жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -9°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы

Назад

Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қол жетімді және сапалы білім беруді дамытуға жіберілді.
Аталған мәселенің шешу үшін Қарағанды және Сәтпаев қалаларында мектеп құрылысын бастауға Ұлттық қордан 900 млн. теңге сома бөлінді: Қарағанды қаласы - 1200 орынды жалпы білім беру мектебі – 700 млн теңге, Сәтпаев қаласы – 600 орынды, 200 млн теңге. Құрылыс жұмыстары жұргізіліп жатыр.
Апатты мектептерді жою бойынша жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылдың желтоқсанында Ұлытау ауданында 80 орынға арналған мектепті пайдалануға енгізу жоспарлануда. 2016 жылы Абай ауданының Құрма селосындағы мектепті ашу жоспарлануда.
Білім беру саласында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту 87%-ға жетті.
Мектепке дейінгі ұйымдардың саны жыл сайын ұлғайуда, қазіргі күні 508 бірлікті құрайды.
Тегін тамақтандырумен 15 355 оқушы қамтылған (8,6%), оның ішінде 14 760 бала аз қамтылған отбасылардан.
Жөндеу жұмыстары жалпы сомасы 1 млрд. 350 млн. теңгеге 89 білім беру ұйымдарында жүргізілген.
Облыстың компьютерлік паркі 33 мыңнан астам бірлікті құрайды, 2014 жылды ңұқсас кезеңіне салыстырғанда 2 мың компьютерге көбейді.
Жаңа формациялы педагогты қалыптастыру үшін 2012 жылдан бастап, үш деңгейлі бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстары жүргізілуде. 3 123 педагог өз біліктілігін жоғарлатты.
Дуалдық білім беру жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Соңғы жылдарға жүйе бойынша жұмыс жасайтын колледждердің саны 17-ден 29-ға дейін ұлғайды және жалпы білім беру орындарының санынан 40%-ды құрайды.

Дата cоздания: 10 Қараша 2015 13:47
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 10 Қараша 2015 13:47
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы