жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 28°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған

Назад

Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында 7 жоба бойынша 6,9 млрд.теңге игерілді.
«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағытына 4 жобаны жүзеге асыруға 2,3 млрд.теңге бөлінді.
Бір жоба аяқталған – бұл Қарағанды қ. көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 250 орындық мектеп-интернат.
Қалған 3 мектептің құрылысы жүзеге асырылу барысында (Қарағанды қ. Панель Центр ы.а. 1200 орындық жалпы бідім беру мектебі; Ақтоғай ауданының Сарышаған ауылындағы 464 орындық мектеп; Теміртау қ. 600 орындық мектеп). Құрылыстардың аяқталуы 2018 жылға жоспарланған.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және сумен, жылумен жабдықтау желілері инфрақұрылымын жаңғырту» бағыты бойынша 3 жобаны жүзеге асыруға 4,9 млрд.теңге бөлінді.
Жылу желілері бойынша 2 жоба аяқталды (Абай ауданының «Бамовская» сорғы станциясынан ТК-14 дейін магистральді жылу желілері учаскесін қайта құру және Қарағанды қ. ТК-27 ЮВ-дан ТК-32 ЮВ-қа дейін жылу желілерін қайта құру), бұл шамамен 25 мың тұтынушыларды жылумен жабдықтау сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Қарағанды қ. кәріз жүйелерін қайта құру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. 2017 жылы освоено 3,5 млрд.теңге (100%) игерілді. Нысанды қосу мерзімі – 2018 жылғы желтоқсан.
«Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізін қайта құру жалғасуда. Ұзындығы 93 км Анар-Теміртау учаскесі аяқталып, пайдалануға берілді.

Дата cоздания: 27 Ақпан 2018 10:59
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 25 Қыркүйек 2018 18:46
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы