назад

Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы

 

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы №10/04 қаулысымен Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары бекітілді. Облыстық жоспар негізінде 3 жылдық жоспарларды барлық қала, аудан әкімдіктері де бекітті.

Жергілікті атқарушы органның 2017 жылғы қызметі Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға, соның ішінде мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесін арттыру, өңірде үштілділікті дамыту, ономастикалық кеңістікті реттеу, көрнекі ақпарат тілін біріздендіру, латын әліпбиіне көшу жұмыстарын ұйымдастыру мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға бағытталды.

Аталмыш міндеттерді іске асыруға 2017 жылы облыстық бюджеттен 70 млн 198,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Облысқа қарасты қала-аудандарға тіл саясатын жүзеге асыруға 68 млн 634,5 мың теңге бөлу жоспарланғанымен (2017-2019 жылға арналған жоспарларына сәйкес), облыс әкімі орынбасарының үштілділік саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік және ағылшын тілі курстарының санын арттыру, ономастика бағытындағы жұмысты жандандыру қажеттілігі туралы тапсырмаларына сәйкес жоспарлы қаржы көлемі ұлғайтылды. Жергілікті бюджеттерден барлығы 179 млн 561,773 мың теңге бөлінді және 100% игерілді.

Мемлекеттік тілге оқыту жұмысы облыстың 13 өңірінде орналасқан 6 оқыту орталықтары мен 8 оқыту курстарында жүзеге асырылып, жыл басынан 2 мың адам оқытылды (жоспар - 1943 адам, 57 адамға артығымен оқытылды). Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 10,2 пайызға жоғары (2016 жылы 1796 адам оқытылды).

Ағылшын тіліне оқыту 6 орталық және 13 курста ұйымдастырылған. 2016 жылмен салыстырғанда ағылшын тілі курстарының саны 8 бірлікке артып, 2017 жылдан бастап оқыту жұмысы облыстың 18 өңірінде жүргізілді. 2017 жылы 1304 адам оқытылды (жоспар - 1164 адам, 140 адамға артық оқытылды), бұл 2016 жылмен салыстырғанда 31,4%-ға жоғары (2016 жылы – 894).

2013 жылдан 2017 жылға дейін Қазтест жүйесі бойынша тестілеумен жалпы 17 мыңға жуық адам қамтылып, 16 мың 543 адам өз деңгейлерін дәлелдеді. 2017 жылы тестілеумен 4619 адам қамтылды (4585-і деңгейлерін дәлелдеді).

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия отырыстары өткізіліп, Қарағанды облысының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдары тарапынан тіл заңнамасының сақталуы мен Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы мәселелер қаралды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі 89,5% (2016 жыл – 89,2%) құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға жоғары.

Мемлекеттік тілді, үштілділік саясатын және мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру мәселелерін насихаттау мақсатында құрылған, құрамында қоғам қайраткерлері, лингвист ғалымдар, бірнеше тіл меңгерген жастар бар ақпараттық-насихат топтары өңірлерге барып, облыс тұрғындарының түрлі топтарымен кездесулер өткізді.

Облыс тұрғындарының тілдік мәдениеттерін арттыру мақсатында «Дүниеге келер әлі талай Қасым» мүшәйрасы, Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылар, көсемсөз шеберлерінің әдеби-шығармашылық байқауы, «Тілдарын», «Абай оқулары» байқаулары өткізілді. Сонымен қатар, Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған «Ұлттық руханият және Қаз дауысты Қазыбек би мұрасы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтіп, Әсет Найманбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған монография жарық көрді. Этно-мәдени бірлестіктер жанындағы оқыту курстарының оқытушылары үшін «Мемлекеттік тілді және ана тілдерін оқытудың өзекті мәселелері» семинары ұйымдастырылды.

Басқарманың тапсырысымен шығарылған қазақ тілін оқыту бойынша «Сарыарқа-2» оқу-әдістемелік кешені республика аумағындағы үздік құралдардың бірі ретінде танылды.

Тіл заңнамасы талаптарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған рейд шараларымен облыстағы 8 мыңнан аса көрнекі ақпараттар мен сыртқы жарнамалардың 1982 бірлігі (25%) қамтылып, 539 кемшілік анықталды және бүгінгі күнге дейін олардың 452-сі (84%) түзетілді.

Мемлекеттік бағдарламада айқындалған нысаналы индикаторлардың бірі – «Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі» облыс бойынша 62%-ды құрап, жоспарлы межеге қол жеткізілді. Мемлекеттік баспа БАҚ-ты қолдауға жалпы 417 млн 847 мың теңге бөлінсе, 248 млн 848 мыңы қазақ тіліндегі материалдарды жариялауға бағытталып, мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың үлесі 60%-ды құрады.

Жалпы, жыл бойында әзірлеген медиа-жоспар аясында БАҚ-та 1300-ге тарта материал жарияланып, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайған.

Мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру мәселесін талқылау аясында 12 қыркүйек пен 31 желтоқан аралығында 1387 шара өткізіліп, 4240 материал жарық көрді (276 сюжет, 17 телебағдарлама, 715 мақала, 583 интернет жарияланымдар және әлеуметтік желілерде 2649 материал).

2017 жылы ономастикалық комиссиялармен идеологиялық ескірген елді-мекендер мен көшелерді қайта атау бойынша 210 ұсыныс қолдау тапты (7 елді-мекен, 11 шағын аудан, 189 көше және 3 объект).

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулардың үлесі 2016 жылмен салыстырғанда: елді мекендер бойынша 10%-дан 9%-ға, құрамдас бөліктер бойынша 35%-дан 30%-ға азайды.

Дата cоздания: 02 Наурыз 2018 16:55
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 25 Қыркүйек 2018 18:49
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы