жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 21°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

Назад

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 9209,3 млн.теңгеге 148 іс-шара жүзеге асырылды. Қаражат шағын және моноқалаларды дамытуға, жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдауды қамтамасыз етуге, «Ауылға дипломмен» бағдарламасын іске асыруға, жылу, электр, сумен жабдықтау желілерін дамытуға бағытталған.
2017 жылы Қарқаралы және Приозерск шағын қалаларын дамыту үшін 6 жобаны іске асыруға 448,6 млн.теңге бөлінді (НТ РБ - 276,8 млн.теңге, ОБ - 171,8 млн.теңге). Приозерск қаласында 260,5 млн.теңгеге 5 жоба жүзеге асырылды: 3 тұрғын үйге ағын суларды тазарту құрылыстары, канализация жүйелерін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу. Қарқаралы қаласында тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу.
Моноқалаларды дамытуға Сәтпаев қаласында 6 жобаны іске асыруға 1 328,5 млн.теңге бөлінді.
- Сәтбаев қ. №6 ықшамауданындағы 25 бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік желілерді салу - 628,3 млн. теңге;
- 6-ықшамауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және ұйымдастыру - 111,2 млн. теңге;
- №6 ықшамауданындағы 15 бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік желілерді салу - 68 млн. теңге;
- №8 ықшамауданындағы 107 тұрғын үйге желіаралық және ішкі инженерлік желілерді салу - 499,8 млн. теңге;
- 6 және 8 ықшамаудандарында магистральды жылу желісін салу - 0,1 млн. теңге;
- №8 ықшамауданының сыртқы электрмен жабдықталуы - 21,1 млн.теңге.
«Ауылға дипломмен» жобасы аясында 183 әлеуметтік және агроөнеркәсіп секторының мамандарына тұрғын үй алу үшін 597,7 млн.теңгеге бюджеттік кредит берілді (білім беру қызметкеріне - 98, денсаулық сақтауға - 52, мәдениетке - 13, спортқа - 4, агроөнеркәсіптік кешен үшін - 16).
Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау аясында 137,3 млн.теңге сомасында қаражат 105 жобаны (мектептерді, клубтарды, сумен жабдықтау жүйелерін, ауылдық жолдарды жөндеу, көгалдандыру, балалар мен спорт алаңдарын салу) іске асыру шешімі қабылданды. 104 ауыл тұрғындары қамтылған.
Өңірлерді дамытудың бағдарламасы шеңберінде жылу, электр, сумен жабдықтау желілерін дамыту үшін 31 жобаны іске асыруға 6 697,2 млн. теңге бөлінді.
Өңірлік даму бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру өңірдегі бірқатар проблемалық мәселелерді шешуге, аумақтық дамуды жақсартуға, инженерлік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға, ауыз сумен, су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуді және ауылдарды дамытуды, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Дата cоздания: 27 Ақпан 2018 11:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 25 Қыркүйек 2018 18:58
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы