жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 21°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Назад

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жергілікті атқарушы органдар үшін 4 мақсатты көрсеткішке, 14 тапсырмаға және 27 көрсеткішке қол жеткізу қарастырылған.

Бағдарламаны іске асыруға 2017 жылы 23 млрд. теңге бөлінген, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 6,5 млрд. теңгеге көп. Бюджеттің орындалуы 99,9% құрайды. 2018 жылы 27 млрд.теңге қаржыландыру қарастырылған. 2017 жылы бағдарламаның барлық көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

 

Мектепке дейінгі білім беру 3 мыңнан астам орын ашылды, бұл 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың қамтуын 98,5% жеткізуге мүмкіндік берді, республикалық жоспарда 87,3% құрайды.

 

Орта білім беру

Апатты және үш ауысымдылық мәселесін шешу үшін Қарағанды, Теміртау қалалары мен Ұлытау және Ақтоғай аудандарында 5 мектеп құрылысы салынуда.

Білім беру барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданатын мектептер үлесі 100% құрайды, республикалық жоспарда 50%.

Бір компьютерге келетін оқушылар саны 5,4-тен 5-ке дейін, ескірген компьютерлік техника 9,6-дан 5%-дейін қысқарды. Кең жолақты ғаламторға қосылу көрсеткіші 82-ден 92% дейін өсті.

Жаңа модификациялы кабинеттермен қамтамасыз ету 64-тен 69% өсті.

2017 жылы оқулықтармен қамтамасыз ету 100% құрады.

«Білім беретін роботты техника» жобасын енгізу. Өткен жылы роботты техника зертханалары 47-ден 200 бірлікке өскеніне қарамастан.

Қосымша білім берумен 55,6% мектеп оқушылары қамтамасыз етілген, облыстық жоспардағы көрсеткіштің аса орындалғанына қарамастан (28,8%), бұл көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 10,2% төмен (65,8%).

Саяхатшылар, натуралисттер станциясы мен техникалық шығармашылықты дамыту бойынша станцияны ашу бойынша аймақтарда жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Техникалық шығармашылық станциясы Саранда, натуралисттер станциясы-Қарағандыда жұмыс жасайды. Өткен жылы облыста бірінші рет Қарқаралыда жас саяхатшылар станциясы ашылды.

Оқушылардың бойында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру үшін мектептердің спорттық инвентармен және жабдықпен қамтамасыз етілуіне үлкен мән беріледі. Облыс бойынша бұл көрсеткіш 62,2% құрайды.

Бағдарламаның басты міндеттерінің бірі - мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру және олардың құрамын сапалы ету.

Облыста 19 859 мұғалім жұмыс жасайды, оның 53% жоғарғы және бірінші санатқа ие.

Жас мамандардың үлесі 5,9% құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен 2,9% жоғары.

Жаңа бағдарламалар бойынша мектептердің 51,4% астам мұғалімдер курстық дайындықтан және жаратылыстану-математикалық циклдің 38,5% мұғалімдері - тілдік курстардан өтті.

Педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі өзекті мәселе болып табылады, бүгінгі таңда 731 адамды құрайды.

Аталған мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға жас мамандарды тарту және оларды бекіту үшін жағдай жасау бойынша іс-шара қабылдау қажет.

 

Техникалық және кәсіби білім беру

Осы көрсеткішпен 18,4% 4-тен 24 жасқа дейінгі типтік жас қамтамасыз етілген, бұл республикалық көрсеткіштен 1,4% жоғары.

Бірінші жылы колледжі аяқтаған соң жұмысқа орналасқан студенттер саны 95,6 құрайды, бұл республикалық жоспарлы көрсеткіште 92.

Кадрларды сапалы дайындау мен қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 19,5% мемлекеттік колледждер аккредитациядан өтті, ҚР жоспары бойынша -7%.

Дуальды оқыту жүйесін енгізген колледждер саны 33-тен 40-қа өсті және техникалық және ауылшарушылық колледждерінің жалпы санынан 70% құрады, бұл республикалық көрсеткіш деңгейіне сәйкес келеді.

 

Бағдарламаны 2018 жылы сәтті іске асыру үшін біз білім сапасын көтеруге бағытталған, келесі тапсырмаларды жүзеге асыруды жоспарладық:

- жаңартылған мазмұнда білім беру;

- білім беруді цифровизациялау:

- жекеменшік инвестицияларды білім беру саласына тарту;

- апатты және үш ауысымды мектептерді жою;

- қосымша білім беру жүйесін дамыту;

- бәсекеге қабілетті техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қалыптастыру.

Дата cоздания: 02 Наурыз 2018 16:52
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 25 Қыркүйек 2018 18:47
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы