жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 21°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

2016 жыл бойынша

Назад

2016 жылға арналған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы ақпарат

2016 жылы Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың аясында 68,9 млрд. теңге сомасында қаражат игерілді.

«Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарлама бойынша 23 жобаныжүзеге асыруға 10,9 млрд.теңге бөлінді (Ұлттық қор - 10,5 млрд.теңге, облыстық бюджет - 0,4 млрд.теңге).
Бағыттар бөлінісінде:
«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға» 2,9 млрд.теңге 4 білім беру нысандарын жүзеге асыруға бөлінді.
3 нысан пайдалануға берілді.
Бұл – Қарағанды қаласындағы 320 орынды балабақша, Сәтбаев қаласындағы 600 оқушыға арналған мектеп және Қарағанды қаласындағы 1200 оқушыға арналған мектеп.
Жобаларды жүзеге асыру облыстық орталықтағы ішінара және Сәтбаев қаласындағы үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.
Қарағанды қаласында 250 орынды көру қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернатының құрылысы жалғасуда.
«Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша 12 жобаны іске асыруға 3,4 млрд. теңге бөлінді.
Осы бағыт шеңберінде «Байтерек девелопмент» АҚ қаражатын тарту жолымен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен Қарағанды қаласында «Панель Центр» №1,2,3 шағын ауданында несиелік үйлер құрылысы жүргізілуде. Несиелік тұрғын үйдің құрылысы 17 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (336 пәтер).
«Жылу және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту қарқынын жеделдету» бағыты бойынша 4 жобаны жүзеге асыруға 3,3 млрд.теңге бөлінді.
Қарағанды қаласы Оңтүстік-Шығыс тұрғын ауданының жылу желісін қайта жаңарту жобасы іске асырылды, 1000 метрлік желі қайта қалпына келтірілді. Халыққа көрсетілетін қызметтің сапасы жақсарылды.
Қарағанды қаласының су құбырын қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, 4145 метрлік желі қайта қалпына келтірілді. Бұл жылу жоғалтудың жылына 5,1 мың Гкал төмендеуге мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылы Саран қаласындағы қазандық және Қарағанды қаласындағы кәріз коллекторының құрылысы жалғастырылатын болады.
«Индустриалдық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша «Ермеков көшесінен «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС дейінгі жылу желілерінің құрылысы» жобасы жүзеге асырылды.

«Білім және ғылымды дамыту» Мемлекеттік бағдарламасы.
2016 жылы шілдеде Абай ауданының Құрма кентінде мектепті пайдалануға берді, Ұлытау ауданында жаңа мектептің құрылысы аяқталуда. Апатты жағдайдағы мектептердің үлесі 0,5-тен 0,4%-ға дейін төмендеді.
Қарағанды қаласындағы 1200 орынды және Сәтбаев қаласындағы 600 орынды мектептің құрылысы аяқталды, үш ауысымды оқыту ішінара жойылды.
Пайдалануға тағы 7 білім беру нысаны берілді.
Бұл – Бұқар жырау, Жаңаарқа аудандарындағы мектептер, Қарағанды, Балқаш, Абай қалаларындағы, Ұлытау ауданының Жезді кентіндегі, Бұқар жырау ауданының Ботақара кентіндегі балабақшалар және тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатына жапсаржай.
Облыста мектепке дейінгі білім беру 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 87,6%-ын, 3 жастан 6 жасқа дейінгілердің 98%-ын қамтыған. 2015 жылмен салыстырғанда, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 0,5%-ға өсті. Бұл жеке секторды дамыту, жаңа нысандарды енгізу, қолда бар ғимараттарды қайта құру, жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту есебінен қол жеткізілді. 2016 жыл бойынша 2600 орынға арналған жаңа 18 мектепке дейінгі ұйымдар ашылды, оның ішінде, жеке инвестициялар есебінен - 1500 орынға арналған 13 ұйым.
Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бірқатар инновациялық жобалар бойынша біздің облысымыз республикалық тірек алаңы болып анықталды. Соның ішінде, электронды мектеп, білім беру робототехникасы, үш тұғырлы тілді және инклюзивті білім беру.
Саналы түрде таңдалған мамандыққа ынталандыруды арттыру үшін біздің облыста 2012 жылдан бастап өзіне кәсіби сынамалар әдістемесін қамтитын, ерте бейіндеу негізінде үздіксіз кәсіби білім беру моделін енгізу жүзеге асырылады.
Дуальды оқытуды енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы оқу түрін енгізетін колледждер саны соңғы жылдары 7-ден 31-ге дейін көбейді.

«Денсаулық» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде халықты иммунизациялау іс-шаралар жүргізіледі, тегін медициналық көмектің кепілденген көлем аясында халықты дәрілік препараттармен қамтамасыз ету, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мінез-құлықтық тәуекел факторларын алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізіледі, Ұлттық скринингтік бағдарламаны дамытуды қамтамасыз ету. 2016 жылдың басынан бастап туберкулезбен ауыратындардың саны 21,6%-ға, туберкулезден қайтыс болғандардың саны 3,8%-ға азайды. Халықтың жалпы өлім-жітімі 1,9% - ға төмендеді.

«Агробизнес 2020» үкіметтік бағдарламасын жүзеге асыруға 10,4 млрд.теңге бөлінген.
Өсімдік шаруашылығын дамытуға – 2,2 млрд. теңге.
Мал шаруашылығы саласына 6,1 млрд. теңге бөлінді: етті ірі қара саны - 64 136 бас, сүтті малды субсидиялау саны 31 000 бас/тонна, етті құсты субсидиялау саны - 1 978 тонна, құс жұмыртқасын субсидиялау саны - 154 284 мың дана, қой шаруашылығын субсидиялау - 131 650 бас/тонна, жылқы шаруашылығын субсидиялау - 1 656 тонна/бас, шошқа - 1 531 тонна.
217 жоба субсидияланды, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге 87,4 млн. теңге, сыйақы ставкасын субсидиялауға – 408,1 млн. теңге игерілді.

«2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» үкіметтік бағдарламасын жүзеге асырудың аясында 2016 жылдың қорытындысы бойынша 340,8 мың ш.м. тұрғын үйді пайдалануға берді. Бұл 2015 жылға 106,3%-ды құрады. Іске қосудың негізгі көлемі жеке тұрғын үйге тиесілі (132,9 мың м2), коммерциялық (121,8 мың м2) және 25,3% - мемлекеттік сектордың тұрғын үйіне (83,3 мың м2).

Моноқаларды дамытуға 2016 жылы облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруды ескере отырып, республикалық бюджеттен 6 жобаны жүзеге асыруға 1 млрд. 588,8 млн. теңге бөлінді (құлау аймағына түскен тұрғындарға арналған салынып жатқан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы, Сәтбаев қ. - 1 млрд.304,9 млн.теңге, Шахтинск қ. күл-қоқыс үйіндісінің құрылысы - 107,8 млн.теңге, Саяқ к. жылумен жабдықтауды жаңғырту - 176,1 млн.теңге).
Қаражат мынадай іс-шараларға бағытталды:
- 392,2 млн. теңгеге Сәтбаев қ. №6 шағын ауданында 15 түрлі 5 қабатты көп пәтерлі үйге тартылған 19,69 км инженерлік желілер салынған (30.11.2016 жылғы қабылдау комиссиясының актісі);
- 166,5 млн. теңгеге Сәтбаев қ. 6 - шағын ауданында 16,5 км инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды пайдалануға берді (30.11.2016 жылғы қабылдау комиссиясының актісі);
- 745,2 млн. теңгеге Сәтбаев қ. 6 және 8 тұрғын шағын аудандарына салынып жатқан 1406,5 өлшем метр магистральдық жылу желісі салынған;
- 1 млн.теңгеге Сәтбаев қ. №6 шағын ауданында 25 түрлі 5 қабатты көп пәтерлі үйге тартылған инженерлік желілердің құрылысы басталып кетті;
- 107,8 млн.теңгеге "Шахтинской ТЭЦ" АҚ жаңа күл-қоқыс үйіндісінің құрылысы аяқталды (пайдалануға берілген объктіні қабылдау туралы мемлекеттік комиссияның актісі жоқ);
- 176,1 млн.теңгеге Балқаш қ. Саяқ к. 4,7 км жылу желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, 2016 жылы 7 жобаның аяқталуына және сумен жабдықтау жобалары бойынша 21 жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастау барлық көздерден 1,6 млрд. теңге қарастырылған (РБ – 1,1 млрд. теңге, ОБ – 0,5 млрд. теңге).
- «2 Зона» сорғы станциясынан бастап Гүлдер шағын ауданына дейінгі су құбыры, ұзындығы 9 км, диаметрі 630 мм;
- ВОС-тан бастан «2 Зона» сорғы станциясына дейінгі №3 су құбырын жаңарту;
- Сұрыптау кентінде ішкі кварталдық су құбыры желілерін қайта жаңарту;
- Қарағанды қ. Сұрыптау к. КНС-10-нан бастап Бородин, Герцен көшелері бойынша арынды кәріз коллекторының құрылысы;
- Приозерск қ. тазалау құрылғыларын қайта жөндеу;
- Ұлытау ауданының Егінді с. су құбыры желілерін қайта жаңарту
- Ұлытау-Саламат с. Иманжанов к-сі су құбырын жаңарту.
Жыл қорытындысы бойынша 3 жобаны жүзеге асыру аяқталды: Сұрыптау кентінде ішкі кварталдық су құбыры желілерін қайта жаңарту; Қарағанды қ. Сұрыптау к. КНС-10-нан бастап Бородин, Герцен көшелері бойынша арынды кәріз коллекторының құрылысы.
Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік қалалар бойынша 85,3%-ды құрайды. Жүргізілген жұмыстар сумен жабдықтау, су құбырлары желілеріндегі авариялардың санын азайту, тасымалдау кезіндегі судың ысырабын қысқарту бойынша халыққа сапалы қызметтерді ұсынуды жақсартуға мүмкіндік берді.
Ұлытау ауданының Егінді селосында аудандық бюджет есебінен ұзындығы 7,58 км. су құбыры желілерін пайдалануға беруді енгізіп, салынды. Село тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді. Су құбыры желілері тікелей үйде шығарылды.
Нәтижесінде, бүгінгі таңда орталықтандырылған сумен жабдықтауға 226 ауылдық елді мекендер немесе 53,6%-ы қол жеткізді, яғни жалпы санынан жартысынан астамы.
Жергілікті өзін-өзі басқару қаржылық қолдау шеңберінде 2016 жылы 220,1 млн. теңге жіберілді. Қаражат әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жөндеуге, абаттандыруға, кентішілік жолдарды жөндеуге, балалар және спорт алаңдарын орнатуға бағытталды және т.б.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» үкіметтік бағдарламасын жүзеге асырудың аясында «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 5746 жұмыс орны құрылған инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда, 3016 адам Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды.
«Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» екінші бағыты бойынша 665 микрокредит берілді.
«Жұмысқа орналастыруды оқыту арқылы жәрдемдесу және жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде қоныс аудару» үшінші бағыты бойынша 1192 адам кәсіби оқытуға және жұмыс істейтін жастардан 297 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1021 адам, жастар тәжірибесіне - 858 адам бағытталды, айырылып қалған табыстан 2/3 уақытша субсидиялау жүргізеді - 56 адам.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Біріңғай бағдарламасы бойынша жыл басынан бастап 26,6 млрд. теңге сомасында 262 жоба мақұлданды.
Кредит бойынша сыйақыны субсидиялауға 25,9 млрд.теңге сомасында 201 жоба мақұлданды.
Ішінара несиені кепілдендіру бойынша - 723,7 млн. теңге сомасында 44 жоба;
Гранттық қаржыландыру бойынша - 40 млн. теңге сомасында 17 жоба.
Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 247,5 млн. теңгеге 52 микрокредит берілді.
Нәтижесінде облыс кәсіпорындарында 9989 орын сақталып, 1120 жаңа жұмыс орны құрылды, бюджет кірісіне 18,6 млрд. теңге салықтық төлемдер түсті.

Дата cоздания: 02 Наурыз 2017 09:26
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 02 Наурыз 2017 09:27
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы